Жетістіктер
«Жас ғалым» грантының иегері Жадыра Куанышовна Артыковаға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 587 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығымен 6D072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD)дәрежесі берілсін.
«Бұрғылау ерітінділерінің реологиялық қасиеттерін реттеу үшін композициялық полимерлі тұрақтандырғыштарды алу технологиясын құрастыру» тақырыбындағы докторлық диссертация «Терең ұңғымаларды бұрғылау үшін бұрғылау ерітінділерінің термиялық-тұзға төзімді композитті полимерлі тұрақтандырғыштарын алу технологиясын жасау» жобасының шеңберінде орындалған.
Артыкова Жадыраға шығармашылық және ғылыми жетістіктер тілейміз!
|
Жүсіпбек Аймауытұлы «Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ» деген екен. Бұл екі ұғым – ғылым мен білім ұштасып, үйлеспейінше, нәтиже болмайтыны хақ. Озық технологиялар дәуірінде ғылымсыз алға жылжу мүмкін емес.
Ғылым мен жоғары білімді үйлестіріп, қатар дамыту бағыттары үнемі Мемлекет басшысының жіті назарында. Мемлекетіміздің саясатында ғылым мен технология, инновациялық даму - ел экономикасын өркендетудегі басым бағыттардың бірегейі.
ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, әйелдер бүкіл әлем бойынша ғылыми қызметкерлердің шамамен 33% құрайды. Атап өтетін жайт, соңғы жылдары әлемде ғылымдағы қыздар мен әйелдер саны артып келеді.Статистикаға сүйенсек,2022 жылы еліміздеғылыми қызметкерлер саны 22,5 мыңға жетіпті, оның 54% әйел азаматтар.
Auezov Universityорындалатын ғылыми жобалардың қаржы көлемі 5 млрд. теңгеден асып отыр.Осы ғылыми жобаларды орындаушылардың 51,2% әйел ғалымдар.
Бүгін Amanatпартиясы Шымкент қалалық филиалыныңжәне Академиялық ғылым департаментінің ұйымдастыруымен халықаралық ғылымдағы әйелдер күніне арналған «Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі» атты республикалық форум өтті.
Форумда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалым-әйелдері Amanatпартиясы Шымкент қалалық филиалының марапаттауына ие болды. Марапат алушылардың қатарында Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаментінің директоры Парманкулова Перизат Жақсылыққызы да бар.
Перизат Жақсылыққызын марапатымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шабыт, жаңа жетістіктер тілейміз.
|
|
«Қазақстан Республикасында экологиялық реттеудің қаржылық құралы ретінде экологиялық салық салудың экономикалық тетіктерін әзірлеу»
М. Ауезов ат. Оңтүстік-Қазақстан университеті, «Басқару және бизнес» жоғары мектебі, «Қаржы» кафедрасының профессоры Исаева Г.К. мен доктор PhD Жусипова Э.Е. 2023 жылдың 08-18 желтоқсан аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Путра Малайзия университетінің «Басқару және экономика» факультетінде ғылыми жоба аясында жоспарланған ғылыми іс-сапарда болып келді.
Барған күнннен бастап олар, Путра Малайзия университетінің шығу тарихы мен оқытушылық профессорлық құрамымен, факультеттері, материалды-техникалық базасымен және кітапханалармен танысты.Сондай-ақ, университет профессорларымен оқу үрдістері мен ғылыми жобаларды талқылау барысында екі ел университетері арасында жүзеге асыруға болатын бірқатар іс-шараларды атқару жөнінде келісімдер талқыланды. Мәселен, студенттер мен оқытушылар академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, D04140 - Қаржы білім бағдарламалары бойынша докторанттарға шетел ғылыми кеңесшілерін тағайындау мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, Путра Малайзия университеті Оңтүстік Қазақстан университеті қабырғасында экономикалық бағытындағы білім беру бағдарламаларын (off shore негізінде) ашу жөніндегі қызығушылықтары мен дайындықтарын жеткізді. Бұл ұсынысқабіздің әріптестер тарапынан да қолдау танылып, Оңтүстік Қазақстан университеті басшыларының талқылауына ұсынуға уәде берісті. Себебі, Putra Malaysia Universiti (UPM) ғылым, инженерия, медицина, ветеринария, бизнес және әлеуметтік ғылымдар сияқты көптеген салаларда бакалавриат және аспирантура бағдарламаларының кең ауқымын ұсынатын Малайзияның жетекші зерттеу университеттерінің бірі ретінде тәуелсіз мемлекеттік бағалаулар арқылы танылады. 2021 жылы ол Quacquarelli Symonds рейтингі бойынша әлемдегі 132-ші үздік университеті, сонымен қатар, Азия университеттері арасында 28-ші және Малайзиядағы 2-ші үздік университет ретінде бағаланды.Біріктірілген Малайзиялық Үшінші Институттар рейтингінде (SETARA) UPM өзінің алты жұлдызды рейтингін сақтайды, ол жоғары бәсекеге қабілетті болып табылады.
Сонымен қатар, профессорлар «Қазақстан Республикасы экологиялық реттеудің қаржылық құралы ретіндегі экологиялық салық салудың экономикалық механизмін жасау» атты тақырыбындағы ғылыми жобадағы шет ел тәжірибесін зерттеу бөлімі бойынша жұмыс жасап,Малайзия елінің экологиялық салық салу механизмі жайында терең мағлұматтар алды.
Айта кетсек, Малайзия парниктік газдарды шығару бойынша әлемде Ирактан кейін, ал Нигериядан озып, 27-ші орында.Малайзия жыл сайын шамамен 0,31 Гт парниктік газдар шығарады, бұл дүние жүзіндегі жалпы көлемнің 0,68% болып табылады. 2022 жылы CO2 шығарындылары 251,55 млн тоннаны құраған, бұл әлемдік көрсеткіштің 0,66% құрады.Малайзия бұл көрсеткіш бойынша әлемде 25-ші орында екен. Жан басына шаққандағы шығарындылар 7,57 млн СО2 құрады, бұл әлемде 44-ші орын.
