ДЕЛЯУР КОНСТАНТИН АЛЕКСАНДРОВИЧ

1906 жылы 6 қарашада Украинаның Чернигов облысы Вагонича елді мекенінде дүниеге келген. Нежинск агротехникалық техникумын және Киев педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.

1928-1932 жылдар аралыгында Деляур К.А. Черниговщинадағы мектептің директоры қызметін атқарды.

1933 жылдары Киев облыстық жер қатынастары басқармасында жоғары және орта мамандар даярлайтын курс жетекшісі.

1937 жылдары Украина Халық комиссарлары кеңесіне қарасты тамақ өнеркәсібі саласына өндірістік кадрлар даярлайтын комбинат бастығы.

1937-1940 жылдары Украина Халкомы Днепр бассейніндегі су-техникалық мектебінің директоры.

1940-1941 жылдары Киев құрылыс материалдары техникумы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Соғыс басталысымен техникум Харьков қаласына ауыстырылып, 1941 жылдың қазанында Шымкент қаласына көшірілді. 1942 жылы техникум 100 маманды дайындап шығарды.

1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі Шымкент каласында Құрылыс материалдары технологиялық институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Институтты құру туралы идея 1942 жылдың соңында, демек, Ұлы Отан соғысының ең бір ауыр күндерінде пайда болған еді. Фашист басқыншыларына қарсы соғыстың жеңіспен аяқталатынына, Кеңес халқының ісі әділ екеніне сенімді болған партия мен үкімет майдандағы аса күрделі жағдайға қарамастан, елімізді соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру мәселелерін сол кезден-ақ ойластыра бастаған еді. Бұл істе құрылыс материалдары өнеркәсібіне үлкен көңіл бөлінді. Шымкенттен жаңа оқу орнан ашу дамып жатқан құрылыс материалдары өнеркәсібі үшін инженер мамандармен қамтамасыз етуді мақсат етті. Қайта құрылған институт Қазақстан, Орта Азия республикалары, Сібір мен Қиыр Шығыс аймақтарындағы құрылыс материалдары өнеркәсібін инженер кадрлармен қамтамасыз етуі тиіс болды.

Жаңа оқу орнын ұйымдастыру КСРО Құрылыс материалдары Халық Комиссариатының жарлығымен Константин Александрович Деляурге жүктелді. Соғыс ауыртпалықтарына қарамастан К.А.Деляур көрсеткен сенімді ақтай білді, өзінің барлық ұйымдастырушылық дарынын институттың материалдық базасын құру, оны білікті педагогикалық мамандармен қамтамасыз ету және алғашқы студенттерді іріктеп қабылдау ісіне жұмылдырды.

1944 жылы К.А.Деляур Мәскеуге шақырылып, Украинаның Харьков қаласынан технологиялық институт ұйымдастыруға жіберілді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.