Жаңалықтар
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің жас өнертапқыштары грант ұтып алды
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің жас өнертапқыштары грант ұтып алды
М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-да студенттер мен магистранттар арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Менің алғашқы стартапым» атты бизнес-идеялар байқауында студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды. Аталған шара университеттің Ғылым және кәсіпкерлік департаментіне қарасты «Бизнес-инкубатор» бөлімінің қатысуымен өтті. Қатысушылардың стартап жобаларын инвестиция тарту және бизнес саласының білікті мамандарынан құралған сарапшылар тобы бағалады.
Байқаудың басты мақсаты — білім беру ортасында студенттік кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, инновациялық идеяларды дамыту және оларды нақты өнім ретінде нарыққа шығару. Осы арқылы университет қабырғасында болашақ кәсіпкерлерді тәрбиелеу жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Байқау нәтижесі бойынша:
I орын – «Табиғи қуат – ұлттық дәм» жобасымен «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің студенттері Д. Сарыпбек пен М. Шабданбек жеңімпаз атанды. Құрт, жаңғақ және кептірілген жемістер қосылған сұлы батончик өндіруге арналған бұл идея 500 000 теңгелік грантқа ие болды.
II орын – 400 000 теңгелік сыйақымен марапатталды:
- Ж. Тәжібайдың «Green vibes cafe» шағын дәмханалар желісі жобасы.
III орын – 300 000 теңге көлемінде грант иеленді:
- И. Райм, М. Сабасханова, Г. Өтеш – «Juqpa&Et» ұлттық тағам бренді.



powered by social2s



