Тарихымызды қастерлеу – ұрпақ парызы

Таяуда факультетіміздің 6-география және 8-шығармашылық тобының тыңдаушылары өңіріміздегі Саяси –қуғын құрбандарына арналған мұражайға барып қайтты. Атажұртқа алыстан білім қуып келген қандастарымыз шара барысында зұлматты жылдар зобалаңы хақында мәліметтер алып, сталиндік  қуғын – сүргіннің құрбандары туралы толыққанды мәліметтер алды. Мұражайдың ғылыми қызметкері Ғ.Қасымбек жастарды мұражайдың тыныс-тіршілігімен таныстырып, оңтүстіктің, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Үсенов секілді белгілі қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайлы тағылымды әңгімелер айтты. Сондай-ақ тыңдаушылар экскурсия барысында мұражай қызметкерлері мен белгілі ақын Х.Есенқарақызы баспаға дайындаған ХХ ғасырдағы қазақ мерзімді басылымдарының бірегейі – «Ақ жол» газеті материалдарының 10 томдығымен танысып, музей экспонаттарын тамашалап, тағзым орнында да болды. Сондай-ақ олар осынау тағылымды іс-шара барысында «Жазықсыз жазаланғандар» атты деректі фильмді тамашалап, талайлы тарихымыздың ақтаңдақ беттерін тағы да бір мәрте ақтарып көруге мүмкіндік алды. Жалпы жастарымыз бұл сапардан төл тарихымыз туралы тың деректерге қанығып, қанаттанып қайтты.

  


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.