«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі»

Ермекбаев Мухтар Абенович

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра меңгерушісі

Байланыс мәліметтері: Дулати  көшесі, 198
(№9 ғимарат),215 кабинет  

Жұмыс телефоны: +7 701 562 23 24 

 Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

►Профессор-оқытушылар құрамы

►Кафедра тарихы

Жаңалықтар

Жетістіктер және жүлделер

►Оқу-әдістемелік жұмыстар

►Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

►Тәрбие жұмысы

►Хабарландыру

 

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының тарихы мен табыстары

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих және педагогика» факультетінін «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының тарихы 1996 жылдан басталды.1997-2000 жылдар аралығында кафедраны филол.ғ.к., профессор Қ.Молдабек басқарды.

2001 жылы кафедра екіге бөлінді: «Бастауыш мектептің жаратылыстану пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Л.Т.Ысқақова) кафедрасы және «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі филол.ғ.к.,профессор Қ.Молдабек). 2003-2005 жылдар аралығында «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі»кафедрасына п.ғ.д., профессор А.Б.Абибуллаева басшылық етті. 2007 жылы екі кафедра бірігіп, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.д., профессор Л.Т.Ысқақова атқарды. 2012-2017жылдар аралығында кафедраны 2013 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» б.ғ.к., доцент С.М.Сихимбаева басқарды. 2017-2020 жылдар кафедраны ф.ғ.к., доцент, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі Қ.М.Уразбаев басқарды.

2020 жылдан қаңтар айынан бастап «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту мен әдістемесі» кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ермекбаев Мұхтар Әбенұлы атқарады.

Кафедра тарихында ЖОО-ң «Үздік оқытушы» грантының жеңімпаздары С.М.Сихимбаева, Л.Т. Искакова, Г.О.Жетпісбаеваны атап өтуге болады.Кафедрада кәсіби деңгейлі профессор оқытушылар мен жоғары білікті  мамандар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Елбасының  үш тілді саясаты бойынша кафедрада үш тілділік топтар ашылып, жұмыс жасауда. Сонымен қатар кафедра ұжымы «Отандық мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің вариативтілігі» атты өзекті мәселелер бойынша түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

2018-2019 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадада 6В01210- «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы»мамандығы бойынша «Күншуақ» командасы 1-орын, 6В01310-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «Болашақ» командасы 3-орын иеленді.

Оқытушы-профессорлар құрамы

Кафедраның толық штат саны -31, оның 2 ғылым докторы,14-і ғылым кандидаты, 1-профессор,15-і доцент, 6-еуі аға оқытушы.Кафедра құрамындағы профессор-оқытушылар өз ісінің шебері,«ЖОО орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттың иегерлері тәрбие мен білімді ұштастыра білген ұстаздар қызмет етеді.

6В01210- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, 6В01310 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі  қорытындысы бойынша үш жыл қатарынан  І орынды иеленіп келеді.Ұлттық аккредитация орталығы ұйымдастырған рейтинг бойынша «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бакалавриат мамандықтары Республикамызда І орынды иеленген.

Кафедраның тәрбие жұмысының орындалуы

Барлық академиялық топтарда оқу жылына арналған жаңа тәрбие жұмыстарының жоспарлары түзілген.

Барлық тәлімгерлер бекітілген жоспар бойынша жұмыстарын  атқаруда. Топтарға тағайындалған тәлімгерлер апта сайын тәлімгер сағаттарын өткізіп, хаттамаларын жазып отырады. Мерекелер қарсаңында қабырға газеттері шығарылып, кафедра және аудиторияны безендіруге әр топ ат салысады.

Сонымен қатар кафедра тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Нашақорлық – ғасыр індеті», «Табиғатты аялайық», «Жаны саудың – тәнісау», «Діні қуатты елдің іргесі берік», «Жастар және дін» атты тақырыптарда ашық тәрбие сағаттары өтіледі. Тәрбие сағаттарының мақсаты студенттердің бойына  салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, нашақорлықтың алдын алу, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Жалпы           кафедрадағы  жоспар          бойынша        бекітілген      іс-шаралар  уақытында өтіліп тұрады. Тәлімгерлер әр апталық тәлімгер сағатында студент жастардың адамгершілік,патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізіп отырады. Факультет тарапынан берілген тапсырмалар дер кезінде орындалады. Аталған тақырыптар  бойынша презентация жасалады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Түлкібас ауданының 90-жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараларға зиялы қауымдармен бірлесе отырып,М.Әуезов атындағы ОҚМУ университетінің ректоры Д.П.Қожамжарова және «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Қ.М.Оразбаев өз үлестерін қосты.

Кафедра оқытушыларының білімін жетілдіру жайлы мәлімет

Кафедра бойынша оқытушылар құрамының біліктілігін жетілдіру жоспары құрылғанКафедрада ОПҚ жоспарға сәйкес біліктілікті арттыру курстарын шетел және республикалық ЖОО, «Өрлеу» ҰБАО біліктілікті арттыру орталығында білімдерін жетілдіру жоспарланған.

Студенттердің педагогикалық  іс-тәжірибесі

Студенттердің теориялық білімдерін іс-жүзінде шыңдау үшін қаладағы озық, тәжірибелі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелермен келісімшартқа тұрып, сол мектептер мен бала-бақшаларда педагогикалық іс-тәжірибелер өткізіледі.

2018-2019 оқу жылында келісімшартқа тұрған іс-тәжірибе базалары: 6В01210- «Мектепкедейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» мамандығы №82 «Еркемай» бөбекжай балабақшасы, №20«Қазына», №45«Аққу», №69«Еркебұлан» балабақшалары, ал 6В01310 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицейіне,  №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицейі,  А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп -гимназиясы.

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы

2016-2017 оқу жылында «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті Н.Токкулиева Рига қаласы, Латвия университетінде «Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберуді қамтамасыз ету» жөніндегі бағдарламасымен оқуға жіберілді.Аталған мамандықтың студенті В.Пачаджи Деусто (Испания) университетінде оқыды.

Талапкерге!

Құрметті талапкер! Университеттің жетекші мамандықтарының бірі 6В01210 - «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» және 6В01310 – "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі"  6В01 – Педагогикалық ғылымдар білім беру саласында сізге сапалы білім беруге кепілдік береді және жарқын болашақты қамтамасыз етеді.

6В01210- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бакалавры

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері мектепке дейінгі мекемелердің түрлері мен типтері, балалардың даму орталықтары, білім басқармасының департаменттері болып табылады.

Кәсіби қызметінің саласы - білім беру жүйесіболыптабылады.

6В01310 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалавры

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері барлық үлгідегі және түрдегі жалпы білім беретін және бастауыш мектептер, балалардың даму орталықтары, Білім басқармасының департаменттері болып табылады.

Кәсіби қызметінің саласы - білім беру жүйесі болып табылады.

