Жаңалықтар
«Археология және этнология» білім беру бағдарламасы студенттерінің өндірістік практика қорытындысы
2026 жылғы 8 қыркүйекте «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының 6В02230 – «Археология және этнология» білім беру бағдарламасының 3-курс 23-6к тобы студенттерінің өндірістік практика есебін талқылауға арналған қорытынды конференциясы.
Студенттер өндірістік практиканы «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде өткізді. Практика барысында олар тарихи-мәдени кешеннің құрылымы мен қызметімен танысып, Шымкент қаласының тарихына қатысты тарихи-мәдени нысандарды зерттеді. Сонымен қатар археологиялық және этнографиялық материалдармен, музей экспозициялары және көрме залдарымен танысып, экскурсия жүргізу ерекшеліктерін бақылап, қажетті ақпараттарды жинақтады. Практика барысында студенттер тарихи жәдігерлерді сақтау, зерттеу және насихаттау бағытындағы жұмыстармен танысып, білім беру бағдарламасы аясында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алды. 23-6к тобының жетекшісі Керимова П.Ж. студенттердің өндірістік практикадан өту барысына тоқталып, практика кезінде жинақтаған тәжірибелерін болашақ кәсіби қызметінде тиімді пайдалануына тілектестік білдірді.
Өндірістік практика қорытындысын бағалау комиссиясының мүшелері:
• тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Отбарбаева Г.К.;
• аға оқытушы Мирзамсеитова Ғ.Е.;
• магистр, оқытушы Ерланқызы Арайлым.