Жаңалықтар
ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУДА СЕРПІН БЕРЕДІ
- Қаралды: 60
Қазіргі ақпараттық технологиялар әлемінде цифрлық сауаттылық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Себебі осы технологияны қолдану халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашып отыр. Цифрлық сауаттылықты игеру әсіресе еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға және инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Цифрлық сауаттылықты оқыту білім беру бағдарламаларының бір бөлігіне айналды. Өйткені бұл адамзаттың цифрлық әлемнің сын-қатерлеріне төтеп беруге, олардың жеке және кәсіби өмірлерінде табысқа жетуіне көмектеседі.
Әуезов атындағы ОҚУ-да профессор-оқытушыла құрамының цифрлық сауаттылық бойынша кәсіби құзіреттілігін арттыру және болашақ мамандар даярлау сапасын жақсарту мақсатында Қосымша білім беру орталығы көптеген іс-шараларды атқаруда. Осы кезеңге дейін университеттің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарындағы цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейресми білім беру бағдарламалары бойынша іс-шараларды орындау мақсатында «Цифрлық сауаттылық және онлайн оқытудың әдістемесі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы 3 кезеңде ұйымдастырылып, барлығы 224 оқытушы біліктілігін арттырды.
Осы үрдіс биылғы оқу жылында да жалғасын тауып отыр. 2024 жылдың 21 қазаны мен 1 қараша аралығында аталған курстың осы оқу жылындағы 1-ші легі ұйымдастырылып, 50 оқытушы біліктілігін арттырды. Курс барысында оқытушылар құрамы: университетті басқарудың интеграцияланған (ИСВУЗ) жүйесіне кіру және басқа да баптаулар; бекітілген пәндер бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесін (ГВСЗ) жасау; рейтинг; емтихан сұрақтары бойынша валидация жасау; смарт жүйесінің негізгі баптаулары және т.б. тақырыптар бойынша біліктілігін арттырады.
Алдағы уақытта да курс жұмысы жоспарлы түрде кафедралардың сұранысы бойынша ұйымдастырылып оқытушыларымыздың біліктілігін артыру жұмыстары жалғаса береді.