Әуезов университетінің студенттері әлемдік додада алтын медаль алды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетті. “Спорт және туризм” факультетінің СТ-23-3к13 тобының студенті Мырзалы Жансұлтан және СТ-25-5к2 тобының студенті Жәдігер Ерасыл каратэден өткен Grand Prix Azerbaijan 2026 халықаралық турнирінде топ жарып, чемпион атанды.
Бұл — университет үшін үлкен мақтаныш әрі ел намысын қорғаған жас спортшылардың табандылығы мен еңбегінің айқын нәтижесі. Қос бірдей алтын медаль — білім ордасының спорт саласындағы жетістіктерінің жарқын дәлелі.
Жеңімпаз студенттерді М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымы шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата берулеріне тілектестік білдіреді!

Found a typo? Please select it and press Ctrl + Enter.
CONTACTS

160012, Shymkent City, Tauke khan avenue, 5



Chancellery

(8-725-2) 21-01-41



canselyarya@mail.ru

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос