QS Stars - 2023: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне 4 жұлдыз берілді

М.Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті алғаш рет Quacquarelli Symonds (QS) британдық беделді рейтингтік агенттігінің аудитінен өтіп, нәтижесінде университет жоғары рейтингте – 4 жұлдызға ие болды.             

QS Stars University Ratings - бұл бүкіл әлем студенттері мен ғалымдарына оқу орны туралы барынша жан-жақты әсер алуға мүмкіндік беретін QS компаниясының арнайы рейтингіcі.  QS Stars рейтингтік жүйесі 1-ден 5 жұлдызға дейінгі баға беруді көздейтін рейтингтік әдісті пайдалана отырып, университетті бірқатар негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша жан-жақты сипаттайтын жоғары оқу орындарды тереңдете бағалау болып табылады.

Аудиттің мақсаты – мекеме жұмысын жақсарту және брендтің халықаралық деңгейде танылуы. Бағалау келесі негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: оқыту, жұмысқа орналасу, академиялық даму, интернационалдандыру, онлайн оқыту, университеттің әлеуметтік жауапкершілігі, инклюзивтілік, университеттің бір білім беру бағдарламасын бағалау.

QS Stars аудитінің нәтижелері бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Оқыту», «Жұмыспен қамту», «Онлайн оқыту» және «Инклюзивтілік» көрсеткіштері бойынша ең жоғары рейтингке ие болды.

 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.