Соңғы жылдары Малайзия басшылығы «жасыл» технологияларды дамытуға және жаңартылатын және жаңа энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге көбірек көңіл бөлуде.
Осындай, экологиялық реттеу мақсатында қолданылған экологиялық салықтар мен жеңілдіктер нәтижесінде қол жеткізілген Малайзияның «Жасыл экономика» саласында жүзеге асырылған жобалармен де танысып, жасыл экономика бағытында экологиялық таза өнімдерін шығарып жатқан осы елдің ірі компанияларының қызметтері мен мемлекеттік салықтық реттеудің қаржылық құралдары біздің елімізге де үлгі, тәжірибе болатындай жоғары деңгейде екеніне көз жеткізіп қайтты.
|
|
|
|
|
|
«Жас ғалым» грант иегері PhDдәрежесін алды
Тағы да «Жас ғалым» грант иегеріне қатысты қуанышты жаңалық! Бүгін 6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша «Мақта және аралас маталарға басып шығару үшін техногендік қалдықтардан хромит пигменттерін алудың технологиялық негіздерін әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғаған жас ғалым Туракулов БахриддингеҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 09 қаңтардағы № 21 бұйрығымен философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Жас ғалым Туракулов Бахриддинді құттықтаймыз!
«Жас ғалым» грантының иегерлері Туракулов Бахриддин және Багова Заринаны қоныс тойларымен құттықтаймыз!
|
|
|
|
|
|
Қоныстойлар жалғасуда!
Достар,
Мемлекеттің қолдауымен ұйымдастырылған жас ғалымдарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасыбойынша жас ғалым, PhD Есентаева Айжан Амангелдіқызы үш бөлмелі пәтер алды.Бұл бағдарламаға ғылыми жобаларды жүзеге асыратын, магистр дәрежесінен төмен емес, ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 3 жыл өтілі бар және тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдар қатыса алады.Жас ғалым әрі көп балалы ана Есентаева Айжан Амангелдіқызының мемлекеттің жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін бергені үшін алғысы шексіз.
Айжан Амангелдіқызы -«Фосфор өндірісінің құрамында фосфині бар қалдықтарын және фосфор өндірісінің өнеркәсіптік өнімдерін экологиялық таза өнімге кешенді қайта өңдеу» жобасының орындаушысы. Жас ғалым экологиялық қауіпсіз өнімдерді алу үшін «Қазфосфат» ЖШС-ніңфосфор өндірісінің қалдықтары мен өнеркәсіптік өнімдерін кәдеге жаратуды мақсат етіп отыр. Бұл жобаның ерекшелігі фосфор өндірісінің қалдықтары мен өнеркәсіптік өнімдерін кәдеге жарату үшін электрохимиялық әдісті қолдану болып табылады. Алынған нәтижелердің ғылым мен технологияны дамытуға айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық әсері бар.
Жас ғалым А.А. Есентаеваны құттықтаймыз! Шаңырағы бақыт пен береке мекені болсын!
|
|
|
|
|
|
АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!
Достар,
Мемлекеттің қолдауымен Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Отбасы банкімен» бірлесіп 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап іске қосқан жас ғалымдарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы AUEZOV UNIVERSITY жас ғалымдары үшін армандарының орындалуына жол ашқан бағдарлама болды.Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша AUEZOV UNIVERSITY8 жас ғалымы пәтерлі болып отыр.
Жақында «Магистральды газ құбырларының ұзақ және жылдам қирауға қарсыласуының ғылыми негіздемесін жасау» жобасының орындаушысы, жас ғалым Ибраимова Ұлжан Бахытжанқызы бір бөлмелі пәтердің кілтін иемденді.
Ұлжан Бахытжанқызы - осы гранттық жобаның 2 жылдан бері орындаушысы. Ұлжан магистральдық газ құбырларын қауіпсіз пайдалану мен апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Мақсаты - магистральдық газ құбырларының төзімділігін бағалаудың жаңа әдістемесін ұсыну.
Жас ғалым Ибраимова Ұлжан Бахытжанқызын қоныстойымен құттықтаймыз! Шаңырағы шаттыққа, берекеге толы болсын деп тілейміз!
Иә, армандар орындалады!
|
|
|
|
|
|
AUEZOVUNIVERSITYҒАЛЫМЫ «ЖАС ҒАЛЫМ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҮЙЛІ БОЛДЫ
АP19674587 «Инволюциясы бар екіншіреттідифференциалдықтеңдеулерүшіншеткіесептершешімдерініңболуы» гранттық жобасының кіші ғылыми қызметкері, жас ғалым Мүсірепова Элмира Беркінбайқызы «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша екі бөлмелі пәтердің кілтін қолына алды.
Жоба аясында жас ғалым инволюциясы бар екінші ретті сызықты емес бір өлшемді дифференциалдық теңдеулер үшін екі нүктелі шеттік есептерді шешу жолдарын қарастыруда. Сонымен қатар бірінші туындысы жоқ теңдеулер мен бірінші туындысы бар теңдеулерді зерттеумен айналысып жүр.
Жас ғалымныңҒылым және жоғары білім министрлігіне бастапқы 10%жарнаменжәне жылдық 5% мөлшерлемемен тұрғын үй алу мүмкіндігін жасағаны үшін алғысы шексіз.
Мүсірепова Элмира Беркінбайқызында тағы да қуанышты жаңалық бар. 2023 жылы академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің диссертациялық кеңесінде жоба аясында орындалған «Инволюциясы бар толқын және жылуөткізгіштік теңдеулері үшін аралас есептердің шешімділігі» тақырыбында докторлық диссертациясынсәтті қорғап, 2023 жылы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің №862 бұйрығымен 8D05401-Математика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Жас ғалым Мүсірепова Элмира Беркінбайқызы қуаныштарымен құттықтаймыз! Ғылым жолында табыс, жетістік тілейміз!
|
|
|
|
|
|
Жас ғалымда қоныстой
Әріптестер,
AUEZOV UNIVERSITY Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті қуанышты жаңалықпен бөлісуді жалғастырады.
