«Auezov University - 2023» Халықаралық қысқы мектебі Тақырыбы: "Тарих. Тарихи жадыны сақтаудағы кітапхана мен архивтертердің өзара ықпалдастығы"

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы мен Тарих және педагогика факультеті 2023 жылдың 20 ақпан – 3 наурыз аралығында «Auezov university – 2023» халықаралық қысқы мектебін ұйымдастырып өтіп жатыр. Халықаралық қысқы мектеп тарих, кітапхана және архив салаларының зерттеулері, бағыттары мен жаңа ізденістеріне негізделген. Тарихи жадыны сақтаудағы кітапхана мен архивтердің атқаратын рөлін анықтау болып табылады.

Жалпы халықаралық қысқы мектепке еліміздің беделді тарих ғылымында жүрген оқытушылары, профессорлары мен кітапханашылары, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерден тарих, музей, архив және кітапхана ғылым саласында жүрген жүрген ғалымдар мен профессорлар қатысуда. Атап айтқанда, АҚШ, Рессей, Туркия және Өзбекстанның білікті манмандары мен профессорлары тарихи жадыны сақтаудағы кітапхана мен архивтердің атқаратын рөлін анықтау туралы баяндама жасайды.

Қысқы мектепте отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші профессорлары қазақ, орыс тілдерінде дәрістер өтеді. Аталмыш қысқы мектеп мамандарға өз білімдерін арттырып, білім алушыларға заманауи курстарды игеріп, дипломдарындағы кредиттер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шара ZOOM платформасы негізінде онлайн-форматта 2023 жылғы 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында екі апта бойы өткізіледі. Халықаралық қысқы мектептің қорытындысы ретінде Мирзо Улуғбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетімен бірлесіп мақала жинақ шығару жоспарлануда. Қысқы мектепті бітіргеннен кейін тыңдаушылар үш несие көлемінде сертификаттар мен транскрипт алады. Болашақта халықаралық қысқы мектеп жаңа жобалардың пайда болуы үшін әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарын, студенттер мен жас ғалымдарды креативті идеялармен байланыстыра отырып, ынтымақтастық аумағын кеңейтуге және бірлескен білім беру бағдарламаларын жасауға оң әсер етеді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.