ОҚМУ-дың Өзбекстанда филиалы ашылады

23 қаңтарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы бастаған делегация Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласына арнайы іс-сапармен барды.

Делегацияны Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы уақытша сенімді өкілі Фархат Абдухалыков, елшінің білім және ғылым жөніндегі кеңесшісі Мурсал-Наби Туякбаев күтіп алды.  

Қазақстандық делегация алдымен Өзбекстан Республикасының Жоғары және орта арнаулы білім министрі Ином Маджидов және Өзбекстан ұлттық университетінің ректоры Аваз Марахимовпен кездесті.

Екі жақты кездесуде халықаралық ынтымақтастық, өзбек жастарының Қазақстанда білім алу, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Өзбекстанда филиалын ашу мәселелері кеңінен талқыланды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегиялық даму жоспарында Орталық Азия елдерінде филиалдар ашу көзделген. Университет бүгінгі таңда Өзбекстанның 15 жоғары оқу орнымен әріптестік байланыс орнатқан. Университеттің 10 магистранты Өзбекстан ұлттық университетінде іс-тәжірибеден өтуде.

Одан кейін делегация Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары Сунатулла Бекеновпен кездесті. Кездесуде ОҚМУ филиалына арналған ғимарат бөлу, екі мемлекеттің ғалымдарымен бірлесіп ғылыми жобалар дайындау мәселелері қаралды. 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.