6B11111 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В11111-Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В11 Қызмет көрсету

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В111 Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

 

В093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Кәсіби өсуі мен жеке дамуының негізі ретінде еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі саласында инновацияға бағдарланған, бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету

Берілетін дәреженің аталуы

Қызмет көрсету саласының бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

-        қонақүй бизнесін ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік органдар (министрліктер, әкімдіктер, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары);

-        мейрамхана және қонақүй бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;

-        қызмет көрсету секторы, тамақтандыру қызметімен байланысты кәсіпорындар (мейрамханалар, қонақүйлер және басқа құрылымдар);

-         мүлік, мүліктік кешендер (кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар) және қонақүй индустриясының басқа объектілері;

-        тамақтану дамуын, тамақтану саласындағы маркетингті зерттеумен айналысатын ғылыми ұйымдар;

-         орта деңгейдегі қонақүй менеджерлерін дайындайтын оқу орындары;

-        ішкі және сыртқы нарықта мейрамхана бизнесінде және қонақүй бизнесінде қызметтерді жылжытумен айналысатын жарнама агенттіктері;

-         ақпараттық ресурстар мен жүйелер, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен олардың технологиялары және т.б.

Оқыту нәтижелері

ОН 1- Философиялық білімді дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру үшін қолданады, азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдайды.ОН 2- Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру негізінде әлеуметтік - мәдени, кәсіби дамуды, теориялық және эксперименттік әдістерді көрсетеді.ОН 3- Академиялық жазу және академиялық адалдық принциптерін ескере отырып, жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін меңгергендігін көрсете отырып, тұлғааралық және кәсіби өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келіссөздер жүргізеді.ОН 4- Өмірдің әртүрлі салаларында ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау мен тарату кезінде сандық технологияны және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін қолданады.ОН 5- Өзара тиімді келісімшарттар жасай отырып, ішкі және халықаралық нарықтағы серіктестермен және қызмет көрсетушілермен қарым қатынас орнатады.ОН 6- Қонақжайлылық индустриясының ерекшеліктері мен қазіргі жағдайын талдау негізінде заманауи қонақүй және мейрамхана бизнесіндегі негізгі технологиялық процестерді басқарады.ОН 7- Ашық ақпарат көздерін пайдалана отырып, қонақжайлылық кәсіпорнының сату көлемін ұлғайту мақсатында стратегиялық жоспар құрып, тұтынушының басым қажеттіліктерін айқындайды. ОН 8- Сервистік қамтамасыз етуді ескере отырып, қонақүй және мейрамханаларда сұранысқа ие қызметтер тізбегін әзірлеуге қатысады, қонақтың тұруына қолайлы жағдай жасау үшін қажетті ресурстарды анықтайды.ОН 9- Қазіргі заманғы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сүйене отырып, қонақ үй және мейрамхана кәсіпорны қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді.ОН 10- Кәсіпкерлік тәуекелдерді азайтып, кәсіпкерлік қызметтегі мақсаттарға қол жеткізу үшін басқарудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, қызметтер нарығы мен бизнес-процестерге талдау жасайды.ОН 11- Әлем халықтарының тамақтану үрдісінің заманауи технологияларын зерделеуде әдістемелік тәсілдерді қолданады және оларды қонақүй мен ресторан қызметкерлерінің кәсіби қызметінде пайдаланады.ОН 12- Қонақжайлылық саласындағы нарықтың жаңа сегменттерін игеру кезінде қонақүйдің бәсекеге қабілеттілігін талдау үшін нарықты дамытудың перспективалық бағыттарын айқындайды және қонақүйде қызмет көрсету процестерін дамыту барысында инновациялық әдістер қолданады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.