Жаңалықтар
«Модульдік білім беру бағдарламасының мазмұнын жоспарлау және оқытушыларды электрондық оқытуға қарқынды даярлау» семинары
- Қаралды: 375
585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей және Қазақстан ЖОО-да қалдықтарды тұрақты басқару құзыреттілігін арттыру / EduEnvi» жобасы бойынша «Модульдік білім беру бағдарламасының мазмұнын жоспарлау және оқытушыларды электрондық оқытуға қарқынды даярлау» семинарының ПРЕСС-РЕЛИЗІ
28.01-01.02. 2019 ж.
Шымкент, Тауке хан даңғылы, 5
Бас ғимарат, №340 зал
Қалдықтарды басқару - жаһандық экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі. Қалдықтарды басқару әлемдік қауымдастықтағы барлық елдердің маңызды экологиялық саясаттарының бірі болып отыр. Осыған орай жобада қалдықтар жиынтығын жою, залаласыздандыру және қайта өңдеу тиімділігін арттыру, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету мақсатында қалдықтар жиынтықтарын басқару қағидаттары, әдістері, құралдары мен нысандарынан құралатын өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жүйесін қалыптастырудағы шетелдік тәжірибе басшылыққа алынды. Қазақстанда өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу, тұтыну және қалдықтарды басқару жүйесін қалыптастыру мәселесін қарастыра отырып, экономиканың осы саласындағы кәсіпорындар мен өндірістер тұрақты қалдықтарды басқару саласындағы мамандар құзыреттілігін арттыруға баса ден қояды.
2019 жылдың 28 қаңтар және 1 ақпан аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Тампере қолданбалы ғылымдар университетінен (Финляндия), Лиллебаелт Академиясынан (Дания), Вальядолид Университетінен (Испания), Санкт-Петербург Ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетінен Тюмень мемлекеттік университетінен (Ресей) жетекші ғалымдар мен және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен Erasmus + халықаралық бағдарламасының аясында 585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi» жобасы аясында «Модульді білім беру бағдарламасының мазмұнын жоспарлау және электронды оқытуға оқытушыларды қарқынды даярлау» тақырыбында халықаралық семинар өткізіледі.
Жобаның мақсаты – қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы жоғары оқу орындары-әріптестерге ұсынылған интербелсенді оқу ортасында магистратураның модульдік құрылымдалған бағдарламаларын ендіру арқылы ғылыми-оқу үдерісін жаңғырту; электрондық оқытуды дамыту; университеттер арасындағы байланыстарды және ынтымақтастықты нығайту.
EduEnvi жобасының бір бағыты қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы Ресей және Қазақстан университеттері оқытушыларының әлеуетін жасау болып табылады: Семинарға биотехнология, бизнес, экономика, физика, қалдықтарды басқару және туризм салаларын қамтитын қатысушылар Финляндия, Дания, Испания, Россия елдерінен және Қазақстан жоғары оқу орындарынан келіп отыр.
Ресей мен Қазақстанға қалдықтарды басқару және экологиялық мәселелер бойынша ақпараттар мен білікті мамандар қажет. Мұнда экономика және бизнес мүдделерін есепке алған маңызды. Жоба осы салада кәсіпкерлікті дамытуға да үлес қоспақшы. Ынтымақтастық нәтижесінде Ресей мен Қазақстан компанияларын біріктіреді, қалдықтармен жұмыс жасайтын екі ел компанияларының пікірі өте қажет. Бізге Ресей мен Қазақстанда экология мен қалдықтарды басқару саласындағы білім, білікті жаңғырту қажет.
Семинарға келетін шет ел ғалымдары және қонақтарының тізімі