Әділетті қоғамға - шыншыл сөз" атты кітабын талқылау дөңгелек үстелі өтті!

16 қыркүйекте «Тарих және педагогика» факультетінің «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасында оқытушы-профессор құрамы мен студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны “Жалпы тарих және музей ісі” кафедрасының меңгерушісі Отарбаева Гүлжан Көбейқызы кіріспе сөзбен ашып, кітаптың маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында PhD докторы, аға оқытушы Нарымбет Гүлнұр Бекмұратқызы, PhD докторы, аға оқытушы Пазилов Ержан, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мусаева Сүйкім Төлембайқызы және магистр-оқытушы Арайлым Ерланқызы сөз сөйлеп, кітапта көтерілген мемлекеттік құрылыс, әділеттілік, азаматтық қоғам, тарихи сана мен ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері жайында өз пікірлерін ортаға салды.

Оқытушы-профессор құрамы кітаптың педагогикалық және тәрбиелік мәні, оны білім беру үдерісінде пайдалану мүмкіндіктері жайында пікір алмасты. Студенттер өз тарапынан кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, автордың қоғамдағы шыншылдық пен әділеттілік туралы ой-тұжырымдарын жоғары бағалады.

Талқылау соңында қатысушылар кітаптың қазіргі қазақстандық қоғам үшін маңызды құжат әрі рухани-тәрбиелік құрал екендігін атап өтіп, келешекте мұндай дөңгелек үстелдерді жүйелі түрде өткізіп тұру қажеттігін атап көрсетті.
Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.