Жаңалықтар
1–4 курс студенттері арасында факультетаралық спартакиада өз бастауын алды
1–4 курс студенттері арасында факультетаралық спартакиада өз бастауын алды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 1–4 курс студенттері арасында дәстүрлі факультетаралық спартакиада басталды.
Ашылу салтанатында университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Сәдібек Бейсенбаев пен әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға зор жетістік тілеп, студенттердің жан-жақты дамуына спорттың қосатын үлесін ерекше атап өтті. Олар бұл шараның тек жарыс қана емес, студенттерді біріктіретін, достықты нығайтатын маңызды орта екенін айтты.
Спартакиада бағдарламасына волейбол (ерлер мен әйелдер), шағын футбол, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисінен өтетін сайыстар енгізілген. Әр факультет құрған командалар дайындық деңгейін көрсетіп, жоғарғы нәтиже көрсетуге талпынуда.