Бүгінгі қоныстой иесі - жас ғалым Бердембетова Айнұр Түймебайқызы.
Айнұр Түймебайқызы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Отбасы банкімен» бірлесіп 2023 жылы іске қосқан жас ғалымдарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына қатысып, Шымкент қаласының орталығынан 3 бөлмелі пәтерге ие болды.
Айнұр Түймебайқызы«Функционалды мақсатта өсімдік негізіндегі ет алмастырғыштан жартылай ысталған шұжық технологиясын жасау» жобасыныңшеңберіндежануарлардың қанын өсімдіктен жасалған жартылай ысталған шұжық өндірісінде қолдануарқылы етті өсімдікпен алмастыру технологиясын әзірлеумен айналысуда.
Әлем бойынша ет өнімдеріне сұраныстың жоғары екені белгілі, сондықтан қазіргі таңда ет өндірушілер халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін еңбек етуде. Осы мәселені шешудің бір жолы өсімдіктен жасалған шұжық өндірісін дамыту болып отыр. Осы мақсатта аталмыш жобасының маңызы жоғары болмақ.
Айнұр Түймебайқызын қоныстойымен құттықтаймыз және ғылым жолында табыс тілейміз!
|
|
|
|
|
|
Қоныстой жалғасуда!
Мемлекеттің қолдауымен ұйымдастырылған жас ғалымдарға арналған жеңілдетілген бағдарлама бойынша жас ғалым Төлеев Мұстафа АзатұлыШымкент қаласынан екі бөлмелі пәтер алды. Мұстафа Азатұлытөрт жылдан бері гранттық жобаларға қатысып келеді, қазіргі таңда «Фосфориттерді электротермиялық өңдеудің ресурсты үнемдейтін қалдықсыз технологиясын әзірлеу» жобасының кіші ғылыми қызметкері. 2023 жылы8D07220-«Металлургия» мамандығы бойынша емтихандарын сәтті тапсырып, докторантуранымемлекеттік грантпен оқып жатыр.
Мұстафа Азатұлыжоба командасымен бірге электрлі пеште фосфор газын, кальций карбидін және құрамында кремний бар ферроқорытпаны бір мезгілде алу арқылы фосфориттерді электротермиялық өңдеудің түбегейлі жаңа ресурс үнемдейтін шлаксыз технологиясын жасау үшін тыңбай еңбек етуде. Зерттеу жұмыстарында Қаратау және Ақтөбе фосфориттерін қолдануда. Мақсаты Қаратау және Ақтөбе фосфориттерін элетротермиялық өңдеудің шлаксыз технологиясын жасамақшы.
Мұстафа Азатұлына ғылым жолында табыс тілейміз! Ғылымдағы еңбегі еленіп, мемлекеттің қолдауымен алған баспанасы құтты баспана болсын! Шаңырағы шаттыққа толы болсын!
|
|
|
|
Қазіргі таңда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде орындалып жатқан нысаналы-бағдарламалық, гранттық және халықаралық жобалардың, оның ішінде бизнес сектордың тапсырысымен орындалып жатқан жобалардың жалпы қаржы көлемі 3 млрд. астам теңгені құрап отыр. Ғалымдар жоба жазады, грант ұтып алады. Осы ғалымдардың жоба ұтып алуына барынша ат салысып жүрген, керек кезінде жобаны жазып та беретін, көз майларын тауысып күн демей, түн демей келген жобаларды тексеріп, жоба қаражатын есептеп, одан қалса базаға жүктеп беретін, ақыр соңында ЭЦП кілт алып беріп ғалымдардың барлық жағдайларын жасайтын, орындалып жатқан жобалардың дұрыс орындалуын, құжаттарының дұрыс болуын, есептері мен актілерінің уақытылы тапсырылуын, жоба қаражатының уақытылы түсуін қамтамасыз етуші Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті қызметкерлерінің еңбегі еленгеніне қуаныштымыз! Бүгін Департаментіміздің Жобаларды экономикалық координациялау бөлімінің басшысы Е.Н. Оралбай Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатымен марапатталды. Е.Н. Оралбайды шын жүректен құттықтаймыз! Еңбекте жеміс, отбасына бақыт-береке тілейміз!
Ғылыми жобалар және
бағдарламалар департаменті ұжымы
ОҚУ ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті М.Әуезовтің хабарлауынша, AP08855792 "Грин функциясы және инволюциясы бар екінші ретті дифференциалдық теңдеулерге арналған аймақтық есептердің спектрлік сипаттамалары" атты мақаласы профессор Әбдіжахан Сәрсенбідің және "On eigenfunctions of the Boundary Value Problems for Second Order Differential Equations with Involution" жобасының аға ғылыми қызметкерінің "on eigenfunctions of the Boundary Value problems for Second Order Differential Equations with Involution" атты журналында жарияланған. citescore - Q1 (general mathematics) /JCR - Q2 (multidisciplinary Sciences) "Symmetry" (Volume 13, Issue 10 (October 2021)). AP08855792 "Грин функциясы және инволюциясы бар екінші ретті дифференциалдық теңдеулерге арналған аймақтық есептердің спектрлік сипаттамалары" жобасы 217 "ғылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы, 102 "ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру"кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Мақалада жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Инволюциясы бар, ауыспалы потенциалы бар екінші ретті дифференциалдық теңдеудің шекаралық есептері зерттелді. Жасыл шекаралық есептердің инволюциясы бар функциясының анықтамасы берілген. Бұл мақалада алғаш рет Грин функциясының алғашқы туындысының секірулерінің мәні көрсетілген. Грин функциясының анықталған қасиеттері тепе-теңдік теоремасын дәлелдеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда қарапайым дифференциалдық теңдеулер жағдайында белгілі Коши интегралдық әдісі инволюциясы бар дифференциалдық теңдеулер жағдайына өзгертілген. Дәлелденген эквиваленттік теоремадан айнымалы коэффициенттері бар инволюциясы бар екінші ретті дифференциалдық теңдеу үшін шекаралық есептердің меншікті функцияларының негізі туралы нәтижелер алынады. Осылайша, осы мақалада инволюциясы бар дифференциалды операторлардың спектрлік теориясында орталық орын алатын өз функцияларының негізі туралы мәселе шешіледі. Жұмыс инволюциясы бар дифференциалды операторлардың спектрлік теориясына айтарлықтай үлес қосады. Біз отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан, мақсаткер ғалымдарымызды мақтан тұтамыз! Профессор Әбдіжахан Сәрсенбі мен Әбдісалам Сәрсенбідің мақала авторларын құттықтаймыз және жемісті жұмыс, ұлы ашылулар, қызықты және лайықты жетістіктер тілейміз!
