Жаңалықтар
«Тамақ инженериясы» кафедрасының үздік түлектерімен дөңгелек үстел өтті
Академиялық қауымдастық пен жұмыс берушілер арасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің беделін арттыру мақсатында «Тамақ инженериясы» кафедрасының үздік түлектерімен және кафедра оқытушыларымен, студенттерімен бірге дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қонақ ретінде жұмыспен қамту және құзыреттілік орталығының бас маманы Мусаева Кенжегуль Рахимовна, «Барыс 2007» ЖШС бас технологы Райхель Наиля Зуфаровна, «Шымкент Сыра» компаниясының кіріс бақылау инженері Тургунов Эльдарбек Рустамжанович, «Сайрам Нан» ЖШС технологы Исмаилов Бахрамхан Алиханович, «Акнан» ЖШС технолог көмекшісі Рыльских Владимир Александрович шақырылды.
Университеттің үздік түлектері мен студенттері арасында ұйымдастырылған дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын дамыту, тәжірибе алмасу және университеттің имиджін арттыру болды.
Кездесу барысында университет түлектері өздерінің еңбек жолы, кәсіби жетістіктері және білім алу кезеңіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, қазіргі еңбек нарығындағы талаптар, бәсекеге қабілетті маман болудың жолдары, кәсіби даму мен өзін-өзі жетілдіру мәселелері талқыланды. Студенттер тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, түлектер өз кеңестері мен ұсыныстарын берді. Әсіресе, тәжірибеден өту, шетелдік тағылымдамалар, тіл меңгеру және заманауи дағдыларды дамыту тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел нәтижесінде:

- студенттердің мамандыққа деген қызығушылығы артты;
- түлектер мен білім алушылар арасында кәсіби байланыс орнатылды;
- тәжірибе алмасуға және болашақта бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға келісім жасалды;
- университеттің беделі мен түлектер қауымдастығының маңыздылығы насихатталды.
Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті.

powered by social2s