Достық пен ынтымақтастықтың символы

Жуырда Түрікменстан Республикасының еліміздегі елшілігінің бірінші хатшысы Н.Таганов, осы елшіліктің консулдық бөлімінің өкілі Н.Худайназаров жұмыс сапарымен қаламызда болып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да түрікменстандық студенттермен кездесті. Біздің Шетел студенттері факультетінде білім алатын олар халқымыздың тарихына, салт-дәстүріне құрметпен қарап, ана тілімізді де игеруге күш салуда.
Осынау шараның ашылу салтанатында сөз алған университетіміздің оқу ісі және ақпараттық технологиялар проректоры Қ.Байболов бауырлас халықтар арасындағы білім саласындағы бұл әріптестіктің алдағы күнде де жалғаса беретінін айтып, мәртебелі меймандарды университет мұражайынамен таныстырды.
Мұнан кейін оқу орнымыздың конференц-залында дөңгелек үстел өтіп, жиында сөз алған қонақтар И.Таганов пен Н.Худайназаров екі ел арасындағы бұл рухани байланыстың берік ынтымақтастыққа ұласатынына сенім білдірді. Сондай-ақ олар өз қандастарының қоғамдық-мәдени шаралардағы жетістіктерімен, білім нәтижелерімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен де толыққанды танысты.
Өз кезегінде ШСФ деканы, т.ғ.д. С.Әлібек бүгінде факультетте 363 студент білім алып отырғандығын айтып, олардың ішінде әсіресе М.Халбаев, А.Хамраев секілді белсенді де өнерлі жастардың түрлі сайыстар мен диспуттарға, ғылыми конференцияларға ұдайы қатысып, марапаттарға ие болып отырғандығын мақтаныш пен жеткізді.
Сондай-ақ ол университетте білім алуға ниетті шетелдік жастардың да жыл санап артып отырғанын, әсіресе түрікменстандық жастардың педагогикалық мамандықтарға да қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар С.Жораева, А.Хамраев секілді студенттер де өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Кеш соңы керемет концертке ұласып, «Аружан» тобы ұлттық бимен сахна шымылдығын ашса, А.Бешимовтың орындауындағы «Түркіменстан» әні, «Дағдан» би тобының орындауындағы «Күш депті» биі де көрермен жастардың көңілінен шықты
Әсерлі кездесуді қорытындылаған факультет деканы С.Әлібек пен Түрікменстан елшілігінің өкілдері өнерлі жастарға өз алғыстарын айтып, білім мен өнер биігін бағындыруда әрдайым алда бола берулеріне тілектестік білдірді.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.