Әуезов университеті Сиань халықаралық университетімен меморандумға қол қойды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті халықаралық байланыстырды нығайту мақсатында Сиань халықаралық зерттеулер университінің басшылығымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлық аясында оқуы, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі, оқытушылармен алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және университетіміздің халықаралық бастамаларға қосылуы бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды.

Бұл ынтымақтастық екі университеттің студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, профессор оқытушы құрамына және ғылыми қызметкерлеріне үлкен мүмкіндікке жол ашады.
Іс-сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған өзара серіктестік орнату туралы меморандумға сәйкес тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу.

Сонымен қатар, Әуезов университеті Қытай сапарының аясында Сиань медицина университетінің жұмысымен танысты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.