Шымкент қаласының әкімі Айтенов Мұрат Дүйсенбекұлы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің материалдық техникалық базасымен, ғылыми – заманауи лабораторияларымен танысты.

Бүгін, 17 қыркүйек күні Шымкент қаласының әкімі Айтенов Мұрат Дүйсенбекұлы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің материалдық техникалық базасымен, ғылыми – заманауи лабораторияларымен танысты. Университетің оқытушы профессор құрамы және де жас ғалымдар әкімге өз кәсіпкерлік-инновациялық, аграрлық және өнеркәсіптік салалары бойынша қаламыздың дамуына зор үлесін қосатын жобаларын ұсынды.

Университет ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова университет дамуының 3.0 стратегиялық жоспарымен бөлісіп, SMART SQUARE студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен, Мұхтартану орталығымен, Парасат адалдық алаңыныңмен, цифрландырылған  университет  жобасымен танысты.

Екі жақты кездесу барысында Шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық даму барысы және перспективті  даму жолдары қарастырылды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.