Жоғары мектеп деканы

т.ғ.к., доцент Шертаев Ерман Тельманович

Мекен-жайы: М.Әуезов атындағы ОҚУ, «4» ғимараты, 608 бөлме

Телефон: 8(7252) 21-19-69

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


"АТжЭ" ЖМ-нің Оқу және оқу-әдістемелік жұмысы

бойынша Декан орынбасары

Иманбаева Айгуль Баратовна

Мекен-жайы: М.Әуезов атындағы ОҚУ, «4» ғимараты, 608 бөлме

Телефон: 8(7252) 21-19-69

"АТжЭ" ЖМ-нің ғылыми жұмыстары және

инновация жөніндегі Декан орынбасары

Тилеуов Ғамидулла Есболұлы

Мекен-жайы: М.Әуезов атындағы ОҚУ, «4» ғимараты, 607 бөлме

"АТжЭ" ЖМ-нің Тәрбие жұмысы және

әлеуметтік мәселесі жөніндегі Декан орынбасары

Нұрмағамбет Саян Досжанұлы

Мекен-жайы: М.Әуезов атындағы ОҚУ, «4» ғимараты, 607 бөлме

Жалпы мәлімет

Ақпараттық технологиялар факультеті өзінің бастауын 1962 жылы Қазақ химия-технологиялық институтында «Химиялық өндірістерді автоматтандыру» кафедрасының ашылуымен және «Химия-технологиялық өндірістерді автоматттандыру және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша алғашқы талапкерлерді қабылдауымен байланыстырады. Бастапқыда кафедра Механикалық факультет құрамында болған. 1982 жылы «Химиялық өндірістерді автоматтандыру» кафедрасынан «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасы жеке кафедра болып бөлініп шықты және 1989 жылы осы кафедрада «Химиялық кибернетика» мамандығы ашылды. 1982-1988 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институтында «Автоматтандыру және тоңазытқыш техникасы» факультеті жұмыс атқарды. 1991 жылы «Химиялық технологиялар және кибернетика» факультеті құрылды.

1997 жылы «Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер» факультеті ресми түрде ашылды. 2002 жылы Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер факультетінде 5 мамандық бар болатын, оның ішіндегі 3 мамандыққа «Информатика»  және «Электр энергетикасы» қосылды, 2 жылдан кейін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы ашылды. 50 жылдан астам тарихы бар факультетте 8 мамандық бойынша жоғары білімді 5 мыңнан астам мамандар білім алып шықты, 82 ғылым кандидаттары  және 10 ғылым докторлары даярланды.

Іс жүзінде Шымкент және Тараз қалаларының химиялық кәсіпорындарын 90%  автоматтандыру инженерлерімен қамтамасыз етуде,  сонымен қатар банк жүйесінде, Шымкент қаласындағы өнеркәсіп ақпараттық жүйелердегі инженер-бағдарламалаушы қызметін атқарушы мамандардың жартысынан көбі факультет түлектері болып табылады.

1997 жылы «Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер» факультетін т.ғ.д., профессор Ескендиров Шәріпжан Заханұлы басқарды.

1999-2001 жылдары факультет деканы болып ф-м.ғ.к., доцент  Бименов Мырзағали Аязұлы тағайындалды.

2001-2004 жылдары т.ғ.д., профессор Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы факультетке басшылық жасады.

2004-2008 жылдары ф-м.ғ.д., профессор Тұрмамбеков Төребай Әбдірахманұлы факультет деканы болып қызмет атқарды.

2008-2009 жылдары факультет деканы (сол уақытта АТТАжЭ институт директоры) ф-м.ғ.к., доцент  Медетбекова Рыскүл Әшімәліқызы болды.

2009-2019 жылдары факультет деканы ф-м.ғ.к., доцент Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы болып, қызмет атқарды.

2020 жылдан Жоғары мектеп деканы қызметін к.т.н., доцент Шертаев Ерман Тельманұлы атқарып жатыр.

2012 жылы факультет атауы «Ақпараттық технологиялар» факультеті болып өзгертілді.

2014 жылы факультет атауы «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі болып өзгертілді.

