Талапкерге

Тарих және педагогика факультеті

  1. Факультет бойынша жалпы ақпарат
    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  зерттеу университетінде тарих және педагогика мамандықтарын қолдау мақсатында жеке факультет ашу мәселесі көтерілді. Мәселені Ғылыми Кеңеске ұсыну нәтижесінде 2020 жылдың 5 қаңтарында «Тарих және педагогика» факультеті болып құрылды. Факультет деканы қызметін филология ғылымдарының кандидаты, доцент Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы атқаруда.
 
  1. Жоғары мектеп/ факультеттің кадрлық әлеуеті.
    Факультетте 15 ғылым докторы, 57 ғылым кандидаты және 9РhD докторы, 6 жоғары оқу орнының үздік оқытушылары жұмыс істейді.
Тарих және педагогика факультетінде  білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ғалым ұстаздар және мемлекеттік сыйлықтың иегерлері п.ғ.д., профессор Қабылбекова З.Б., п.ғ.д., профессор Калыбекова А.А., п.ғ.д., профессор Алметов Н.Ш., п.ғ.д., профессор Нурлыбекова А.Б., пс.ғ.д., профессор Лекерова Г.Ж., пс.ғ.д., профессор Искакова М.С., п.ғ.к., доцент Джексенбаева К.О., п.ғ.к., доцент Кукеева М.К., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Джунисбаев Серик Мутанович 2024 жыл  «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ -» доктор PhD, доцент Усенова А.М.  оқытушы профессорлық құрамы дәрістер жүргізуде.
     Тарих және педагогика факультеті студенттерінің контингенті 769-ден астам студентті құрайды, олардың 52-ге жуығы мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқиды. 
     Тарих және педагогика факультеті М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң ең ірі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультет материалдық және оқу-әдістемелік базамен, ғылыми-педагогикалық мектептермен бірлесе отырып, инновациялық ғылым және білім жобаларымен, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда факультет құрамында 4 кафедра жұмыс жасайды:  «Қазақстан тарихы» (жалпы білім беретін кафедра), «Жалпы тарих және мұражай ісі», «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі», «Жалпы педагогика және психология». Факультет М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң №9 оқу ғимаратында орналасқан. Факультет құрамында педагогикалық және әлеуметтік салада 23 білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр, магистрлік, докторлық дәрежесі бойынша мамандар даярлануда. Тарих және педагогика факультеті тарих, психология, педагогика, бастауыш білім беру бағыттары бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференциялардың негізгі орталығы болып табылады. Факультет ғылыми жобалары мен халықаралық байланыс тұрғысынан АҚШ, Қытай, Испания, Өзбекстан, Қырғыз, Ресей және т.б. ЖОО-мен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жыл сайын студенттік конференциялар, студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы өткізіледі. Үздік студенттік жұмыстар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдары мен құрмет қағаздарымен марапатталады.
Факультет түлектері білім беру мекемелері балабақша мен мектептерде, кітапханаларда, архивтер мен археологиялық зерттеу институттарында, тарихи ғылыми-зерттеу институттарында, психологиялық орталықтарда, саяси партиялар мен саяси институттарда жұмыс істеп, республикалық және облыстық, қалалық мекемелерді басқару қызметінде.

  1. Білім беру бағдарламалары. Оқыту мерзімі. ҰБТ бейіндік пәндері.Білім беру бағдарламалары рейтингі.
 

Білім беру бағдарламасы тобы

Білім беру бағдарламасы

Оқыту мерзімі

ҰБТ бейіндік пәндері

Оқу төлем ақысы

 

Толық оқу

нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

 

Толық оқу нысаны

Қысқартылған

оқу нысаны

 

 

1.              

В041 – «Психология»

6В03131 – «Әлеуметтік салада психолог-кеңесшілерді даярлау»

4 жыл

3 жыл

Биология- География

6В03131 – «Әлеуметтік салада психолог-кеңесшілерді даярлау»

 

 

2.              

В041 – «Психология»

6В03130 – «Психология»

4 жыл

3 жыл

Биология- География

6В03130 – «Психология»

 

 

3.              

6В01 – «Педагогика және психология»

6В01110 – «Педагогика және психология»

4 жыл

3 жыл

Биология- География

6В01110 – «Педагогика және психология»

 

 

4.              

