Жаңалықтар
БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
- Қаралды: 197
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «1 қыркүйек — Білім күніне» арналған мерекелік іс-шара салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шараға оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы, ардагер-ұстаздар және бірінші курс студенттері қатысты. Алдымен М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Басқарма Төрағасы –Ректордың м.у.а. Қайрат Нұрманбетов «Алтын белгі» иегерлерімен кездесіп, оларға өзінің жүрекжарды тілегін жолдады және естелікке суретке түсті. Биыл университетімізді 150 «Алтын белгі» иегері таңдағанын бөле айтқымыз келеді.
Салтанатты кеште алғаш сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректордың м.у.а. Қайрат Еңбекшіұлы оқу ордасының жетістіктеріне тоқталып, білімге даңғыл жол салған бірінші курс студенттерінің қадамдарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ оқуға жаңа түскен талапкерлерге «Білім кілті» мен «Студенттік билет» символикасын табыс етті. Студенттермен бірге білімнің алауын жақты. Атап өтейік, жаңа оқу жылында университетімізге 6313 білім алушы қабылданды. Олардың 3177-сі мемлекеттік білім грантын жеңіп алғандар.
Ардагер ұстаздарымыз т.ғ.к., профессор А.Туленов, п.ғ.к., доцент С.Пірімбетова, т.ғ.д, профессор Н.Джакипбекова студент-жастарға ыстық лебіздерін ақтарды.
Мереке концерттік бағдарламаға ұласып, университет өнерпаздары өнер көрсетті. Елімізге танымал өнер жұлдыздары да кештің көркін қыздырды.
Баршаңызды 1 қыркүйек — Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!