Профессор-оқытушылар құрамында 1 ҚР ҰҒА академигі, 11 ғылым докторы, 47 доцент пен ғылым кандидаттары, 4 жоғары мектеп еңбек сіңірген қайраткері және 4 ҚР ЖОО үздік оқытушысы бар Жоғары Мектеп bұжымы, студенттер және магистранттардың қатысуымен бірнеше бағытта ғылыми зерттерулер жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда Жоғары Мектепте тәлім алатын студенттердің жалпы саны – 1122, оның ішінде грант негізінде білім алатындары – 525.

Жоғары Мектеп студенттері және магистранттары Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ, Малазия және Түркия жоғары оқу орындарында оқып жүр. Оқудағы үздік білімі, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және ғылыми ізденістері үшін Жоғары Мектептің 12 студентіне – Президенттік шәкіртақы тағайындалды.

Қазіргі уақытта Жоғары мектепте 6В06140-«Математикалық және компьютерлік модельдеу», 6В07110-«Автоматтандыру және басқару», 6В06130-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В06120-«Ақпараттық жүйелер», 6В07150-«Электр энергетикасы», 6В07140-«Жылу энергетикасы», 6В06210-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша мамандар дайындалуда.

Жоғары Мектепке қарасты кафедралардағы оқу үрдісі фундаменталды физика-математикалық дайындықты көздейтін және жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, прогрессивті ғылыми-техникалық және педагогикалық концепциялар негізінде құрылған.

 

МАМАНДЫҚТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

6В06140-Математикалық және компьютерлік модельдеу

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: ғылыми зерттеу мекемелері; телекоммуникация мекемелері; білім беру мекемелері; түрлі өнеркәсіп орындары.

Жұмысқа орналасу орындары: ұйымдық-басқару ұйымдарда маман, бас маман, бас инженер, инженер-бағдарламалаушы; орта-арнайы және техникалық білім алатын мекемелерде математика, информатика, физика пәнінің мұғалімі; жүйелік әкімшілік программисті; математикалық және компьютерлік пішіндерді жасау және математик-программист ретінде жобалау мекемелерінде қызмет атқарады.

6В07110-Автоматтандыру және басқару

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Басқару және автоматтандыру бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Түлектер өндірістің барлық саласында ақпаратты өңдеу әдістері мен құралдарын қолдана отырып, басқару мен техникалық жүйелерге байланысты автоматтандыру, басқару және ақпараттандыру жұмыстарымен айналысады. Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысандары әртүрлі өндірістердің технологиялық процесстерін автоматтандырылған басқару жүйесі, әртүрлі бағыттардағы автоматтандырылған ақпаратты басқару жүйелері, әртүрлі бағыттағы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және жіберудің автоматтандырылған жүйесі, жүйелерді, объектілерді, құрылғыларды жобалаудың автоматтандырылған жүйесі, әртүрлі өнімдерді өндіруді технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі, өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы бөлшектерді, бұйымдарды, тораптарды, құрылғыларды кешенді сынаудың автоматтандырылған жүйесі бола алады. Кәсіби қызметінің түрлері – сервистік-эксплуатациялық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқарушылық, жобалау-конструкторлық, эксперименттік-зерттеу қызметі. Жұмысқа орналасу орындары: Әртүрлі өндірістер, кәсіпорындар, мекемелер, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, автоматизация менеджері ретінде әртүрлі фирма және компанияларда қызмет атқарады.

6В06120-Ақпараттық жүйелер

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Бітірушілердің қызмет ету саласына мемлекеттік және жеке өнеркәсіптер мен ұйымдар, түрлі аумақтағы құрылатын, ендірілетін және қолданылатын ақпараттық жүйелер саласында.

Жұмысқа орналасу орындары: машина жасау, металлургия саласында, көлікте, телекоммуникацияда, білім және ғылым саласында, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету орталарында, әкімшілік басқармаларда, экономика және бизнесте, қызметтің барлық іске асатын түрлі технологиялармен басқару салаларында қызмет атқарады.

6В06130-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын және іске қосатын, өңдейтін мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады. машина жасау, көлік, металлургия, телекоммуникация, білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика және бизнес, әртүрлі техникалармен басқару, қызмет етудің барлық саласында.

Жұмысқа орналасу орындары: машина жасау, көлік, металлургия, телекоммуникация, білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, қызмет көрсету мекемелерінде қызмет атқарады.

