Оқу жаттығу орталығы

Наханов Қуанышбек Сабырұлы

ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы

Халықаралық дәрежедегі төреші

Самбо және қазақ-күресінің ҚР спорт жебері

М.Әуезов атындағы ОҚМУ спортклубының жетекшісі

Байланыс мәліметтері: Шымкент қ.,

Тауке-хан даңғылы, 30 №11 ғимарат №21 каб.

Сымтетік: 8 708 303 6677

Эл.почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ үш спорттық кешен жұмыс жасайды, оның құрамына 16 (он алты) арнайы жабдықталған спорт залы, 2 стадион, 1 футбол алаңы, 50х20, 20х10 көлеміндегі жүзу қауызы, 3 теннис корты, 4 жаздық алаңы, 2 жаттығу залы кіреді.

Университеттегі жалпы спорттық іс-шаралар университет ректорының бекітуімен жылдық және күнтүзбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі. Спорт клубтың жетекшілігімен «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің кафедраларымен бірге 1-4 курс студенттерінің арасында спорттың 13 түрі бойынша «Денсаулық» спартакиадасы өткізіледі. 

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында жыл сайын «Денсаулық» спартакиадасы өткізіледі, бұл жылы университет факультеттері, жоғары мектептері және  колледж командыларының арасында  спорттың 9 түрі бойынша: волейболдан, кіші футболдан, жүзуден, армрестлингтен, Президенттік көп сатылы жарыстан, шахматтан, үстел теннисінен, тоғыз-құмалақтын, арқан тартыстан  спартакиада өткізілді. 

Университетте жыл сайын футболдан М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры академик Мырхалыков Ж.Ү. жүлдесіне арналған жарыс ұйымдастырылады, бұл жарыста жоғары білікті спортшыларды дайындау жұмысына басты назар аударылады. Қазақстан Республикасының сәйкес  жүргізілген статистикалық  саралау нәтижесі бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ спортклубы ЭҚТС 93.12.0 (Спорт клубтардың қызметі)  бойынша Қазақстан Республикасының шағын кәсіпорындары арасындағы ТОП-100 құрамына кірді  және  «САЛА КӨШБАСШЫ 2014» дәрежесі берілді.         

ҚР ЖОО арасындағы студенттік универсиадаларда жалпы командалық есеп бойынша 2003, 2005, 2009 жылдары чемпион болды, 2007 жылы қола жүлдеге ие болды және 2001, 2011, 2013 жылдары күміс жүлдені жеңіп алды.

2012 жылы Азия чемпионатында  Е.Шалыгина еркін күрестен чемпион болды, Е.Дүйсебеков қола жүлдені жеңіп алды. 2012 жылы Е.Абильда армрестлингтен әлем чемпионы болды, И.Ермұхамед еркін күрестен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Д.Сухамбердиева каратэден Әлем Кубыгы иегері атанды.

2013 жылы Қазан қаласында өткен дүниежүзілік Универсиадасына қатысқан  Қазақстан Республикасының құрама командасына университеттің 15 студенті кірді. Біздің студенттер: О.Снегиревич – оқпен атудан 1-ші және 3 –ші орын алды, Б.Примбаев – еркін күрестен 3-ші орын алды, А.Мищук  стендтік атудан 3-ші орын алды. 

2014 жылы университет студенттері: Д.Дамен- белдеулік күрестен әлем чемпионы болды,  Г.Турмаханова самбо күресінен әлем чемпионы болды,   С.Есен- дзюдо күресінен «Гран-При»  халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды,  Н.Мамаев- таэквондодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды,  Н.Сабиров  бокстан студенттер арасындағы  әлем чемпионы атанды, Е.Музаппаров күрестен Әлем Кубыгын жеңіп алды.

2014 жылы Азия ойындарына университеттен 10 студент-спортшы қатысты. М.Дмитриенко Азия ойындарының чемпионы атанды және  О.Почивалова,  М.Могилевский (стендтік атудан) қола жүлдегер атанды.

Университетте 17 халақаралық класстағы спорт шеберлері, 73 Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, 157 спорт шеберінің кандидаттары мен 8700 жалпы разрядтағы спортшылар дайындалған. Біздің университеттің студенттері университет пен еліміздің намысын абыройымен қорғап жүр.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.