6В001 – «Педагогика және психология»

6В01110 – «Психология IP»

4 жыл

3 жыл

Биология- География

6В01110 – «Психология IP»

 

 

5.              

В020 – «Арнайы педагогика»

6В01911 – «Арнайы педагогика»

4 жыл

3 жыл

Биология- География

6В01911 – «Арнайы педагогика»

 

 

7

6В003- Педагогикалық білім

6В 01310 - Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі

4 жыл

3 жыл

Биология- География

6В 01310 - Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі

 

 

8

6В002-

Педагогикалық білім

6В 01210 -Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

4 жыл

3 жыл

Биология- География

6В 01210 -Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

 

 

9

В014-География мұғалімдерін даярлау

6B01561- География -тарих

4жыл

3жыл

Дүниежүзі  тарихы

География

6B01561- География -тарих

 

 

10

В015- Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

6B01610-Тарих

4жыл

3 жыл

Дүниежүзі  тарихы

География

6B01610-Тарих

 

 

11

В015-Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

6B01610-Тарих және қоғамтану IP

4жыл

3жыл

Дүниежүзі  тарихы

География

6B01610-Тарих және қоғамтану IP

 

 

12

В034 -Тарих

6B02220-Тарих

4 жыл

3жыл

Дүниежүзі  тарихы

География

6B02220-Тарих

 

 

13

В134 -Археология және  этнология

6B02230 - Археология және  этнология

 

4жыл

3 жыл

Дүниежүзі  тарихы

География

 

6B02230 - Археология және  этнология

 

 

 

14

В043- Кітапхана ісі,  ақпараттарды өңдеу  және мұрағат ісі

6В0321 -Кітапхана ісі

4жыл

3жыл

Қазақ /Орыс  әдебиеті

 

 

 



4. Түлектердің меңгеретін біліктілігі және қызмет ету саласы 

Білім беру бағдарламасы

Қызмет ету саласы

1.              

6В03131 – «Әлеуметтік салада психолог-кеңесшілерді даярлау»

6В03131- Әлеуметтік саладағы психолог-консультантты даярлау - БББ бойынша әлеуметтік білімдер бакалавры өзінің кәсіби қызметін келесі салаларда жүзеге асырады:

- білім беру (оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін психологиялық зерттеу және қолдау);

- денсаулық сақтау және спорт (медициналық және спорттық ұйымдар қызметіне психологиялық қолдау; психопрофилактикалық және психокоррекциялық қызмет);

- өндіріс (адам ресурстарын, өндірістік қызмет пен бизнесті басқаруға психологиялық қолдау);

- құқық қорғау органдары (шұғыл іздестіру және тергеу қызметіне психологиялық қолдау, сот өндірісі, пенитенциарлы мекемелердегі құқықтық профилактика).

2.              

6В03130 – «Психология»

6B03130 – «Психология» БББ бойынша әлеуметтік білім бакалавры келесі бағыттар бойынша кәсіби қызметін жүзеге асырады:

- білім беру (білім беру және тәрбиелеу процестерін психологиялық зерттеу және қолдау);

- денсаулық сақтау және спорт (спорт ұйымдарының қызметін психологиялық қамтамасыз ету; психопрофилактикалық және психокоррекциялық іс-шаралар); - өндірістік (адам ресурстарын басқаруды, өндірістік қызмет пен бизнесті психологиялық қамтамасыз ету);

- құқық қорғау органдары (жедел-іздестіру және тергеу қызметін психологиялық қамтамасыз ету, сот ісін жүргізу, пенитенциарлық мекемелердегі құқықтық профилактика).

3.              

6В01110 – «Педагогика және психология»

“6В011-Педагогика және психология” мамандығы бойынша бакалаврлар академиялық дәрежесін алып. Білім  беру саласы және әлеуметтік салада педагог-психолог, отбасылық психолог, балалар психологы, кеңесші психолог, білім беру және психологиялық қызметтер саласындағы әлеуметтік психолог лауазымын атқара алады.

4.              

6В01110 – «Психология IP»

Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін бітірушіге “6В01101 – Психология (IP)” білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавр дәрежесі беріледі. Білім  беру саласы және әлеуметтік салада қызмет ете алады

5.              

