Жастарға – жаңа мүмкіндік: бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

2026 жылғы 22 қыркүйекте Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында студенттер мен жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультеті, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының 4-курс студенттері, ТП 23-5к тобы қатысты.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – студенттерді еңбек нарығындағы қазіргі сұраныспен таныстыру, мамандығына сәйкес жұмыс орындары туралы ақпарат беру және олардың кәсіби бағдарын қалыптастыру.
Жәрмеңке барысында студенттер жұмыс берушілермен және түрлі ұйымдар мен мекемелердің өкілдерімен кездесіп, бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу талаптары, кәсіби даму және мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат алды. Сонымен қатар еңбек нарығындағы заманауи талаптармен танысып, жұмыс берушілердің жас мамандарға қоятын талаптары жөнінде мәліметтермен танысты.
Студенттер іс-шараға «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының оқытушылары Отарбаева Гүлжан Көбеевна және Мирзамсеитова Калия Ералықызының жетекшілігімен қатысты.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі студенттердің еңбек нарығы туралы түсінігін кеңейтіп, кәсіби мүмкіндіктерін айқындауына және болашақ мамандығы бойынша жұмысқа орналасу бағыттарын қарастыруына мүмкіндік берді.
Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.