Жатақхана ханшайымы - 2019

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік колледжі мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының ұйымдастыруымен №6 жатақханада 10.12.2019 күні «Жатақхана ханшайымы - 2019» сайысы өткізілді. Сайысқа №6 жатақханада тұратын колледж бен дайындық орталығының студенттері мен тыңдаушылары қатысты. Байқауда Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры С.А. Мәжінбеков, департамент директорының орынбасары М.Т.Айтымбаев, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы М.Е.Исмайлова, орталықтың аға тәлімгері А.Жанбай, колледж тәрбиешісі Х.Қаратаева және Ұ.Байтақов, Н.Досыбай сынды оқытушылар қатысты. 

Сайысқа қатысқан қыздар қазақтың ырым-тыйымдары мен салт-дәстүріне қатысты өз өнерлерін ортаға салды.Сайыста ерекше өнер көрсеткен жастар тиісті жүлделі орындарға ие болып, оқу орны әкімшілігі тарапынан марапатталды.

Бірінші орынды колледж студенті Уренбаева Сапаркүл, екінші орынды орталық тыңдаушылары Құдайбергенова Зарина, ал үшінші орынды Түкиева Жансая иеленді.

Бұл іс-шара көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.