Жаңалықтар
«ЖИ ДӘУІРІНДЕГІ КІТАПХАНАЛАР – ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ» «КІТАП TIME – 2026» V ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2026 жылғы 11 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Қайырымды қала» залында «КІТАП time – 2026» V жалпы республикалық фестивалі аясында «ЖИ дәуіріндегі кітапханалар – өзгерістердің бастауы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Іс-шара барысында кітапхана саласындағы жасанды интеллект мүмкіндіктері, заманауи технологиялардың кітапхана қызметіне ықпалы және цифрлық дәуірдегі кітапханалардың жаңа бағыттары туралы мазмұнды пікірлер мен ақпараттар ұсынылды.
Тағылымды кездесуге М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 6В03210 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының 1, 3 және 4 курс студенттері, сондай-ақ топ жетекшісі Р. С. Лабенова қатысты.
Кездесу студенттердің кәсіби білімін жетілдіруге, кітапхана ісіндегі заманауи үрдістермен танысуына және жасанды интеллект дәуіріндегі кітапханалардың рөлін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.







