Жаңалықтар
Жастар арасындағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алу: Төлеби ауданында тәжірибелік семинар-тренинг өтті
2026 жылдың қазан айында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Зәурет Бердіқұлқызы Қабылбекова, «Педагогика және психология» мамандығының докторанты Ахатбай Айтпенұлы Алдиев және ТП-25-13р тобының студенті Каролина Искандарова Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы «Жастар орталығының» директоры Қ.Ж. Ақылбековтың шақыруымен маңызды іс-шара ұйымдастырды.
«Жастар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық: себептері және профилактика шаралары» тақырыбында өткен семинар-тренингке Отырар, Түркістан, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш және өзге де аудандардың жастар ресурстық орталықтарының тәжірибелі психологтары қатысты.
Семинардың негізгі бағыттары:
* Теориялық бөлім: Аутодеструктивті мінез-құлықтың пайда болу себептері терең қарастырылып, оның алдын алудың тиімді жолдары мен профилактикалық шаралары талқыланды.
* Тәжірибелік бөлім: Қатысушылар «Кейс ойыны», «Менің күресу стратегияларымның картасы» секілді заманауи психологиялық интерактивті әдістемелер арқылы өз дағдыларын шыңдады.
Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс ретінде рефлексия және шеринг өткізілді. Бұл кездесу мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, өңір жастарымен жұмыс жасауда тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.