«Арай-2017» байқауының жеңімпазы – Серікхан Арай

Шымкент қаласында облыстық опера және балет театрында «Арай - 2017» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілер байқауы болып өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкері Қуанышбек Мұқанғалиев төрағалық еткен байқауда, қазылар алқасының құрамында әнші Шаһизада Байпатшанова, эстрада жұлдызы Бағлан Жолдасов сынды мәдениет қайраткерлері болды.
Бұл жолғы байқаудың ерекшелігі, республикалық, халықаралық деңгейдегі өнер байқауларының лауреаттары мен мәдениет майталмандары облыстың аудан-қалаларында болып,  үміткерлерді іріктеуден өткізді.
Байқауға ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушысы ҚХР азаматы, қандас бауырымыз, факультет мақтанышы Серікхан Арай  өз өнерін көрсетіп, бағын сынады. Ол екінші айналымнан іріктелген 217 үміткердің ішінен өзінің дарындылығымен ерекшеленіп, жүлделі бірінші орынды иеленді.
Арайдың бұл жеңісі университет абыройын асқақтатып, факультет мерейін өсірді. Осыған орай, факультет оқытушылары мен тыңдаушылары Серікхан Арайды жүлдесімен құттықтап, алар асуы, шығар биігі алда деген сенімдерін білдірді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.