Ардагер-ұстаз Орақ Ашировпен кездесу өтті
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген ардагер-ұстаз Орақ Шәмшіұлы Ашировпен кездесті.
Орақ Шәмшіұлы – саналы ғұмырын білім мен ұрпақ тәрбиесіне арнап, университетте ұзақ жылдар еңбек еткен білікті педагог. Ұстаздық қызметімен қатар, оқу орнының қоғамдық және спорттық өміріне белсене араласып, университеттің дамуына өз үлесін қосты.
Кездесу барысында университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі, білім беру саласындағы өзгерістер мен ұстаздар сабақтастығы туралы әңгіме өрбіді. Ардагер-ұстаз еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, оқу орнының қазіргі даму бағытына қатысты ой-пікірін білдірді.
Ректор Орақ Шәмшіұлының көпжылдық еңбегін атап өтіп, университеттің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагер ұстаздарға құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығының маңызды көрінісі екенін жеткізді.
Кездесу соңында ардагер ұстазға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығы тілеп, ізгі лебізін білдірді.

Found a typo? Please select it and press Ctrl + Enter.