QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS-2025 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РЕЙТИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Жаһандық жоғары білім нарығын талдауға маманданған британдық Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы жыл сайын жариялайтын QS World University Rankings-2025жаһандықуниверситеттердің рейтингісінің нәтижелерін жариялады.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті биылғы жылы әлемнің 1503 үздік жоғары оқу орындарының арасында 621 позициясын иеленді.

Іріктеуге әлемнің түкпір-түкпірінен 5663 ЖОО қатысты, оның ішінде үздік рейтингке 106 елден 1 503 университет кірді,  оның ішінде Қазақстаннан 21 ЖОО -да бар.

Жоғары оқу орнының тізімдегі орны тоғыз критерий негізінде анықталады:

  • Академиялық ортадағы бедел және танылу,
  • Жұмыс берушілер арасындағы бедел,
  • Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер санының арақатынасы,
  • Жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланымдары бар оқытушылар мен ғалымдардың үлесі,
  • Халықаралық ынтымақтастық индексі – бір қызметкерге шаққандағы бес жылдық кезең ішінде Scopus индексациялаған нөлдік емес дәйексөздермен (өзіндік дәйексөздерді қоспағанда) шетелдік әріптестермен бірлесіп жасалған жарияланымдар саны,
  • Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі және үздік бітірушілер саны,
  • Тұрақты даму мақсаттары – ТДМ шеңберіндегі зерттеулер,
  • Шетелдік студенттердің үлесі,
  • Шетелдік оқытушылардың үлесі; 

Сілтеме:  https://www.topuniversities.com/world-university-rankings?tab=indicators

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.