Мақалаға сілтеме: http://rasayanjournal.co.in/archiveissue.php?issueid=59
жоғары нәтижелер, лайықты марапаттар!
Журнал бетіне сілтеме: https://www.cetjournal.it/index.php/cet
Мақалаға сілтеме: https://www.cetjournal.it/index.php/cet/article/view/CET2188057
ОҚМУ ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті Әуезов, М.
Адамзат күн сайын әртүрлі ауруларға байланысты күрделі проблемаларға тап болады. Осы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін ең жақсы дәрі-дәрмектерді табу шексіз. Қазіргі уақытта қолданылатын дәрі-дәрмектер мен дәрі-дәрмектердің көптеген кемшіліктері бар. Олардың көпшілігі денеде жағымсыз реакциялар тудырады. Мысалы, адам қатерлі ісігін емдеу үшін бірқатар түрлі емдеу әдістері бар. Хирургиялық араласуды, сәулеленуді немесе дәрі-дәрмектерді немесе олардың комбинациясын қолдануға болады. Қатерлі ісіктің көптеген түрлерін емдеудің маңызды құрамдас бөлігі цитотоксикалық терапия болып табылады, оны көбінесе химиотерапия деп атайды. Лейкемия, лимфома, метастатикалық немесе жергілікті карцинома және жұмсақ тіндердің қатерлі ісігі дәрі-дәрмектік химиотерапияны қажет етеді. Терапияның бұл түрінде химиялық қосылыстар ДНҚ синтезін, транскрипцияны және/немесе рак клеткаларындағы митозды блоктау үшін қолданылады, көбінесе оларды апоптозға әкеледі.Алайда, химиотерапия спецификалық емес әсерге ие және басқа метаболикалық жолдарға араласуға барлық мүмкіндік бар. Сонымен қатар, қатерлі ісік жасушалары химиотерапияға қарсы тұру қасиеттерін дамытады, бұл емдеудің кейінгі кезеңдерінде үлкен проблемалар туғызады. Сондықтан жаңа дәрі-дәрмектерді жобалау және дамыту немесе қолданыстағы емдеу стратегияларын өзгерту қажет. 2017 жылы жарияланған ДДҰ-ның соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда лейкемиядан болатын өлім-жітім 1277-ге немесе жалпы өлім санының 0,93% - ына жетті. Қатерлі ісік бүкіл әлемде денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі болып табылады және ол негізінен өлімнің басты себебі болып табылады. Мәлімделген зерттеу тиімділігі жоғары қатерлі ісікке қарсы препараттарға фармацевтикалық және қоғамдық сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған және химиотерапиялық терапияға қарағанда жоғары технологиялар мен инновациялық әзірленген қатерлі ісікке қарсы ферменттерге Қазақстан Республикасының экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Қазақстанда агроөнеркәсіптік, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға аса қажеттілік бар; отандық шикізат негізінде өз материалдары мен технологияларын әзірлеу талап етіледі.Сондай-ақ, қатерлі ісікке қарсы жаңа препараттарды жобалау және дамыту немесе қолданыстағы емдеу стратегияларын өзгерту қажеттілігі бүкіл әлемде өте жоғары. Химиотерапиямен салыстырғанда аз уытты әсері бар осындай препараттардың бірі ферменттер болып табылады. Ферменттер неғұрлым нақты және мақсатты түрде әрекет ететіні белгілі, әсіресе L-аспарагиназа (L-ASP). Ферменттер биологиялық жүйеде белгілі бір функцияларды орындау үшін бағдарламаланған. Көптеген ферменттер онколитикалық, тромболитикалық және антикоагулянттық агенттер сияқты ферменттердің жетіспеушілігімен байланысты метаболикалық бұзылуларды емдеу үшін қолданылады. L-аспарагиназа ферменті лейкозды емдеу үшін қолданылатыны белгілі. L-аспарагиназаны негізгі мүмкін емдік қолдану-жедел лимфолейкозды (all) емдеу. Қазіргі уақытта бактериялық ферменттер қан қатерлі ісігінің кейбір түрлерін емдеу үшін қолданылады. Бактериалды l-аспарагиназа өсімдік немесе жануарлар ферменттеріне артықшылық береді, өйткені оның тиімділігі, тұрақтылығы, модификацияның қарапайымдылығы және процесті оңтайландыру. Алайда, фермент адам ағзасында ыдырау кезінде аммиактың пайда болуына байланысты жоғары уыттылықты көрсетеді. Сондықтан аз цитотоксикалық антипролиферативті L-аспарагиназаны іздеудің маңызы зор. Коммерциялық қол жетімді L-аспарагиназа кейбір жанама әсерлерге ие, мысалы, қант диабеті, анафилаксия, панкреатит, холестериннің төмендеуі, лейкопения және қан ұюының бұзылуы, қан кетуіне әкелуі мүмкін. Бұл жанама әсерлер аллергиялық реакцияларға байланысты пайда болады деп саналады. Дене бұл бактериялық ферменттерді бөтен деп танатындықтан, олар иммундық реакцияларды қиындатады. Әр түрлі организмдерден L-аспарагиназаны қолдану бұл мәселені шеше алады. Осыған байланысты l-аспарагиназаны цитотоксикалық әсері аз және лейкозды емдеу үшін тұрақты бактериялардың жаңа көздерінен табуға тырысады. "Жаңа Myroides gitamensis бактерияларынан лейкозға қарсы мақсаттар үшін оқшауланған тазартылған l-аспарагиназа ферментінің биохимиялық сипаттамасы және антипролиферативті, цитотоксикалық әсері" жобасы аясында зерттелген l-аспарагиназа ферменті жаңадан табылған Myroides gitamensis бактериясынан оқшауланған және хроматографияның әртүрлі әдістерін қолдана отырып тазартылған. Сонымен қатар, Myroides gitamensis бидай кебекінің қоректік заттарын қолдана отырып, басқа бактериялармен салыстырғанда l-аспарагиназаның көп мөлшерін өндіретіні анықталды және өнеркәсіптік масштабта қолданудың жоғары әлеуетін көрсетті. Жағымсыз әсерлерінсіз қатерлі ісікке қарсы жаңа фермент әзірлеуде болашағы зор жас ғалым, PhD Тілеуова Айым Болатбекқызы. Оның Хирш индексі-7 (Scopus). Жарияланымдардың Жалпы саны 100-ден астам, оның ішінде Web of Science (IF 3.99-7.727) журналдарындағы 15 жарияланым, 5 монография, 2 Өнертабысқа инновациялық патент, 1 пайдалы модельге патент, Elsevier баспасының кітабындағы 1 тарау, 1 оқулық, 7 әдістемелік құрал, 6 оқу құралы, 5 дәріс курсы және т.