6В01911 – «Арнайы педагогика»

ББ 6В01911 бойынша бакалавры- Арнайы педагогика салаларында өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырады:

 - білім беру,

- әлеуметтік сала;

- денсаулық сақтау

6.              

6В 01310 - Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Мектепте бастауыш білім беру

7.              

6В01310–«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

білім беру бағдарламасы бойынша  орта  және бастауыш  мектептерде  бастауыш сынып  мұғалімі;   педагогикалық  және  кәсіптік  білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы No 553 бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес,   еңбек  өтіліне  талаптар қоймай-ақ  бастауыш сынып мұғалімдері, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын әдіскер бастапқы қызметтер атқара алады

8.              

 6В01610- Тарих

 

барлық типтегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары;

- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

- білім басқармасының мемлекеттік органдары;

- білім беру қызметтері орталықтары

 

5.Академиялық  ұтқырлық
Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және жандандыру мақсатында «Жалпы  педагогика және психология» кафедрасы Туркия, Ресей, Өзбекістан  университеттерімен ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру және білім беру үдерісінде тәжірибе алмасу мақсатында, 6B03131- «Әлеуметтік саладағы психолог консультанттарды даярлау», 6B03130- «Психология», 6B01110-  «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына дәріс оқылып, тренингтік режимде педагогикалық-психологиялық бағытта жұмыс жүргізіледі.

«6В03131 - Әлеуметтік саладағы психолог консультанттарды даярлау», «6B03130- «Психология», 6B01110-  «Педагогика және психология» бағыттары бойынша, келесідей ЖОО серіктермен Түркия мемлекеті  Гази университеті (Анкара қаласы),  Бұхара мемлекеттік медицина институты, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан), Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), А.Қадыри атындағы Жизақ мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) келісім шарттар негізінде жұмыс атқарылуда.

6В01310 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»,6В01210 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша  Өзбекстан  Республикасы, Низами  атындағы  Ташкент  мемлекеттік  педагогикалық  университеті және Шыршық  мемлекеттік  педагогикалық  университетімен   келісімшартпен байланыс орнатып, академиялық  ұтқырлық  бағдарламасын  жүзеге  асыру  және  білім  беру  үдерісінде  тәжірибе  алмасу  мақсатында   жұмыстар  жасалынды.

2022 жылдың 25 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасына Өзбекстан Республикасы Бұхар мемлекеттік университетінен академиялық ұтқырлық бойынша 4 профессор докторлар келді. Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту факультетінің деканы п.ғ.д., доцент  Тухсанов Кахраман Рахимбоевич;  Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Хамраев Алижон Рузикулович; Мектепке дейінгі оқыту кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Кулдашев Рустамбек Авезмуродович;  Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, б.ғ.к Сайфуллаев Гулом Махмудович.  Келген күні Тарих және педагогика факультет деканы Қ.М.Уразбаев және Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедра меңгерушісі М.Ә.Ермекбаевпен кездестісіп, келген мақсаттарымен бөлісті. 26 сәуір куні 65 Балбұлақ балабақшасына барып семинар өткізілді. 27 сәуір куні 24 С.Ерубаев атындағы мектепке барып семинар өткізілді. 

       2022 жылдың қазан айында Академиялық ұтқырлық бойынша  Нукусский государственный педагогический институт имени Ажинияза доцент Кафедры начального образования НГПИ к.п.н. Каллибекова Гуляцда Абдуллаевна 5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша лекция оқыды. 

Халықаралық ғылыми байланыс жасау шеңберін кеңейту және белсендіру мақсатында «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ОПҚ университет  деңгейіндегі келісімшартттар негізінде жұмыс жасауда. Олармен қоса  жаңа келісімшарттар қатарына  Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен және Жизак мемлекеттік педагогикалық университетімен (Өзбекстан), Бұхара  мемлекеттік университетімен (Өзбекстан)жасалды.  Осы жасалған келісімшарттар негізінде ынтымақтастық байланыс белсенді жүргізілуде. 2021-2022 о.ж. осы халықаралықкелісімшарттарға сүйеніп дәріс оқу, ғылыми практикалық конференцияларға қатысып, семинарлар ұйымдастырылды.

  1. Келісімшарт негізінде А. Кадыри атындағы Джизак мемлекеттік педагогикалық университетінде кафедраның п.ғ.к., доцент Ермекбаев М.Ә. және аға оқытушысы п.ғ.к. Есім Ұлжалғас Әшімқызы дәріс оқуда.
  2. Өзбекстан республикасы Бұхара мемлекеттік университетінен келген бірнеше ғылым-педагогтары тәжірибе алмасу мақсатында келді. Өзбекстан ғалым педагогтарымен дөңгелек стол ұйымдастырылды. Сондай ақ, «Дуалды білім беру форматы» тақырыбында  №24 С.Ерубаев атындағы IT мектеп лицейімен бірлесе халықаралық семинар ұйымдастырылды.
  3. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары біздің университетке халықаралық эксперт ретінде тіркеліп, жұмыс жасадық.
  4. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде Он-лайн форматында ұйымдастырылған. «Программа международного оценивания PIRLS: теория и перспективы ее реализация» атты ғылымыи –практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде кафедраның доценті С.М.Сихимбаева «Целеориентированность подготовки будущих учителей начальных классов на формирование 4К навыков у учащихся» тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Ташкент: 2022г 13 март.
  5. Өзбекстан республикасы Бұхара мемлекеттік университетінен шақырту алып кафедра меңгерушісі Ермекбаев М.Ә. барып келді.

2022 жылдың 25 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасына Өзбекстан Республикасы Бұхар мемлекеттік университетінен академиялық ұтқырлық бойынша 4 профессор докторлар келді. Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту факультетінің деканы п.ғ.д., доцент  Тухсанов Кахраман Рахимбоевич;  Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Хамраев Алижон Рузикулович; Мектепке дейінгі оқыту кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Кулдашев Рустамбек Авезмуродович;  Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, б.ғ.к Сайфуллаев Гулом Махмудович.  Келген күні Тарих және педагогика факультет деканы Қ.М.Уразбаев және Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедра меңгерушісі М.Ә.Ермекбаевпен кездестісіп, келген мақсаттарымен бөлісті. 26 сәуір куні 65 Балбұлақ балабақшасына барып семинар өткізілді. 27 сәуір куні 24 С.Ерубаев атындағы мектепке барып семинар өткізілді. 

       2022 жылдың қазан айында Академиялық ұтқырлық бойынша  Нукусский государственный педагогический институт имени Ажинияза доцент Кафедры начального образования НГПИ к.п.н. Каллибекова Гуляцда Абдуллаевна 5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша лекция оқыды. 

Халықаралық ғылыми байланыс жасау шеңберін кеңейту және белсендіру мақсатында «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ОПҚ университет  деңгейіндегі келісімшартттар негізінде жұмыс жасауда. Олармен қоса  жаңа келісімшарттар қатарына  Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен және Жизак мемлекеттік педагогикалық университетімен (Өзбекстан), Бұхара  мемлекеттік университетімен (Өзбекстан)жасалды.  Осы жасалған келісімшарттар негізінде ынтымақтастық байланыс белсенді жүргізілуде. 2021-2022 о.ж. осы халықаралықкелісімшарттарға сүйеніп дәріс оқу, ғылыми практикалық конференцияларға қатысып, семинарлар ұйымдастырылды.

