Байқау

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы шетелден келіп білім алып жатқан тыңдаушы арулар арасында «Мисс подкурс» сайысын өткізді. «Қыз – ұлт болашағы» деп аталатын бұл байқау А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында өтті. Дайындық орталығының әсем аруларының ішінен сайысқа 5 тыңдаушы қатысты: Олар:

  1. Елтай Ақбота
  2. Пардабаева Дильноза
  3. Ширинханова Дилнура
  4. Алишерова Сабрия
  5. Ауелова Ақниет.

Байқаудың  әділқазылар алқасы болып, аталмыш кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Муртазаева Аяш, Кітапхана қызметкері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Сейітов Сүндет және орталықтың оқытушылары Момынова Пернекүл, Қасымхан Ғалым әділ бағаларын беріп отырды.

Төрт кезеңнен тұратын бұл байқауда аруларымыз қойылған  сұрақтарға жүйелі жауап беріп, әуелете ән шырқап, бұрала биге басып, халқымыздың ұлттық киімдерін құлпырта киіп, өздерінің бар өнерлерін ортаға салып, қазақ қыздарының сұлу да ақылды, өнерлі екендігін айқындай түсті.

Сайыс соңында Ширинханова Дилнура І орынды, Елтай Ақбота ІІ орынды, Ауелова Ақниет ІІІ орынды иеленсе, Алишерова Сабрия «Көрермен көзайымы» номинациясын,  Пардабаева Дильноза «Өнерлі ару» номинациясын иеленді.

Дайындық орталығындағы әсем аруларымызды қолдап, сайыс арасында Серпіл Бақытбекұлы «Адай» күйін күмбірлетсе, Дауылбеков Айдос «Сыған серенадасы», Мамаева Мадина «Number one girl» әнін жанды дауыста құйқылжыта шырқап ортаны думанға бөледі.

Байқау қорытындысында дайындық орталығының басшысы Камалдинов Рахымбек, ақпараттық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Муртазаева Аяш, ақын Сүндет Сейітовтер тыңдаушы аруларымыздың бүгінгі көрсеткен өнерлеріне шынайы бағасын беріп, марапаттарын табыстады. Сонымен қатар,  бүгіні байқауды жақсы ұйымдастырып, барлық іс-шараларға белсенділік танытқаны үшін дайындық орталығының оқыушылары Орынхан Сымбат, Тұрсынбаева Ұлдана, Жұмаділлаева Умияны орталық басшысы Алғыс хатпен марапаттады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.