б. Тлеуова Айым аккредиттеу және аккредиттеу жөніндегі тәуелсіз агенттік өткізетін Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының профессорлары мен профессорлық-оқытушылық құрамының 2018 жылғы ұлттық рейтингінің "ТОП-50" рейтинг. 2018 жылы ол Прагадағы химия және технология университетінде білім, жастар және спорт министрлігі, Чех Республикасы және Еуропалық Одақ бағдарламасы бойынша екі жылдық chemjets стипендиясына ие болды. Макс Планк коллоидтер және беттер институтында (Гольм, Германия), Хемниц техникалық университетінде (Хемниц, Германия), Complutense University of Madrid, Universidad de Alcalá (Мадрид, Испания), Қытай мұнай университетінде (Шығыс Қытай) (Синьдао, Қытай) және т. б. көптеген ғылыми қызығушылықтары Тлеуова А. ғылыми тағылымдамадан өтті. белсенді ингредиенттерді, соның ішінде қатерлі ісікке қарсы препараттарды мақсатты жеткізу платформаларын жасаумен байланысты пәнаралық салада жатыр. Тілеуова а.2021 жылы "Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру" байқауы бойынша "myroides gitamensis жаңа бактерияларынан бөлінген тазартылған l-аспарагиназа ферментінің биохимиялық сипаттамасы және антипролиферативті, цитотоксикалық әсері"жобасын жеңіп алды. Осы жоба шеңберінде жүргізілген зерттеу жедел лимфобластикалық лейкозды емдеудің жақсартылған әдістерін әзірлеуге және тазартылған L-аспарагиназаның жаңа бактериялардан уытты әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жанама әсерлері жоқ немесе жанама әсерлері аз Жаңа қатерлі ісікке қарсы фермент жасалады. Жұмыс Үндістанның технология және менеджмент институтында сынақтан өтеді, антипролиферативті белсенділік пен L-аспарагиназа ферментінің қажетті дозалары адамның жедел т-лимфобластикалық лейкозының (MOLT-4) және миелогенді лейкоздың (K-562) рак клеткаларының екі түрлі желісіне қарсы, сондай - ақ L-аспарагиназа ферментінің цитотоксикалық әсерін зерттеу үшін Artemia Salina пайдалана отырып, l-аспарагиназа ферментінің өлім концентрациясына (LC50) қарсы зерделенетін болады.
Ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті
ЮКУ им. Әуезов, М.
П. Ж. Парманқұлова
ЮКУ ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті М.Әуезов 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі бойынша 12 ай іске асыру мерзімімен "өмір және денсаулық туралы ғылым" басымдығы бойынша "myroides gitamensis лейкозға қарсы мақсаттар үшін жаңа бактериялардан бөлінген тазартылған l-аспарагиназа ферментінің биохимиялық сипаттамасы және антипролиферативті, цитотоксикалық әсері"жобасы ұтып алынғанын хабарлайды. "Наноматериалдар және нанотехнологиялар" мамандығы бойынша PhD жобасының жетекшісі Жас ғалым Тілеуова Айым. Жобаның мақсаты-аз уытты лейкозға қарсы препараттарды әзірлеу мақсатында жаңа Myroides gitamensis бактерияларынан оқшауланған l-аспарагиназаның биохимиялық сипаттамалары мен антипролиферативті цитотоксикалық әсерін зерттеу. Myroides gitamensis бактериялары l-asp ферментінің белсенділігін, атап айтқанда рак клеткаларына қарсы зерттеу үшін қолданылады. Зерттеу қан қатерлі ісігін емдеудің жетілдірілген әдістерін жасауға және жаңа бактериялардан тазартылған L-asp уытты әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Myroides gitamensis L-аспарагиназадан оқшауланған тазартылған L-ASP аз уытты биохимиялық тұрақты лейкозға қарсы препаратты әзірлеу үшін қолданылады. Жас команданы құттықтаймыз және қызықты идеялар, үлкен жаңалықтар, жоғары нәтижелер мен ғылымдағы үлкен жетістіктер тілейміз!
ЮКУ ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті М.Әуезов "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер" басымдығы бойынша 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша 12 ай мерзімге гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері бойынша "номинациялар заңдылықтары және этникалық атауларды этимологиялық талдаудың инновациялық әдістемесі"жобасы жеңіп алынғанын хабарлайды. Жоба жетекшісі ф.ғ. д., профессор Н. Мингбаев Жобаның мақсаты-этнонимдер номинациясының заңдылықтарын анықтау, этнонимдерді этимологиялық талдау негізінде мәселені лингвистикалық, тарихи, мәдени және философиялық аспектілерде зерттеу пікіріне қарағанда, этникалық атаулардың ғылыми этимологиясы мен ата-баба семантикасына қол жеткізу жолдарын анықтау. Этноним қалыптастыру процесіне әсер ететін ономастикалық материалдың лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларын зерттеу номинацияның заңдылықтары, этнонимдердің этимологиялық және семантикалық мәні этнонимдердің номинациясының заңдылықтарын анықтауда ашылатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Жоба жетекшісі мен командасына ғылым жолында табыстар мен жетістіктер тілейміз!
ЮКУ ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті М.Әуезов 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері бойынша 12 ай іске асыру мерзімімен "Білім және ғылым саласындағы зерттеулер" басымдығы бойынша "covid-19 пандемиясы кезеңінде оқытушылардың кәсіби күйіп қалуының алдын алуда денсаулық сақтау технологияларын әзірлеу"жобасы ұтып алынғанын хабарлайды. Жоба жетекшісі п.ғ. д., қауымдастырылған профессор Қабылбекова Зәурет Бердіқұлқызы. Жобаның мақсаты-Covid-19 пандемиясы кезеңінде оқытушылардың кәсіби күйіп қалуының алдын алуда денсаулық сақтау технологияларын әзірлеу, ЖОО оқытушысын covid-19 пандемиясымен байланысты қашықтықтан оқыту кезеңінде эмоциялық және физикалық денсаулықты сақтау мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Жобаны іске асыру кезінде пандемиямен байланысты қашықтықтан оқыту кезеңінде оқытушылардың кәсіби күйіп қалуының алдын алу ретінде денсаулық сақтау технологияларын әзірлеу проблемасын зерделеу стратегиясына тұжырымдамалық тәсілдер әзірленетін болады. Пандемиямен байланысты қашықтықтан оқыту кезеңінде оқытушылардың кәсіби күйіп қалуының алдын алу ретінде денсаулық сақтау технологияларын қалыптастыруды іске асырудың қадамдық жоспары (алгоритмі) әзірленетін болады. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін ашық курстар ұйымдастырылады. М. Әуезовтің (оның ішінде денсаулық мүмкіндіктері шектеулі) компьютерлік сауаттылықты және ZOOM, Microsft teams;Visme, Powtoon, Canva, Jamboard, Google-form, Google Meet, Mentimeter.com және т.б.). Жоба жетекшісі мен командасын құттықтаймыз және ғылымда үлкен мүмкіндіктер мен жетістіктер, ғылыми қызметтен керемет рахат тілейміз!
ЮКУ ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті М.Әуезовтің хабарлауынша, 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі бойынша "су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология" басымдығы бойынша Т. ғ. д., профессор Александр Анатольевич Волненко AP09260240 "байланыс аймағындағы температураны реттеу мүмкіндігімен ағындардың құйынды өзара әрекеттесу тәсілін әзірлеу және оның негізінде газ тазалау жүйесін құру" жобасын жеңіп алған (03.03.2021 Ж. №3 хаттама). Жобаның мақсаты-Байланыс аймағындағы температураны реттеу мүмкіндігімен ағындардың құйынды өзара әрекеттесу әдісін жасау және оның негізінде энергия сыйымдылығы төмен, тиімділігі жоғары және ішкі құрылғылардың қатты шөгінділермен толып кетуіне жол бермейтін газ тазарту жүйелерін құру. Жобаның идеясы ағындардың құйынды өзара іс-қимылы мен байланыс аймағындағы температураны реттеу есебінен жүргізілетін процестердің төмен энергия шығындарын және қарқындауын қамтамасыз ететін газ тазалау жабдығын құру болып табылады. Алынған нәтижелер ағындардың өзара әрекеттесуінің фазалық-құйынды режимін жүзеге асыратын газ тазарту жүйелерін құру саласындағы ғылым мен технологиялардың одан әрі дамуына серпін береді.
"Оңтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ Профессор Надиров К. С. жетекшілігімен. "мұнай-газ саласы үшін коммерциялық реагенттер алумен мақта гудронын өңдеу" (ИРН - АР08857586) тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде.Жоба "табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар" басым бағыты және "табиғи шикізат пен техногендік қалдықтар негізіндегі көп мақсатты мақсаттағы жаңа материалдар, қолданбалы зерттеулер"мамандандырылған ғылыми бағыты бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде орындалады. Мұның мәні мақта майын өңдеудің жанама өнімі (атап айтқанда, май қышқылдарының дистилляциясы) шикі мұнайды коммерциялық және өнеркәсіптік дайындау кезінде су – мұнай эмульсияларын бұзу үшін коммерциялық реагенттер-деэмульгаторлар алу үшін қолданылады. Аталған реагенттер мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші компаниялар тарапынан айтарлықтай сұранысқа ие және арзан шикізатты пайдалану салдарынан коммерциялық аналогтармен салыстырғанда құны төмен болады. Қазіргі уақытта сабындалған гудронның су фазасынан май қышқылдарын экстракциялау бойынша эксперименттер жүргізілді. "Компоненттер қоспасы – экстрагент" арақатынасының май қышқылдарының экстракция дәрежесі мен тазалығына әсер ету процесі оңтайландырылды. РПА аппаратының пайдалы қуатын арттыру арқылы май қышқылдары мен бөгде қоспаларды алу дәрежесі артады.Қоспадағы май қышқылдарын хроматографиялық анықтау үлгілерде негізінен линол, линолен және олеин қышқылдары басым (әрқайсысы 20% - дан астам), содан кейін пальмитин (18%) және стеарин (2%) бар екенін көрсетті. Одан әрі РВД-2-150 жоғары қысымды реакторында шикі мұнайды деэмульсациялауға арналған компоненттер құрамын алу мақсатында шығатын май қышқылдарын этерификациялау және оксиэтилдеу бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізілетін болады. Алынатын реагенттер мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғыларында мұнайды кәсіпшілік дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Жас ғалымның серпінді зерттеулері беделді журналда
Ғылыми жаңалықтар, зияткерлік қызмет әрқашан мемлекеттің дамуының негізі және өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және бола береді. Ғалымдар қазіргі ғылымның дамуына зияткерлік үлестерін қоса отырып, еліміздің ең құнды қазынасы болып қала бермек.
