Жас мамандарды даярлау: Шымкентте форсайт-сессия өтті


           М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Мамандығым – болашағым» республикалық жобасы аясында екі күндік маңызды форсайт-сессия өткізілді.
           Бұл алқалы жиынның басты мақсаты – еліміздің өңірлеріндегі салалардың даму бағыттарын айқындап, алдағы жылдары еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандықтар мен дағдыларды болжау. Сонымен қатар, форум аясында жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын заман талабына, еңбек нарығының өзгерістеріне сәйкес жаңарту мәселелері талқылануда.
          Форсайт-сессия жас мамандарды даярлаудағы жаңа көзқарастар мен тәжірибелер алмасуға, білім беру жүйесін еңбек нарығымен тығыз байланыстыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
           Болашақ мамандардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету – елдің экономикалық өсуі мен тұрақты дамуының кепілі.

Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.