Ермекбаев  Мухтар  Абенович Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Дулати  көшесі, 198 (№9 ғимарат),215 кабинет  Жұмыс телефоны: +7 701 562 23 24 E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. КАФЕДРА ТАРИХЫ     М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих және педагогика» факультетінін «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының тарихы 1996 жылдан басталды.1997-2000 жылдар аралығында кафедраны филол.ғ.к., профессор Қ.Молдабек басқарды. 2001 жылы кафедра екіге бөлінді: «Бастауыш мектептің жаратылыстану пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Л.Т.Ысқақова) кафедрасы және «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі» (кафедра меңгерушісі филол.ғ.к.,профессор Қ.Молдабек). 2003-2005 жылдар аралығында «Филологиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасына п.ғ.д., профессор А.Б.Абибуллаева басшылық етті.         2007 жылы екі кафедра бірігіп, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.д., профессор Л.Т.Ысқақова атқарды. 2012-2017жылдар аралығында кафедраны 2013 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» б.ғ.к., доцент С.М.Сихимбаева басқарды. 2017-2020 жылдар кафедраны ф.ғ.к., доцент, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі Қ.М.Уразбаев басқарды. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту мен әдістемесі» кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ермекбаев Мұхтар Әбенұлы атқарып келеді.Профессор-оқытушылар құрамы Жетістіктер және жүлделер      Кафедра аға оқытушысы М.М.Тогатай Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында отандық білім және ғылым саласын дамытуға қосқан жеке зор үлесі імен педагогикалық қызметтегі елеулі шығармашылық табыстары үшін құрмет грамотасымен марапатталды.     6В 01310 - Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша факультет ішілік студенттік конференциядан  кафедра аға оқытушысы М.М. Тогатайдың жетекшілігімен ТП-23-10р тобы туденттері  Д.А.Азимова «Эффективность интерактивных методов обучения в образовательном процессе » тақырыбында 1-орын, Л.И. Наджафалиева «Условия методы и приемы развитие культуры речи» тақырыбында 3-ші орынды иеленді.        «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ТП24-20р(ИП) тобының студенттері тәлімгер У.Т. Уразбакова Халықаралық ғылымдағы әйелдер күніне арналған кураторлық сағат өткізді. Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні әйелдердің ғылымға қосқан үлесін мойындау және гендерлік теңдікті насихаттау мақсатында атап өтіледі. Бұл күні тәжірибе алмасуды жеңілдету және зерттеушілерді қолдау мақсатында конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Фестиваль ескірген стереотиптерді бұза отырып, жас қыздарды ғылыми мамандық таңдауға шабыттандырады. Әйелдердің күш-жігерінің арқасында медицина, физика, химия және басқа да салаларда жаңалықтар ашылады. Іс-шаралар шығармашылық даму мен кәсіби өсу үшін тең жағдай жасауға көмектеседі. Бұл күн көзқарастар әртүрлілігінің маңыздылығын еске салады және ғылыми қоғамдастықта халықаралық ынтымақтастықты ынталандырады.   Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам атты Қазақстан халқына арналған жолдауын ҚР жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген Қазақстан Республикасының үздік студенті атты байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен Айғабул Айнур Нұрланқызы, Сапарбекова Диана Маратқызы,  Мәнсүрова Аяжан Талғатқызы марапатталды.      Кафедра аға оқытушысы М.М.Тогатай Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында отандық білім және ғылым саласын дамытуға қосқан жеке зор үлесі імен педагогикалық қызметтегі елеулі шығармашылық табыстары үшін құрмет грамотасымен марапатталды.     6В 01310 - Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша факультет ішілік студенттік конференциядан  кафедра аға оқытушысы М.М. Тогатайдың жетекшілігімен ТП-23-10р тобы туденттері  Д.А.Азимова «Эффективность интерактивных методов обучения в образовательном процессе » тақырыбында 1-орын, Л.И. Наджафалиева «Условия методы и приемы развитие культуры речи» тақырыбында 3-ші орынды иеленді.        «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ТП24-20р(ИП) тобының студенттері тәлімгер У.Т. Уразбакова Халықаралық ғылымдағы әйелдер күніне арналған кураторлық сағат өткізді. Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күні әйелдердің ғылымға қосқан үлесін мойындау және гендерлік теңдікті насихаттау мақсатында атап өтіледі. Бұл күні тәжірибе алмасуды жеңілдету және зерттеушілерді қолдау мақсатында конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Фестиваль ескірген стереотиптерді бұза отырып, жас қыздарды ғылыми мамандық таңдауға шабыттандырады. Әйелдердің күш-жігерінің арқасында медицина, физика, химия және басқа да салаларда жаңалықтар ашылады. Іс-шаралар шығармашылық даму мен кәсіби өсу үшін тең жағдай жасауға көмектеседі. Бұл күн көзқарастар әртүрлілігінің маңыздылығын еске салады және ғылыми қоғамдастықта халықаралық ынтымақтастықты ынталандырады.   Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам атты Қазақстан халқына арналған жолдауын ҚР жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген Қазақстан Республикасының үздік студенті атты байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен Айғабул Айнур Нұрланқызы, Сапарбекова Диана Маратқызы,  Мәнсүрова Аяжан Талғатқызы марапатталды.Білім беру бағдарламалары: Бакалавриат бағыты бойынша:6В01310 - Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі.                 оқу мерзімі - 4 жыл 6В01210 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы           оқу мерзімі - 4 жыл 6В01301 - Бастауыш білім IP БББ                    оқу мерзімі - 4 жыл 6В01201 - Мектепке дейінгі білім беру IP БББ  оқу мерзімі - 4 жыл Магистратура  бағыты бойынша: 7М01310 - Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі.                     оқу мерзімі - 2 жыл 7М01210 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы                 оқу мерзімі - 2 жыл 7М01313 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі - БББ қос дипломыАкадемиялық ұтқырлық.   Кафедра  6В01310 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»,6В01210 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша  Өзбекстан  Республикасы, Низами  атындағы Ташкент  мемлекеттік  педагогикалық  университеті және Шыршық мемлекеттік  педагогикалық  университетімен   келісімшартпен байланыс орнатып, академиялық  ұтқырлық  бағдарламасын  жүзеге  асыру  және білім  беру  үдерісінде  тәжірибе  алмасу  мақсатында   жұмыстар  жасалынды.  Оқу өндірістік кешендер      Кафедра студенттері Шымкент қаласындағы №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп – гимназиясында, өндірістік практикадан өтеді. Аталған мектептер мен мен алдын-ала келісім шарт жасалынған. Практика базаларында білім алушылардың теориялық білімдерін  практика барысында жетілдіруге толық жағдай жасалынған.    №122 Ақ көгершін,№45 Аққу, №5 Нұрсәт бөбекжай-балабақшасына да 6В 01210 -Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттері практикадан өтті. Бала бақша балапандарымен бірге түрлі ойын сауық және іс-шаралар өткізді.   Республика күнінде «Шымкент сити» шағын ауданында тарихи оқиға – қаладағы ең биік биіктікке мемлекеттік тудың салтанатты көтерілуі болды. Іс-шараға тарих-педагогика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А. Акимбаев, TP24-20r(IP) тобының кураторы У.Т. Уразбакова және студенттер қатысты. Ту биіктігі 100 метрлік флагштокқа көтерілді. Өлшемі 30х15 метр болатын алып баннер бүгінде қала үстінде мақтанышпен желбіреп, патриотизмнің символына айналды. Жаңа ту тұғырының биіктігі Шымкенттің қарқынды дамып келе жатқанын және қаланың жаңа белестерге ұмтылғанын айғақтайды. Биікте желбіреген мемлекеттік ту баршаны бір тудың астына біріктіріп, ерекше ынтымақ пен мақтаныш сезімін тудырады.Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!      Наурыз табиғаттың оянуын,көктемнің келуін бейнелейді. Бұл күн – жаңа бастамаларға, үміт пен жаңаруға толы уақыт. Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын! Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Осы ауыл шаруашылығы жылы жоғары өнім қалыптастыруға қолайлы болсын! Ұлыс бақты, Төрт түлік ақты болғай! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.         Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!Тәуелсіздік күні!      Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ жерін мекендеген әрбір отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында табыс тілеймін! Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл отыз екі жыл толып отыр. Осындай мерейлі мерекеде еліміздің даму жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды құттықтағым келеді. Ел үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен еліміз гүлденіп, көркейе берсін! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!Кәсіби бағдар жұмысы:   2024-2025 оқу жылында  кафедраның профессор- оқытушылары п. ғ. к., доцент М. Ермекбаев, п. ғ. к., доцент С. Жетпісбаева, аға оқытушы М. Тоғатай Түлкібас ауданындағы мектептерде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Мектеп оқушыларына М. Әуезов университетінің зерттеу университеті болғанын, материалдық жағдайы өте жоғары деңгейде екенін, республикаға танымал ғалымдардың дәріс беретінін екжей- тегжей түсіндіріп берді. Кездесу жоғары деңгейде өтті.Таза аула – таза қоғамның айнасы!       Тарих және педагогика факультеті 9 қараша «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Тазалық деген ұғым бірінші орында тұру керек. Қай саланы алып қарасаң да, адам жанының тазалығы, тұрып жатқан ортаның тазалығы маңызды рөл атқарады. Таза нәрсе де адам жанын тартып тұрады, бұл адамзаттың тазалықты жақсы көретінін білдіреді. Дегенмен, бүгінде осы нәрсеге немқұрайды қарайтындар бар. Біз тазалық сақтауды міндет еткен мекеме ретінде, осы дүние­лерді әрдайым санада сақтап, ой елегінде таразылап жүреміз. Жалпы, тазалық мәселесінде көп нәрсе айтуға болады. 


Күнтізбе

Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.