6В07150-Электроэнергетика

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Электроэнергетика бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: бітірушілердің кәсіби қызметі ғылым мен техника аймағы болып табылады. Ол электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдайлар құруға бағытталған технология, құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығынан тұрады. Бакалавр төмендегі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: электр станцияларының және қосалқы станцияларының, электр жүйелері мен тораптарының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін, өнеркәсіптің түрлі салалық кәсіпорындарын электрмен жабдықтау, электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғаныс және автоматтандырылуы, жарық техникасы және жарық көздері, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшамалау және кабельдік техниканың, электрмеханиканың дәстүрлі емес және энергияның қайта жаңғырылатын техникалық қызметін және қызмет ету сапасын бақылау, жетілдіру, жаңғарту және жақсартуды жүргізеді.

Жұмысқа орналасу орындары: АЭС, ГЭС, подстанциялар, телекоммуникация мекемелері; машина құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп орындары, ғылыми зерттеу мекемелері; білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

6В07140-Жылуэнергетика

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: жылуэнергетика бакалавры

Бiтiрушiлердiң кәсiптiк қызметi энергетикалық жүйелер мен кешендер; автономдық обектiлердi энергиямен жабдықтау жүйелерi; энергетикалық қондырғылар; дәстүрлі емес және қайталанатын энергия көздері негізіндегі энергетикалық қондырғылар және кешендер; өндірістің жылутехнологиялық қондырғылары; жылуды өндіруші, таратушы және қолданушы технологиялық қондырғылар.

Жұмысқа орналасу орындары: жылу электр станциялары; өндiрiстiк және жылытулық қазандары; энергиятасығыштарды өндіру және тарату; жылыту және жылу желілері; жылу тәсілдемелік және жылу энергетикалық өнеркәсібтерінде бакалаврлар 1-категориялы техниктердің бастапқы қызметтеріне, кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер-лаборанттардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері қызметтеріне олардың еңбек стажына талап қойылмастан алынады.

6В06210-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Кәсіби қызмет ету өрісі адам іс-әрекетінің ақпаратты қашықтықтан алмасуға, ақпаратты электрондық құралдар көмегімен түрлендіруге жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және әдістер жиынтығын қамтитын ғылым мен техниканың саласы болып табылады. Бітірушілердің кәсіби қызмет ету нысандары қатарына сым, радио, оптикалық немесе келесі басқа да жүйелер арқылы таңбаларды, сигналдарды, жазбаша мәтін, бейнелерді, дыбыстарды таратуды қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер, техникалық құралдар және информацияны электрондық құралдар көмегімен түрлендіру жатады, олар – байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері; көпарналы телекоммуникациялық жүйелер; радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, жерсеріктік, радиорелейлік және жылжымалы байланыс жүйелерін қоса алғанда; дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, электроакустика және сөздік информатиканың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары; деректерді тарату жүйелері мен құрылғылары; нысандарды электрондық және компьютерлік басқару, ақпаратты түрлендіру; телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау құралдары; телекоммуникациялық жүйелер мен тораптарды метрологиялық қамтамасыз ету құралдары; телекоммуникациялардағы менеджмент пен маркетинг; телекоммуникациялық құрылғыларды қажетке жарату мен сервистік қызметтер көрсету саласы.

Жұмысқаорналасу орындары: Деректерді тарату жүйелері мен АТС бар кез-келген кәсіпорындарда мекемелерде, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, әртүрлі фирма және компанияларда байланыс менеджері ретінде қызмет атқарады.

 

Анықтамаларды төмендегі телефондар арқылы алуға болады:

Жоғары мектеп деканы  - т.ғ.к., доцент Шертаев Ерман Тельманович, байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-69

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Мусабеков Ахметбек Ахылбекұлы, байланыс телефоны: 8(7252) 30-14-12

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент Ахметова Сабира Тастанқызы, байланыс телефоны: 8(7252) 30-14-12.

«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Изтаев Жалғасбек Дулатұлы, байланыс телефоны:8(7252) 30-05-88.

«Энергетика дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі,  PhD докторы, доцент Турымбетова Гульзухра Джорабековна, байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76.

«Техникалық мамандықтарға арналған шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Мақұлбек Азамат Болатбекұлы, байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76.

«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Джусупбекова Гулзат Тұрысбекқызы  байланыс телефоны:8(7252) 30-05-88.

АТжЭ – Жоғары Мектеп модераторы Айдарова Танжулдыз Нуралиевна , байланыс телефоны: 8(7252) 21-36-53.


Техникалық мамандықтарға арналған шет ел тілдері

 

 

 

 

ЕСЕП 2020-2021

Жарты жылдық есеп 2022-2023

Тех.мам. бойынша шет тілі кафедрасы Жылдық есеп 2022

 

 Жалпы мәліметтер

75 жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да бірнеше шетел тілдері кафедрасы бар. Солардың бірі өзінің негізін 1955 жылы қалаған жарты ғасырдан астам тарихқа ие «Техникалық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы. Кеңес Одағы тұсында ҚазХТИ құрамында жұмысын жандандырған ұжымның асқан белестері, қол жеткізген жетістіктері мен жинаған тәжірибесі аз деуге болмайды. Осы уақыт аралығында ұжымға бес кафедра меңгерушісі Р.М.Ким, Н.Ф.Сокольская, Х.Т.Оспанова, Г.К.Карбозова, А.Б.Мақұлбек, сынды филология ғылымдарының кандидаттары басшылық жасап, әрқайсысы өздерінің күш жігерімен, тың идеяларымен кафедра тарихында өзіндік ізін қалдырып келеді.

Бүгінгі таңда кафедра шетел тілін оқытудың заманауи үлгілерін қолданып, халықаралық талапқа сай жауап бере алатын ұжымдардың бірінен саналады. Бұған 2008 жылы «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультетінің жеті мамандығын, 2010 жылы «Ақпараттық технологиялар» факультетінің төрт мамандығын халықаралық аккредитациядан өткізу барысында көрсеткен студенттердің және кафедра оқытушыларының неміс және ағылшын тіліндегі жұмыстарының нәтижесіне Германияның ASIIN аккредиттеу орталығы эксперттерінің берген «өте жақсы» деген бағасы дәлел бола алады.

Осындай жақсы жетістіктерге кафедрада жүргізілетін халықаралық байланыстар бойынша атқарылған жұмыстар негіз бола алады. Атап айтсақ, бірнеше халықаралық бағдарлама грантын иемденіп кафедра доценті Хадиша Оспанова өзі меңгерушілік қызмет еткен жылдары Американың Иллинойс штатында (1997), Огайо штатында (2002) бес айлық тағылымдамада, Ұлыбританияның Уэльс қаласында (2005) семинарда; аға оқытушы Бибі Дарибаева Францияның Монпелье қаласында (2000) педагогикалық тағылымдамада; филология ғылымдарының кандидаттары Гүлнара Карбозова мен Мөлдір Шоймановалар Англияның Кембридж университетінде (2010) ғылыми тағылымдамада, аға оқытушы Ырыскүл Избасова Германияның Фрайбург (2012) қаласында біліктілікті жоғарылату семинарында болып, алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін әрдайым оқытушылармен бөлісіп, сабақ барысында қолданылып, нәтижесі іс жүзінде көрсетілуде.

Оқытушылардың кәсіби білімі мен біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп отыруы үлкен шеберлікке бастайтын жол екенін, ал ол жолда көптеген шығармашылық ізденістер қажет екенін жете түсінетін кафедраның қазіргі меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Азамат Мақұлбек бұл бағытта ұжым мүшелеріне демеу беріп, назарынан тыс қалдырған емес. Ағымдағы оқу жылында ұжым меңгерушісінің бастамасымен кафедрада түрлі деңгейдегі әдістемелік семинарлар ұйымдастырды. Тек біздегі шетел тілін оқытудың әдістерімен ғана емес, өзге елдердің озық үлгідегі тәжірибелерін зерттеу, жинақтау, танысу, оларды практикалық сабақтарда қолдану мақсатында да шет елдерден келген оқытушылар мен тіл тасымалдаушылардың жүргізуімен бірнеше семинарлар ұйымдастырылды. Айталық, осы жылдың мамыр айында Берлиннен келген DAAD өкілі Яна Боем біздің университетте оңтүстік аймағы оқытушылармен екі күндік біліктілікті жетілдіру семинарын  және АҚШ-тың Кентукки университетінің PhD докторы, профессор Миранда Стюарт пен Крейтон университетінің докторы Лидия Купер және тағы басқа тіл мамандарымен біліктілікті жоғарылату мақсатында жүргізген тағылымы мол, қызықты  семинарларға куә болдық.

«Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасының     аға оқытушысы Шымырбекова Айгүл қазан айы 2014 пен мамыр айы 2015 жылдар аралығында Ұлыбритания елі, Лестер қаласының Лестер Университетінде «Білім беру Менеджменті» тақырыбында алты айлық тағылымдамадан өтіп келді.

Тағылымдаманың мақсаты білім беру процесінде дәстүрлі тәсілмен қатар жаңашыл технологияларды пайдалану арқылы білім берудің сапасын арттыру және әр түрлі сандық оқыту мүмкіндіктеріне қол жеткізу.

Тәрбие мен оқудың егіз екенін негізгі ұстанымына айналдырған ұжым оқытушылары студенттерді шетел тілінде қарым-қатынас жасауға дағдыландырып ғана қоймай, аудиториядан тыс уақыттарында сан түрлі тақырыптарға «әңгіме, дөңгелек үстел, пікірталас, сайыстар, тәрбие сағаттарын» өткізіп дәстүрлі түрде қаладағы балалар үйіне  олардың жан-жақты жетілген тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасап отырады.

Осы кафедраның аға оқытушысы Конанова Анар Есиркепқызы Қазақстандағы Франция елшілігінің ұйымдастыруымен ұлттық педагогикалық жобаны жеңіп алып, Франция мемлекетінің Гренобль қаласында Стендаль Университетінің Тілдік орталығында 2016 жылдың 18 шілде мен 30 шілде аралығында педагогикалық тағылымдамадан өтіп келді.

Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ырыскуль  Избасова үстіміздегі 2017 жылы қыркүйек айының 17-30 аралығында Германияның Геннигсдорф қаласында іс сапармен болып қайтты. Ы.Избасованың жетекшілігімен 14 пен 17 жас аралығындағы 10 оқушыдан тұратын топ жұмысы жоба талабы бойынша үздік танылып, жоба жеңімпазы ретінде Германия Федеративтік республикасына 14-күндік саяхатқа жолдаманы жеңіп алды.

“The Belt and The Road” тақырыбында 04.06.2018 – 18.06.2018 аралығында Бейжің  Химия Технология Университетінде кафедраның аға оқытушылары Мамбетова Гульжан Тоқмуратқызы, Байдабекова Мейіргул Сұлтанбекқызы, Кудасбекова Айгул Берікқызы, Томарбаева Салтанат Тойлыбайқызы, Айтбекова Жансая Нұрғалиқызы тағылымдамадан өтіп келді. Онда шет тілдер кафедрасының оқытушы құрамымен танысып, “Comprehensive Ehglish”, “Academic writing”, “Teaching English as a Foreign Language in the New Global Context” тапқырыбында семинарларға қатысып келді.


Ақпараттық жүйелер және моделдеу

Кафедра меңгерушісі

Изтаев Жалғасбек Дулатұлы

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен-жайы: Шымкент қ., 486018, Тәуке хан даңғ. 5, ОҚУ,  «4» корпусы, 7-қабат, 701 каб.

Телефоны: 8(7252) 30-05-88

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

►Профессор – оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет

«Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасында мына мамандықтар бойынша мамандар әзірленеді:

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ  МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

6B06120 – Ақпараттық жүйелер

7M06120 – Ақпараттық жүйелер

6В06140-«Математикалық және компьютерлік моделдеу»

6В06121–«Жасанды интеллект технологиялары»

7М06140- «Математикалық және компьютерлік модельдеу» 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:

6В06120–«Ақпараттық жүйелер»

7М06120- «Ақпаратты жүйелер»

6В06141-«Виртуалды шындықты модельдеу және құру»

6В06140-«Математикалық және компьютерлік моделдеу»

7М06140- «Математикалық және компьютерлік модельдеу»

6В06121–«Жасанды интеллект технологиялары»

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

КЭД 6В06140-«Математикалық және компьютерлік моделдеу»

КЭД  7М06140- «Математикалық және компьютерлік модельдеу»

КЭД 6В06120–«Ақпараттық жүйелер»

КЭД 7М06120- «Ақпаратты жүйелер»

 

Түлектерді жұмысқа орналастыру 

СӨЖ 2022-20223жж.