Auezov University жас ғалымдарының ғылыми жұмысы, олардың жаңашылдық пен шығармашылық ізденіске ұмтылысы отандық және әлемдік ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосуда.
Auezov University-нің жас ғалымы, PhD Назарбек Ұлжалғас Бақытқызының жетекшілігімен жұмыс жасайтын жас ғалымдар командасы «Жабық топырақты жерлерге арналған техногенді қалдықтар негізінде ұзартылған әсері бар қос суперфосфат сапалы органоминералды тыңайтқыш алудың инновациялық технологиясын әзірлеу» тақырыбында серпінді жоба орындауда, жобаның мақсаты техногендік қалдықтардан органикалық минералды тыңайтқыш алудың инновациялық технологиясын әзірлеу болып табылады.
Ерекше зерттеу нәтижелері «Alkaline Extraction of Organomineral Potassium Humate from Coal Mining Waste» MDPI халықаралық басылымының (Швейцария) «Applied Sciences» журналында жарияланды. Мақаланың авторлары жоба орындаушылары: Ulzhalgas Nazarbek, Perizat Abdurazova, Saule Nazarbekova, Dina Assylbekova, Maksat Kambatyrov and Yerkebulan Raiymbekov.
«Applied Sciences» журналының Web of Science базасындағы Engineering бойынша квартилі Q2, Chemistry бойынша - Q3
Сонымен қатар бұл журнал Scopus базасына да енеді. Engineering бойынша CiteScore процентилі 71, Chemical Engineering бойынша - 59.
Мақалада Түркістан облысына қарасты Леңгір кен орнының көмір қалдықтарынан калий органоминералды гуматын алу бойынша зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Фосфор өндірісінің техногендік қалдықтары және көмір қалдықтары органикалық минералды тыңайтқыштар алу үшін минералдық құрамы жеткілікті бағалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар, көмір қалдықтары гумин қышқылын алу көзі болып табылады. Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары техногендік қалдықтарды кәдеге жаратумен, тыңайтқыштар өндіру проблемаларымен айналысатын өнеркәсіп салалары болып табылады.
Жоба жетекшісі Ұ.Б. Назарбекті және жас ғалымдарды құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, ғылыми әзірлемелер жасауды жалғастыра беруді және алдына жаңа міндеттер қоя отырып, оларды табысты шешуді тілейміз!
Ғылыми зерттеулер деңгейі мен қарқыны одан әрі арта берсін! Шығармашылық табыс, жоғары нәтижелер мен лайықты марапаттарға жете беріңіздер!
Мақалаға сілтеме: https://www.mdpi.com/2076-3417/12/7/3658
Журнал бетіне сілтеме: https://www.mdpi.com/journal/applsci
ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ГРАНТТЫҚ ЖОБА НӘТИЖЕЛЕРІ Q1-де!
AP08053015 «Балқаш байыту фабрикасының қалдықтары мен әктастан портландцемент клинкерін алу және мырышты айдау арқылы жоғары температуралы синтез әдісімен кешенді қайта өңдеу» жобасы командасының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері Web of Science базасында Metallurgy & Metallurgical Engineering бойынша квартилі Q1 және Condensed Matter Physics бойынша квартилі Q2 «Materials» журналында мақаласы жарияланды. Аталмыш журнал сонымен қатар Scopus базасына да енеді, CiteScore пбойынша Condensed Matter Physics процентилі 67, Materials Science General Materials Science бойынша процентилі - 65.
Мақаланың атауы - «Processing of waste from enrichment with the production of cement clinker and the extraction of zinc». Мақала авторлары жоба жетекшісі, профессор А.С. Колесников, жобаның АҒҚ PhD Б.Е. Жақыпбаев және Н.Н. Жаникулов, жобаның КҒҚ О.Г. Колесникова және Э.К. Ахметова және жобаның жоғары білікті мамандары Р.М. Кураев және А.Л. Шал.
AP08053015 «Балқаш байыту фабрикасының қалдықтары мен әктастан портландцемент клинкерін алу және мырышты айдау арқылы жоғары температуралы синтез әдісімен кешенді қайта өңдеу» жобасы 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» жас ғалымдарға арналған бағдарламасы бойынша орындалады.
Бұл ғылыми мақалада түсті металл-мырышты газ фазасына бір уақытта айдай отырып, цемент клинкерін алу үшін шикізат қоспасының құрамдас бөлігі ретінде байыту қалдықтарын қайта өңдеу мүмкіндігін термодинамикалық модельдеу әдісімен зерттеу нәтижелері келтірілген. Термодинамикалық зерттеулер арнайы бағдарламалық қосымшаны қолдана отырып, 600-1600°C температура диапазонында жүргізілді. Зерттеулер нәтижесінде авторлар мырыштың цемент клинкерінің минералды түзілуін күшейтуге ықпал ететіндігін анықтады. Атап айтқанда, белиттің пайда болуы Гиббс -0,01 және -323,8 кДж энергия мәндерімен 990,7-ден 1500°C-қа дейінгі температура диапазонында мүмкін екендігі анықталды (бұл стандартты -11,4 кДж процестен жақсы); алиттің пайда болуы Гиббс -0,05 және -402,1 кДж энергия мәндерімен 982,9-дан 1500°C-қа дейінгі температура диапазонында мүмкін (жақсырақ -11,4 кДж стандартты процесіне қарағанда), тиісінше термодинамикалық тұрғыдан алғанда, үшкальций алюминатының түзілуі 600 °C-тан ΔGTo = -893,8 кДж-дан 1500°C-қа дейін, ΔGTo = -1899,3 кДж (стандартты -1570,1 кДж процесіне қарағанда жақсы); және төрткальций алюминоферриттің түзілуі 600°C-тан ΔGTo = -898,9 кДж-дан 1500 °C-қа дейін температура диапазонында мүмкін. ΔGTo= -1959,3 кДж (стандартты -1570,2 кДж процесіне қарағанда жақсы), сәйкесінше мырышты одан әрі ұстау және қолдану үшін газ тәрізді күйге бір уақытта айдау анықталды.
