ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ

15 қазан күні қаламызда "Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің құрылғанына ширек ғасыр толуына орай "25 жылдық мұра: тарих пен тағылым" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Ғылыми іс-шара жиынына тарихшы ғалымдар, музейтанушылар, облыстардағы музей ісінің қызметкерлерімен қатар жоғары оқу орнының ұстаздары шақырылды. Пленарлық мәжілісте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті"Қазақстан тарихы" кафедрасынан профессоры, т.ғ.д. С. Әлібек мемлекет қайраткері Сұлтанбек Садықбеков туралы баяндама жасады, сондай-ақ конференцияға кафедра доценті, т.ғ.к.  Г. Тілеуқұлов және аға оқытушы А. Қабыл қатысты. Тағылымды басқосуда Отан тарихындағы күрделі кезеңінде өмір сүріп, қайраткерлік қызмет атқарған, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар туралы, музей жұмыстарының нәтижелері және бағыттары жөнінде құнды мәліметтер айтылды, зерттеу мәселелері талқыланды.
Image
Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.