Жаңалықтар
Студенттердің архивке танымдық сапары
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Тарих және педагогика факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының 3 және 1-курс студенттері аға оқытушы А. С. Тургумбаеваның жетекшілігімен 2026 жылғы 22 қыркүйекте Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві мен Түркістан облысының мемлекеттік архивіне танымдық сапармен барды.
Студенттер архив қызметкерлері ұйымдастырған көрмелерді зейінмен тамашалады. Қызметкерлер әр экспозициядағы құжаттармен таныстырып, архивтік ізденіс нәтижесінде анықталған тақырыптық құжат топтамаларына жеке тоқталды.
Түркістан облысының мемлекеттік архивінде студенттер мерзімді баспасөз сақталатын қоймаға кіріп, газет қорларымен тікелей танысса, қоғамдық-саяси тарих архивінде қойманың құрылымы, құжаттардың орналасу тәртібі мен мазмұны туралы түсінік алды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Студенттер үлкен қызығушылық танытып, архив қызметкерлеріне сұрақтар қойды, қоймадағы құжаттарды өз көздерімен көрді, сондай-ақ ардагер туыстарының құжаттарын архивке мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібімен танысты.