Бұл жұмыс цемент клинкерін өндіруде және мырыш айдамаларын алуда техногенді қалдықтарды жою мақсатында қайталама шикізат ретінде пайдалануға айтарлықтай үлес қосады.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде дамытуға ықпал ететін жас ғалымдарын мақтан тұтады!
Мақала авторлары мен жоба жетекшісі профессор А.С. Колесниковты шын жүректен құттықтаймыз және оларға жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!
Мақалаға сілтеме: https://www.mdpi.com/1996-1944/15/1/324
Журнал бетіне сілтеме: https://www.mdpi.com/journal/materials
Әлемнің ең үздік ғалымдарымен бәсекелесеміз!
Әр ғалым үшін, әсіресе гранттық жобаны жүзеге асыратын ғалым үшін, ең беделді ғылыми журналдарда көпжылдық еңбегінің нәтижелерін жариялау өте маңызды екені белгілі.
Химия ғылымдарының докторы, профессор Казим Садықұлы Надировтың жетекшілігімен орындалып жатқан AP08857586 «Мұнайгаз салаларына арналған коммерциялық реагенттерді алу үшін мақта гудронын өңдеу» жобасының ғылыми зерттеу нәтижелері «Processes» (2022, 10, 811) журналында жарияланды. Бұл жоба іске асыру мерзімі 27 айлық гранттық қаржыландыру шеңберінде орындалуда.
«Freshly Milled Quartz Particles Obtained from River Sand as an Efficient Natural Demulsifier for Crude Oil Emulsions» мақаласының авторлары Kazim Nadirov, Manap Zhantasov, Zhanna Nadirova, Nurlybek Otarbaev, Gulmira Bimbetova және Rashid Nadirov жоба орындаушылары болып табылады.
«Processes» журналы Web of Science Core Collection базасында Science Citation Index Expanded индекстеледі және квартилі Q2.
Scopus базасының Chemical Engineering (miscellaneous) бойынша CiteScore процентилі 42.
Мақала мұнайды деэмульсациялау үшін кварц құмын реагент қоспасы ретінде қолдану мәселесіне арналған. Бұл мақалада өзен құмынан алынған бастапқы және жаңа ұнтақталған кварц бөлшектерінің (FMQ) эмульсиясына қатысты демульгациялық қабілетіне салыстырмалы зерттеу жүргізілді. Зерттеулер көрсеткендей, шикі эмульсияның рН -ы 6,7, ал рН-ның жоғарылауы тұзды су/шикі мұнай шекарасының беткі кернеуін, эмульсия тұрақтылығын төмендетінін көрсетті.
Жоғары экологиялық таза және арзан болуына байланысты шикі мұнайды деэмульгациялауда өзен құмынан алынған FMQ қолдану өте перспективалы болып табылады.
Авторларды Q2 шыңын бағындыруымен құттықтаймыз, жемісті жұмыс және Q1 бағындыруды тілейміз!
Журналға сілтеме https://www.mdpi.com/journal/processes
Мақалаға сілтеме https://www.mdpi.com/2227-9717/10/5/811
Ғылыми жобалар мен бағдарламалар департаменті 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысымен «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» басымдығында AP13068539 «Разрешимость задач для дифференциального уравнения параболического и гиперболического вида четвертого порядка с инволюцией и их дробных аналогов» жобасы жеңіске жеткенін қуана хабарлайды.
Жоба жетекшісі - жас ғалым, PhD Сәрсенбі Әдісалам Әбдіжаханұлы.
Жобаның мақсаты – инволюциясы бар дифференциалдық теңдеулерді шешу теориясын одан әрі дамыту. Жас математиктер командасы келесі міндеттерді қойып отыр: инволюциясы бар төртінші реттік оператордың өзіндік функцияларының базистілігін дәлелдеу; теңдеулік аралас есептердің шешілуін көрсету.
Зерттеу нәтижелері дифференциалдық теңдеулердің шешілу теориясын дамытуда өте маңызды.
Жоба жетекшісі жас ғалым Сәрсенбі Әбдісалам Әбдіжаханұлын және жас ғалымдар тобын құттықтаймыз, қызықты идеялар, үлкен жаңалықтар, жоғары нәтижелер тілейміз!
Ғылымға жастар келуде!
М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті ҚР БҒМ жариялаған 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесінде «Пробиотиктер мен антиоксиданттар қосылған инновациялық функционалды биосүтқышқылды өнімдер өндіру технологиясын жасау» жобасы жеңіске жеткенін хабарлайды.
Жоба жетекшісі «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің жас ғалымы, PhD Өтебаева Айдана Асқарқызы.
Жобаның мақсаты - жергілікті табиғи өсімдік шикізатынан алынған биологиялық белсенді заттар сығындылары негізінде пробиотикалық микроорганизмдерді (бифидо-және лактобактериялар) белсендендірудің биотехнологиялық процесін жетілдіру жолымен инновациялық инновациялық функционалды биоқышқылды сүт тағамдарының жаңа түрлерін әзірлеу, сондай-ақ дұрыс тамақтануға, адамның өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға арналған табиғи антиоксиданттары бар функционалдық тамақ өнімдерін жасау.
Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасында алғаш рет жергілікті шикізаттардан: түркістан доланасынан (Crataegus turkestanica), мойылдан (Prunuspadus) және дәрілік қандышөптен (Sanguisorba of ficinalis L.) алынған антиоксиданттардың лактобактериялар мен бифидобактериялардың өсуіне әсері зерттелетін болады және осының негізінде алғаш рет құрамында пробиотиктер (Sanguisorba of ficinalis L.) бар инновациялық функционалдық биоқышқылды сүт өнімдерін алу технологиясы әзірленетін болады.
А.А. Өтебаеваны және жас ғалымдар командасын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, ғылыми-зерттеу жоспарларын іске асыруды және жаңа биіктерге жетуді тілейміз!