UI GREENMETRIC WORLD UNIVERSITY RANKINGS 2023 НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

2023 жылдың 5 желтоқсанында UI GreenMetric World University Rankings рейтинг агенттігі GreenMetric-2023 халықаралық университеттер рейтингіcінің нәтижелерін жариялады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті өткен жылмен салыстырғанда өз нәтижелерін 7 позицияға жақсартып, әлемнің 1183 университетінің арасында 253-орынға ие болды. Қазақстан Республикасында М.Әуезов атындағы ОҚУ 18 ЖОО арасында 2 орында.Рейтингті құрастыру кезінде 6 категория ескеріледі: университеттің ыңғайлы инфрақұрылымы, университет кампусында энергияны үнемдейтін және суды үнемдейтін технологияларды пайдалану, университет шығаратын қалдықтарды қайта өңдеу және суды үнемдеу бағдарламалары, университет кампусындағы ыңғайлы көлік бағыттары, көмірқышқыл газы мен зиянды бөлшектердің шығарындыларын азайту, сондай-ақ университеттің білім беру бағдарламаларында экологиялық білім беру.
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.