Әуезов университетінің үздік студенттері Мұхтар еліне саяхатқа шықты

Әуезов университетінің үздік студенттері Мұхтар еліне саяхатқа шықты Бүгін 7-ші маусым күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері М.Әуезовтің 125 жылдығын атап өту аясында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалымы Мұхтар Омарханұлының туған жеріне Абай облысына сахатқа салтанатты түрде шығарып салды. Басқарма Төрағасы-Ректор Дария Пернешқызы Қожамжарова саяхатқа шыққан студенттерге арнаған өз сөзінде: «Семей жері – киелі мекен. Кезінде Алаштың астанасы да болды. Ол топырақтан Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты қазақтың алып тұлғалары түлеп ұшты. Тұлпар аунаған жерде түк қалады дейді қазақ. Абайдың, Мұхтардың, басқа да Алаш арыстарының жүріп өткен жерлерін, қазақтың рухани астанасына сіздердің барып, өз көздеріңізбен көргендеріңіз – мен үшін қуаныш. Студенттік кез – өте тамаша шақ. Қызығы мол кез. Осы уақытта достарыңызбен бірге алыс сапар шегу де бір – ғанибет. Шыны керек, сіздерге қатты қызығып тұрмын. Тамаша әсермен, күшті естелікпен, естен кетпес сезіммен оралуға тілектеспін. Ақ жол!» - деп тілек білдірді. Сонымен қатар Шымкент қалалық маслихатының депутаты Қуандық Сұлтанғали Нұрлыбайұлы арнайы келіп, саяхатқа шыққан студенттерге сәтті сапар тіледі. Бұл саяхатқа баратын оқуда озат, спорт пен мәдениетте жетістікке жеткен және университет пен Шымкент қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқан 50 студент іріктеліп алынған болатын. Бұл іс сапарды оқу орнының басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сармурзин Ербол Жаңбырбайұлы бастап шықты. Сонымен қатар делегация құрамында «Мұхтартану» ғылыми орталығының қызметкерлері Қалшабек Ақжол мен Исабек Әзімханда бар. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында саяхаттың басталғаннан аяқталғанына дейін Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері қадағалап, бастап жүретін болады. Саяхат 7 маусым күні басталып 15 маусым күні Шымқалаға оралады деп күтілуде. Саяхат барысында студенттер Тараз, Балқаш, Қарағанды, Қарқаралы, Семей, Абай ауданын аралап Аягөз қаласына ат басын тірейді. Қайтар жолда Талдықорған, Қонаев Алматы қалаларында болып мұражайлармен танысады. Баc-аяғы 50 студент 10 күннің ішінде 5 облыс, 10 елдімекен, 30-дан астам тарихи-мәдени нысанды аралап, 7 университет жұмысымен танысып, 4000 км жерді еңсереді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz

Please publish modules in offcanvas position.