Әуезовтіктер әлем чемпионы Махмұд Сабырханды күтіп алды

Бүгін ел мерейін үстем еткен бокс әлем чемпионы Махмұд Сабырхан әуежайдан салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті. Жеңімпазымызды әуежайдан университетіміздің басқарма төрағасы - Ректор Қожамжарова Дария Пернешқызы, студенттер мен жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті.Махмұд Сабырхан өзіне қолдау білдірген барлық жанкүйерлерге және университет басшылығына алғысын білдірді.Сондай ақ, М.Сабырхан өз сөзінде 2 жыл бұрын Белградта келесі әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие боламын деген уәдесін орындағынын айтты.Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан өткен әлем чемпионатында боксшымыз 54 келі салмақта топ жарып, қазақ елін төрткүл дүниеге танытқан болатын.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.