Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы ОҚУ-да «Жаңа буын педагогі» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті
2026 жылдың 2 қазанында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Бас корпусында «Жаңа буын педагогі: Цифрлық, дәлелді, инклюзивті педагогика. Тәлімгерлік» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Іс-шара гибридті форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға офлайн режимде де, Zoom платформасы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік берілді.
Семинарға кафедра меңгерушілері, факультеттер мен жоғары мектептердің академикалық сапа жөніндегі комитет төрағалары және «6B01 – Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағдарламаларының әзірлеушілері қатысты.
Іс-шараны Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі – проректор Рысгүл Орынбасарқызы Құдретуллаева ашып бере отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар бағдарламасында заманауи білім берудің өзекті мәселелері талқыланды:
* Жасанды интеллектті енгізу жағдайындағы педагогикалық білім беру: Оқу-әдістемелік орталықтың бастығы Барна Махаматовна Хамитова жасанды интеллект дәуіріндегі педагогикалық білім беруді дамытудың заманауи бағыттарын саралады.
* Инклюзивті білім беру ортасы: «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Заурет Бердикуловна Кабылбекова заманауи қазақстандық жоғары оқу орнындағы жүйелі мәселелерден кәсіби құзыреттілікке өту жолдарын сөз етті.
* Жасанды интеллект ортасындағы педагогикалық қызмет: «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Негматжан Шадиметович Алметов оқытушының психологиялық дайындығы тақырыбында баяндама жасады.
Жиын соңында офлайн және Zoom арқылы онлайн қатысқан әріптестер өзара еркін пікірталас өткізіп, өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты.