Жаңалықтар
Баспасөз-релизі
- Қаралды: 610
2022 жылдың 30 мамыры мен 3 маусымы аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚУ) ERASMUS+ "Жоғары жылдамдықты теміржолдардың экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы (EEIHSR)"жобасы шеңберінде Дрезден техникалық университетінің, Лейпциг және Штутгарт (Германия) қалаларындағы, сондай-ақ Фрутиген қаласындағы (Швейцария) дабылды басқару орталығының зертханаларында жобалық кездесуге және кәсіби экскурсияға қатысты. Іссапар аясында М. Әуезов атындағы ОҚУ-і Құрылыс, сәулет және көлік факультетінің "Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру" кафедрасының оқытушылары қарқынды оқытудан өтіп, Еуропадағы жоғары жылдамдықты теміржолдармен байланысты заманауи технологиялар мен жабдықтармен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, М. Әуезов атындағы ОҚУ-і 2018 жылдан бастап, Эразмус бағдарламасы аясында Еуропалық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан 598817-EPP-1-2018-1-DE-EPPKA2-CBHE-JPEEIHSR - «Экономика, экология және жоғары жылдамдықты теміржол инфрақұрылымы (EEIHSR)» жобасының қатсыушысы болып табылады. Жоба нәтижелері бойынша М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің қатысушылары «Жоғары жылжымалы құрам», «Көлік экологиясы және оның процестері», «Жылдам темір жол экономикасы» сияқты оқу модульдерін әзірледі.
Жоба туралы толығырақ ақпарат www. eeihsr.com жобасының ресми сайтында орналастырылған.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз