Теориядан тәжірибеге: Инклюзивті білім берудегі заманауи логопедиялық технологиялар

2026 жылдың 16 қарашасында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Тарих және педагогика факультетінде 14 қараша – Халықаралық логопедтер күніне орай «Инклюзивті білім беру жағдайында логопедиялық қолдаудың заманауи әдістері мен инновациялық технологиялары» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
     «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Маржан Мәдіханқызы Молдаханованың ұйымдастыруымен және «Арнайы педагогиканы оқыту әдістері мен технологиялары» пәні аясында өткен іс-шараның басты мақсаты — сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды қолдаудың инновациялық әдістерін таныстыру және болашақ мамандардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
     ? Шеберлік сағатының арнайы қонақтары:
* Балнұр Мұратқызы Бектасова – жалпы білім беретін мектептің педагог-логопеді, арнайы педагогика магистрі. Ол инклюзивті мектеп жағдайындағы логопедтің кәсіби қызметі мен балаларды педагогикалық қолдау тәжірибесімен бөлісті.
* Аяулым Қайратқызы Абдолла – «Атамекен» оңалту орталығының логопеді. Түзете-дамыту жұмыстарының заманауи әдістерін таныстырып, арнайы құралдар мен практикалық жаттығуларды көрсетті.
     ✨ Студенттердің практикалық станциялары:
Шеберлік сағаты барысында болашақ мамандар 5 негізгі бағыт бойынша өз дағдылары мен инновациялық тәсілдерін паш етті:
* «Сөйлеу әлемі» – артикуляциялық жаттығулар және логопедиялық құралдармен жұмыс;
* «Қарым-қатынас көпірі» – PECS технологиясы арқылы функционалдық коммуникацияны қолдау;
* «Сезім әлемі» – сенсорлық интеграция элементтерін тәжірибеде қолдану;
* «Зияткерлік бәйге» – Kahoot! платформасы арқылы білімді бекіту;
* «Цифрлық логопедия» – Napkin AI нейрожелісі көмегімен логопедиялық ақпаратты визуализациялау.
     Сонымен қатар студенттер ғылыми зерттеу нәтижелерін қорғап, педагогикалық жағдаяттарды талдады. Кәсіби пікірталас пен тәжірибе алмасуға құрылған бұл кездесу болашақ арнайы педагогтер мен логопедтердің біліктілігін арттырудың маңызды алаңына айналды.
 «Білімді маман баланың кемшілігін іздемейді, оның мүмкіндігін дамытудың жолын іздейді! Әр баланың дамуына мүмкіндік беру – инклюзивті білім берудің басты құндылығы».
Image
Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.