Жаңалықтар
Мен келмеске кетермін немесе М. Әуезовтің Абай ұрпақтарына ықпалы
- Қаралды: 478
«Біздің заманда өз тілі мен әдебиетін білмейтін, қадірін түсінбейтін адамды толыққанды зиялы деп санауға болмайды. Өйткені, қандай мамандық иесі болса да, рухани жағынан біржақты азамат болып қала береді» - осылай ондаған жылдар бұрын Мұхтар Омраханұлы Әуезов айтқан еді, ол бүгінде – ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында да шындық. 2022 жылдың 22 сәуірінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми орталығында М.Әуезов атындағы мемориалдық-музей үйінің директоры Дияр Қонаев пен университет басшылығының кездесуі өтті. Кездесу барысында қазақ жазушысы, драматург және ғалымның шығармашылығы мен мұрасын насихаттауға бағытталған «Мұхтартану» ҒО-ның атқарылып жатқан жұмыстарымен және алдағы жоспарымен таныстырылды. Кездесуден кейін «Мен келмеске кетермін немесе М. Әуезовтің Абай ұрпақтарына ықпалы» атты дөңгелек үстел өтіп, онда Дияр Қонаев жазушының шығармашылығын зерттеудегі жұмыстың жаңа нәтижелеріне, мемориалдық және мұражай үйіның жұмыстарына тоқталды. Өз кезегінде жазушы-драматургтің жауһар туындыларын зерттеп қана қоймай, осы саладағы бірқатар мәселелерді шешуге қатысты әдебиетшілер, тіл жанашырлары, тарихшылар және де жай ғана Әуезов шығармашылығының жанкүйерлері өз пікірлерін білдуге сөзжасрысқа шықты.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз