АШЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

2026 жылғы 9 қазанда «Энергетика және БЭЖ» кафедрасының PhD докторы, доцент Сахметова Г.Е. «Электр энергетикалық жүйелердегі өтпелі процестер» пәні бойынша «Салыстырмалы бірліктер жүйесінде қысқа тұйықталу токтарын есептеу» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді.Практикалық сабақ барысында студенттер салыстырмалы бірліктер жүйесінде қысқа тұйықталу токтарын есептеу алгоритмін меңгерді, базистік шамаларды анықтауды және электр энергетикалық жүйе элементтерінің салыстырмалы кедергілерін есептеуді үйренді. Ауыстыру сұлбасын құру және сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолдану арқылы студенттер теориялық білімдерін бекітіп, практикалық есептеулер орындады, жабдық параметрлерінің қысқа тұйықталу токтарының мәніне әсерін бағалады. Сонымен қатар электр энергетикалық жүйелердің сенімділігі мен электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инженерлік шешімдерді негіздеу дағдыларын дамытты.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.