 «Ақпараттық  жүйелер және моделдеу » кафедрасының тарихы

2017 жылы қыркүйек айынан бастап «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы мен  «Математикалық тәсілдер және модельдеу» кафедрасы біріктіріліп, кафедра атауы «Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасы болып өзгертілді.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Экономикалық кибернетика кафедрасының негізінде құрылған. Кафедра даярлайтын мамандар:

  • екі білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар: 6В06120 – «Ақпараттық жүйелер» және 6В06140 – «Математикалық компьютерлік модельдеу»;
  • екі білім беру бағдарламасы бойынша магистрлар: 7М06120 – «Ақпараттық жүйелер» және 7М06140 – «Математикалық компьютерлік модельдеу»;

 «Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының магистрлері шет елдерде іс-тәжірибеден өтеді. «Ақпараттық жүйелер» және «Математикалық компьютерлік модельдеу» мамандығын бітірген түлектер «Қазақтелеком» АҚ , ІІМ, ҰҚК, «Салық комитеті», «Южполиметал» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, Қазақстанның кез-келген банк саласында және облыстық, аудандық деңгейлерде, жоғары оқу орындарында т.б. салаларда қызметтер атқаруда.

Кафедраны құрылған күннен бастап э.ғ.к., доцент Өтебаев Қалмұрат Әбдіразақұлы басқарды. Қазіргі таңда кафедраны п.ғ.к., доцент Изтаев Жалғасбек Дулатұлы басқаруда. Қазіргі таңда кафедра профессор-оқытушылар құрамы 28 штаттық бірлікті құрайды, олардың шінде  4 - ғылым докторы, профессор, 2- PhD – докторы,  10- ғылым кандидаты, доцент және 9 магистр оқытушылар қызмет атқаруда.

Елбасымыздың “Үш тұғырлы тіл”  саясатын қолдау мақсатында университет тарапынан «Global Intership» Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы тіл дамыту мақсатында “Ақпараттық жүйелер” кафедрасының доценті С.Б.Ботаева 2016 жылы Италия мемлекетінде біліктілігін арттырды.

“Өрлеу” оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша “ Ақпараттық жүйелер” кафедрасының оқытушысы А.А.Мугалбекова 2015 жылы Испания мемлекетінде Валенсия Политехникалық университетінде тәжірибе алмасып біліктілігін арттырды.

Кафедра доценті Х.Б.Исмаилов «Болашақ» бағдарламасы  бойынша  М.Ломоносов атындағы ММУ ғылыми іс-тәжірибеден 2014 жылдың наурыз айында өтті (Москва қаласы).

Кафедра түлектері Д.Алимтаев магистрлік оқуын Малайзияда жалғастырды, Ж.Сарсенов «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны Англияда  оқып бітіріп, Астанада «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ-да басқарма бастығы болып қызмет атқарады, бұдан басқа, мысалыға атап айтар болсақ, түлектеріміз А.Башенов Шымкенттегі экономика колледжінің директоры, Е.Акимов Алматы қаласында  «Қазақстанның жібек жолы» ЖШС-нің бас директоры,  М.Молдарасилов Шымкенттегі «Назарбаев зияткерлік мектебінде» ақпаратты технология бөлімін, К.Б.Исмаилов Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің ұйымдастыру талдау бөлімінің басшысы, К.А.Рашидов «Қазақстан халық банкі» АҚ ОҚОФ Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы,  Б.Борашев «Инвест строй» ЖШС-ның директоры, Ф.Рахимов автомобильдерді компьютерлік диагностикалау фирмасының директоры, Г.Баянбаева Халық банкіндегі ШОБ маманы, А.А.Абдувалиев «Information Technologies Invest Group» ЖШС-ның бас директоры қызметтерін атқаруда.

Кафедраның түлектері өндірістерде, мекемелерде  және фирмаларда  «Бағдарламалаушы» немесе ақпараттық жүйелер маманы ретінде жұмыс істей алады. Кафедраның ҚР-ның және шет елдердің жоғарғы оқу орындарымен ғылыми байланыстары бар, атап айтар болсақ, Вессекс технологиялық институты  (Англия),  Чехия политехникалық институты (Чехия), М.Ломоносов атындағы ММУ (Москва қаласы), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті және т.б.

«Математикалық тәсілдер және модельдеу» кафедрасы 1993 жылдың желтоқсанында құрылды. Ең бірінші кафедра  меңгерушісі болып физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Садыбеков Махмуд Абдысаметұлы тағайындалды, қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай «Жоғары математика» мен «Қолданбалы математика» екі кафедраны қосып үлкен жұмыс атқарды. Кафедраны 1996-2003 жылдар аралығында физика-математика ғылымдарының докторы, академик Кальменов Тынысбек Шәріпұлы басқарды. Одан кейінгі жылдары кафедраны ф.-м.ғ.к., доцент Р.Ә.Медетбекова, ф.-м.ғ.к., доцент С.А.Жаппаров, ф.-м.ғ.д, профессор Ә.М.Сәрсенбі,  ф.-м.ғ.к., доцент А.Б.Иманбаевалар басқарды. 

Профессор Исмаилов Б.Р. 2012-2014 жж. «Қосымша қауіпті техногенді апаттардың салдарын болжамдаудың математикалық моделдерін және программаларын құру» тақырыбындағы сомасы 22 млн.тенгелік гранттық ҒЗЖ орындады. Оның нәтижелері ҚР ТЖМ-іның облыстардағы төтенше жағдайлар департаменттерінде қолданылуда. Исмаилов Б.Р. 2007ж. «Жылдың үздік оқытушысы», 2006ж. дан Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі.

Профессор Муратов Ә.С. 2009ж «Жылдың үздік оқытушысы» номинациясының иегері болды.

Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігі туындаған бүгінгі күні цифрлы технологияны, ақпараттық технологияны ел өміріне енгізуді жүйелі жасау үшін кафедрамыз өз үлесін қосады деп сенімді түрде айта аламыз.

«Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасы профессорларының  ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттары

     

Тәрбие жұмыстары

Кафедра профессор-оқытушыларының негізгі қызметінің бірі студенттерге жоғары сапалы білім берумен қатар, оларды рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық негізде тәрбиелеу болып табылады.

«Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасында 20 академиялық  топ оқиды: 15 қазақ және 5 орыс тобы. Әр топқа топ тәлімгерлері бекітілген.

«Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының тәрбие жұмысы 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес кафедра өзінің іс-шаралар жоспарын жасап, бекітеді. Осы мақсатта жыл сайын көптеген іс-шаралар, оның ішінде «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Үздік студент», «Менің таза қалам», «Тәуелсіздік тірегім», «Салауатты өмір-денсаулық кепілі», «Дін және дәстүр», жастар арасында нашақорлық мәселелерін талқылау бойынша семинар, дөңгелек үстел, пікір-сайыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Кафедрада студенттермен денсаулық сақтау, дін өкілдерімен, жұмыс берушілермен кездесуін ұйымдастыру дәстүрге айналды. 
2018-2019 оқу жж. 4 қыркүйегінде «Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасында бірінші курстармен бірге жиналыс өткізілді және «Білім жөнінде» ҚР – ның Заңы, университеттің ішкі тәртібі, оқу үдерісі, қоғамдық өмірге араласу сұрақтары бойынша кафедра меңгерушісі Изтаев Ж.Д., аға тәлімгер Куленова Э.Т., және кафедра  эдвайзері Асылбекова А. сөз алып, талқыға салды.

Тәрбиелік ортаны қалыптастыру үшін ЖОО-ның дәстүрі қолданылады: тәлімгерлік, студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік кеңес»; «Ақиқат» пікір-сайыс клубы; «Достық» клубы; «Жас ақындар» клубы; «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі болу.

«Сен өзің ойлағаннан мықтысың, Оят өзіңді!»

Кафедра үнемі іс-тәжірибе өту қорларын кеңейтуде. Іс-тәжірибе өту орындары:

Практиканың негізгі міндеті – практика өткізілетін және өндірістік дағды мен әдістер меңгерілетін ұйымның, мекеме немесе кәсіпорынның жұмысын терең зерттеу негізінде білім алушылардың ЖОО-дағы оқыту процесінде алған теориялық білімдерін бекіту.

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес практиканың төмендегідей түрлері қарастырылған: оқу, оқу-таныстыру, өндірістік және басқалар.
Оқу практикасының мақсаты білім алушыларды ЖОО жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларымен, ЖОО-ның іс-әрекетімен, мамандығымен, болашақ кәсіби іс-әрекеттің міндеттері мен қызмет түрлерімен таныстыру.

Университет тарапынан оқу практикасының жетекшісі ретінде кафедраның жетекші оқытушылары тағайындалады. Оқу практикасы пәнді меңгертудің жалғасы ретінде анықталған жағдайда оны кафедраның осы саладағы оқытушылары жүргізеді.
Өндірістік және дипломалды практикасының жетекшілері ретінде кафедраның жетекші оқытушылары (профессорлар, доценттер, аға оқытушылар) тағайындалады.

 

Практика базалары: 

  1. ЖШС «ARMS» - Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);
  2.  ЖШС «Жомарт- Қамқор» - Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);
  3. ЖШС «Компания Шин Line» - Көлік қызметтерін көрсету мекемесі ;
  4. РМК «Фитосанитария» - Санитарлық қызмет көрсету мекемесі;
  5. ЖШС «Мейіржан-Моторс» - Көлік сату мекемесі;
  6. ЖШС «Сфера -Ф» Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);
  7. ЖШС «Отау Строй» Құрылыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);
  8. «Теориялық және қолданбалы математика»  ғылыми орталығы;
  9. «АТФ» Банк АҚФ – банктік қызмет көрсету мекемесі (Шымкент қ.);
  10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Шымкент қаласы
  11. ЖШС «Табыс-Е» (Жетісай қ.);
  12. ЖШС «Баланс Сервис» (Шымкент қ,);
  13. ЖШС «Агроконсалтинг» (Шымкент қ,);
  14. ЖШС  "ФудМастер-Трэйд" компаниясы(Шымкент қ,);
  15. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ – темір жол қызметтерін көрсету мекемесі(Шымкент қ,);
  16. АҚ«Казпочта» - байланыс қызметтерін көрсету мекемесі (Шымкент қ,);
  17. ЖШС «MACINTOSH» (Шымкент қ,);

Ғылыми жұмыс

Кәсіби бағдар беру жұмысы

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзі қалайтын тиісті мамандықты саналы түрде таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті,  кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Кәсіби бағдар беру жұмысы Шымкент қаласы және Түркістан облысы мектептерінде өткізіледі.  Мектептердің бітіруші түлектерімен кездесу барысында біздің оқытушылар барлық мамандықтар бойынша бөлінген білім беру гранттары туралы, шығармашылық мамандықтар бойынша қабылдау ережелері мен емтихандарды тапсыру туралы түсіндірулер жүргізіп М. Әуезов атындағы ОҚУ туралы толық ақпарат береді.
Ақпараттық буклетер, плакаттар  таратылады және де талапкерлер үшін кеңес беру өткізудің уақыты мен күндері хабарланады.

Кәсіби – бағдар беру жұмыстарын өткізу мақсатында  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  университеті, «Ақпарттық жүйелер және моделдеу» кафедрасы бойынша Сарыағаш ауданына қарасты  №7 Төлеби, №13 Каз. 50 жыл, №29 Ұлықбек, №36 К.Тоқмұхаметова, №37 Б.Майлин, №137 ЖОМ, №82 Ж.Жабаев,  №55 О.Жәутіков т.б. мектептерге барып, сонымен қатар Шымкент қаласындағы  кафедраға қарасты мектептер  "№2 Білім-инновация" қыз балалар лицей-интернаты", №31 Терешкова атындағы жалпы орта мектеп  бітірушілерімен және 6В06120-Ақпарттық жүйелер, 6В06140 - «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтары бойынша коллеждерге барып «М.Өтебаев атындағы жаңа технологиялар», «Болашақ»,  «Гуманитарлық – агроэкономика», «Көпсалалы» колледждеріне  кәсіби – бағдар беру жұмыстарын жүргізіп және үгіт-насихат жұмыстарын  ұйымдастырып отырамыз.

Жалпы  ЖОО тапсыруға ниетті бітіруші талапкерлер көпшілігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне оқуға тапсыратынын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.