  1. Келісімшарт негізінде А. Кадыри атындағы Джизак мемлекеттік педагогикалық университетінде кафедраның п.ғ.к., доцент Ермекбаев М.Ә. және аға оқытушысы п.ғ.к. Есім Ұлжалғас Әшімқызы дәріс оқыды.
  2. Өзбекстан республикасы Бұхара мемлекеттік университетінен келген бірнеше ғылым-педагогтары тәжірибе алмасу мақсатында келді. Өзбекстан ғалым педагогтарымен дөңгелек стол ұйымдастырылды. Сондай ақ, «Дуалды білім беру форматы» тақырыбында  №24 С.Ерубаев атындағы IT мектеп лицейімен бірлесе халықаралық семинар ұйымдастырылды.
  3. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары біздің университетке халықаралық эксперт ретінде тіркеліп, жұмыс жасадық.
  4. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде Он-лайн форматында ұйымдастырылған. «Программа международного оценивания PIRLS: теория и перспективы ее реализация» атты ғылымыи –практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде кафедраның доценті С.М.Сихимбаева «Целеориентированность подготовки будущих учителей начальных классов на формирование 4К навыков у учащихся» тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Ташкент: 2022г 13 март.
  5. Өзбекстан республикасы Бұхара мемлекеттік университетінен шақырту алып кафедра меңгерушісі Ермекбаев М.Ә. барып келді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру және білім беру үдерісіне тәжірибе алмасу мақсатында университет тарапынан шақырылған Абу Али ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының "Өзбек тілі және әдебиеті, орыс тілі, педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Курбанова Гулноз Негматовна "Педагогика және психология ", "Психология және медиация ",Практикалық психология " БББ-ң білім алушыларына дәріс өтті.
Кафедра  Өзбекстан  Республикасы, Низами  атындағы  Ташкент  мемлекеттік  педагогикалық  университеті және Шыршық  мемлекеттік педагогикалық  университетімен, академиялық  ұтқырлық  бағдарламасын  жүзеге  асыру  және  білім  беру  үдерісінде  тәжірибе  алмасу мақсатында   жұмыстар  жасалынды.

ОКУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде IIIIIC-тің ынтымақтастығын кеңейту және академиялық ұтқырлығын іске асыру мақсатында. М. Әуезова және Ташкент мемлекеттік өнер және мәдениет институтының Нукус филиалымен 2024 жылғы 26-30 қараша аралығында кафедра доценті С. Т. Мұсаева және кафедра оқытушысы И. К. Саурбаева кітапханатану циклінің пәндері бойынша дәріс, практикалық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізді.

Қазіргі уақытта кафедрада "Auezov University" Халықаралық жазғы және қысқы мектептерін ұйымдастыру және өткізу дәстүрге айналды, алғашқылардың бірі болып "Оңтүстік Қазақстанның киелі орындары" тақырыбында халықаралық жазғы мектепті ұйымдастыру болды, оған Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттері мен магистранттары қатысты. М. Ломоносовтың жетекшілігімен профессор Д. фанк, Оңтүстік Қазақстанның тарихи киелі жерлеріне экскурсиялар жасалды.

2024-2025 оқу жылы - "Орталық Азиядағы Дүниежүзілік мұраны сақтау және басқару саласындағы тарих ғылымының мәселелері" онлайн және офлайн форматта (27 Қаңтар - 08 Ақпан 2025 ж.). Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлықты оқытудың жалпы ұзақтығы 90 академиялық сағатты құрады.

Студенттерді даярлау сапасы олардың бейіндік олимпиадаларға және түрлі конкурстарға, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференциялар мен форумдарға қатысуы бойынша бағаланады. Кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттері көптеген халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылады.



6.Оқу өндірістік кешендер
«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы», «Мәдениет және өнер», «Спорт және туризм», «Тарих және педагогика», «Филология» факультеттерінде педагогикалық бағыттағы БББ бойынша оқу практикасына, педагогикалық, психологиялық–педагогикалық практикаларына жетекшілік жасайды.
Кафедра бойынша  6В01110– «Педагогика және психология», 6В01911 -«Арнайы педагогика», 6В03131 – «Әлеуметтік саладағы психолог кеңесшілерді даярлау», 6В03130 – «Психология» БББ мамандықтары бойынша оқу, педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, оқу–тәрбиелік, өндірістік, диплом алды тәжірибелеріне жетекшілік жасайды.
Педагогикалық практика студенттерді мекеменің нақты қызметімен және мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшелігімен таныстыру, болашақ педагогикалық қызметте кәсіби педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру, болашақ мамандығының практикалық негіздерін игеру, сондай-ақ практиканттарды мекеме қызметкерлерінің кәсіби-педагогикалық қызметі түрлерімен, нысандарымен және мазмұнымен таныстыру, тұтас педагогикалық үдерістегі -  мұғалімнің кәсіби қызметінің объектісіне жүйелі «көзқарас» қалыптастыру.
Арнайы педагогикалық практика студенттердің теориялық білімдерін арнайы білім беру мекемелерінде тәжірибе жүзінде жинақтауға, әртүрлі даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс жасаудың қыр-сырын меңгеруге, сонымен қатар, кәсіби біліктілігін қалыптастыруға және түзету - дамыту жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Психологиялық практика студент-психологтардың кәсіби құзыреттілегін кәсіби білімнің, дағдылар мен икемділігінің және рефлексивті - белсенді позицияның біртұтас жүйесі ретінде қалыптастыру болып табылады.

Кафедра студенттері Шымкент қаласындағы №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп – гимназиясында, өндірістік практикадан өтеді. Аталған мектептер мен мен алдын-ала келісім шарт жасалынған. Практика базаларында білім алушылардың теориялық білімдерін  практика барысында жетілдіруге толық жағдай жасалынған.

№122 Ақ көгершін,№45 Аққу, №5 Нұрсәт бөбекжай-балабақшасына да 6В 01210 -Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттері практикадан өтті. Бала бақша балапандарымен бірге түрлі ойын сауық және іс-шаралар өткізді.

7.Студенттер үйі
№1 студенттер үйінде «25 қазан Республика күніне арналған Егемендік елдің  тірегі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. Республика күнінің маңыздылғы және  тарихы   туралы айтылды.

№2 студенттер үйінде «Нашақорлықтың зияны мен зардабы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. Есірткінің адам денсаулығына қалай зиян екендігі түсіндіріліп, адамның зиянкес заттардан аулақ жүру керек екендігі туралы айтылды.
 
 
8.Студенттерді  әлеуметтік  қолдау
 

1

Университет гранттары

2

Мектеп оқушылары арасындағы қалалық және облыстық олимпиада жеңімпаздарына грант

3

Университет намысын қорғайтын спортшы студенттерге (Универсиада, олимпиада, Әлем чемпионаты) жеңімпаздарына жеңілдіктер

4

Облыс, қала университеттің қоғамдық саяси жұмыстарына және қоғамдық өміріне тұрақты қатысатын белсенді студенттерге жеңілдіктер

5

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұл жетім студенттерге және балалар үйінің тәрбиеленушылеріне жеңілдіктер

6

І,ІІ,ІІІ топ мүгедектігі бар немесе ата- аналарының бірі осы топтағы мүгедектігі бар студенттерге арналған жеңілдіктер

7

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да бір отбасыдан бір мезетте екі немесе одан көп оқитын студенттерге арналған жеңілдіктер

8

Атаулы өндірістік гранттар

9

Тіл курстары

10

Шығармашылық үйірмелер

  

9.Жоғары мектеп/факультет жетістігі

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Жалпы педагогика және психология кафедрасының докторы, Алметов Негматжан Шадиметовичке «Қауымдастырылған профессор» және «Профессор» ғылыми атағы берілді. Құрметті ғалымның ғылыми жетістіктері мен ұзақ жылдар бойына жоғары білім беру саласына қосқан үлесі жоғары бағаланды. Осы шешім – оның педагогикалық шеберлігінің, инновациялық әдістерді енгізудегі табандылығының және ғылыми мектеп құрудағы ерен еңбегінің айғағы болып табылады.

2. Педагогика ғылымдарының докторы, жалпы педагогика және психология кафедрасының профессоры, Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының «500-ғалым» халықаралық бағдарламасының стипендиаты Қабылбекова Зәурет Бердіқұлқызы Рединг университетінде (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдамадан өтуде. Қазіргі уақытта Қабылбекова Зәурет Бердіқұлқызының Рединг университетінде өткізіп жатқан ғылыми тағылымдамасы - оның және кафедра ұжымының кәсіби дамуындағы жаңа кезең болып табылады. Бұл мүмкіндік әлемдік деңгейдегі ғылыми тәжірибені меңгеруге, халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланыс орнатуға және Қазақстан ғылымын дамытуға жаңа әдістер мен технологияларды                 енгізуге мүмкіндік береді.  Ғалымның осындай жоғары деңгейдегі ғылыми қызметі - Қазақстан ғылымының халықаралық аренадағы беделін арттыратын маңызды қадам болып табылады. Оның жетістіктері жас ғалымдар үшін үлгі және ұлттық ғылымның дамуына үлкен үлес қосады.

3. Дуанаева Сандуғаш Ерубайқызы – «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы. Әуезова «6D050300» – Психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Әлеуметтік ғылымдар және білім» диссертациялық кеңесінде «Студенттердің күйзелістің этнопсихологиялық аспектілері және жалпы диссертациялық оқуға төзімділік» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолданбалы психологиясы 

4. Қазақстан тарихы кафедрасының   меңгерушісі т.ғ.к. доцент Джунисбаев Серік Мұтанұлы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» байқауының жеңімпазы атанды.

5. Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында отандық білім және ғылым саласын дамытуға қосқан жеке зор үлесімен педагогикалық қызметтегі елеулі шығармашылық табыстары үшін Батырбеккызы Гаухар құрмет грамотасымен марапатталды.

6. Кафедра аға оқытушысы М.М.Тогатай Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында отандық білім және ғылым саласын дамытуға қосқан жеке зор үлесі імен педагогикалық қызметтегі елеулі шығармашылық табыстары үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

7. 6В 01310 - Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша факультет ішілік студенттік конференциядан  кафедра аға оқытушысы М.М. Тогатайдың жетекшілігімен ТП-23-10р тобы туденттері  Д.А.Азимова «Эффективность интерактивных методов обучения в образовательном процессе » тақырыбында 1-орын, Л.И. Наджафалиева «Условия методы и приемы развитие культуры речи» тақырыбында 3-ші орынды иеленді. 

10.Қызықты студенттік өмір
   
Студенттік жылдар – бұл әрбір адамның өміріндегі ең ерекше кезең. Бұл тек білім алу ғана емес, сонымен қатар жаңа достық байланыстар, тәуелсіздікке үйрену және өзін-өзі тану процесі. Біздің студенттер үшінде студенттік өмір осындай қызықты сәттерге толы.

Білім мен ғылыми қызығушылықтар

Университетте оқу – бұл әртүрлі пәндерді тереңірек үйрену мүмкіндігі. Әр сабақ жаңа білімдер мен көзқарастарды ашады. Біздің студенттердің ерекше қызығушылығы психология, педагогика, арнайы педагогика салаларымен тығыз байланысты, өйткені адам жан–дүниесі, тәрбиесі – бұл шексіз зерттеуге лайық әлем. Осы бағыттағы семинарларға қатысу, жобаларды дайындау және ғылыми жұмыстар жазу менің сыни тұрғыдан ойлау студенттерді жан–жақты дамытуға көмектесіп отыр.

Университеттің әлеуметтік өмірі де көптеген есте қаларлық сәттер толы. Біздің студенттер студенттік кеңес жұмыстарына белсенді қатысып, әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға көмектеседі. Студенттер арасында өтетін ғылыми конференциялар, мәдени фестивальдар және спорттық жарыстар – осының бәрі жаңа дағдыларды қалыптастыруға және командалық жұмысқа үйренуге мүмкіндік берді.

Студенттік жылдардың ең құнды нәрсесі – бұл шынайы достық байланыстар. Аудиторияда, жатақханада және іс-шаралар кезінде достық қарым–қатынастар студенттер өмірімнің маңызды бөлігіне айналды. Студенттердің бірлесе білім алуы, қиындықтарды біршесе шешіп, жетестікке ұмтылуы, олардың арасындағы достық, адамгершілік сезімдерінің берік қалыптасуына себеп болып отыр. 

Студенттік өмір – бұл жеке даралықтан гөрі бірлесімнің, ынтымақтастықтың және ортақ мақсаттарға ұмтылудың кезеңі. Біздің университеттік жылдарымыз тек оқулықтар мен лекциялардан ғана емес, сонымен қатар бірге өткен қиындықтарды жеңудегі, бір-бірімізге сенім мен қолдау көрсетудегі қуанышты сәттерден тұрады.

Студенттік өмірдің шынайы мағынасы – бұл бірге өсу, бірге үйрену және бірге жетістіктерге қол жеткізу. Біздің бәріміз бұл жолда бір-біrimізге қолдау болып, өмірлік құндылықтарды қалыптастырамыз. Осылайша, университет тек білім беру орны ғана емес, сонымен қатар достық пен адамгершіліктің мектебіне айналады.

“Бірлікте – күш бар!” – деген мақал студенттік қауымдастықтың рухын дәл қарап өтеді. Біз біргеміз – сондықтан да күштіміз!

 

11.Кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты

Баймаханов Нұрбек Бақтиярұлы

Байланыс нөмері: 8-775-460-00-84


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.