М. Әуезов атындағы ОҚУ-де Қазан федералдық университетінің делегациясы (Ресей Федерациясы)

М. Әуезов атындағы ОҚУ-де Қазан федералдық университетінің делегациясы (Ресей Федерациясы)
2022 жылы 26 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іссапармен Қазан федералдық университетінің (Ресей Федерациясы) Ректор м.а. Таюрский Дмитрий Альбертович және Орталық Азия бойынша ректордың кеңесшісі Әзімов Рашит Муразамович бастаған делегация келді. Іссапардың мақсаты - университет қызметімен танысу және білім мен ғылымның басым бағыттары бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Басқарма Төрағасы-ректор Д.П. Қожамжарова мен ҚФУ-нің Ректор м.а. Д.А. Таюрский кіріспе сөз сөйледі. Кездесу барысында тараптар зерттеу қызметінің бағыттары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін, білім алушыларды даярлаудың жаңа бағыттарын ашу, Қос дипломдық бағдарлмалардың 10-нан астам бағдарламасын ашу, ОПҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту және т.б. талқылады, бұл ынтымақтастық, ғалымдардың коллаборациясын одан әрі дамуының инновациялық алаңын құруына ықпал етеді.

Келіссөздер шеңберінде Қазан федералдық университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар бүгінгі талқылау нәтижелері бойынша қойылған міндеттерді іске асыру үшін күш біріктіруге келісті.ҚФУ делегациясының іссапары аясында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің жетекші ғалымдары мен оқытушыларының қатысуымен "Университет ғылымының аймақ экономикасына интеграциялануының векторлары" тақырыбында ғылыми жетістіктер көрмесі ұсынылды. Көрме қатысушылары Оңтүстік өңірінің дамуына енгізілген ғылыми жетістіктерді қонақтарға паш етті. Сонымен қатар делегация құрамы, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғылыми-зерттеу институттарын аралап, зертханаларымен танысты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.