ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСУ»

2026 жылғы 15 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультетінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында теолог маманмен кездесу өткізілді.Іс-шараға Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлімінің басшысы Қыпшақбаев Рауан Мұхитұлы қатысты. Кездесу университеттің 9-корпусындағы акт залында өтті. Кездесудің мақсаты – студенттердің діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ діни экстремизм мен радикалды ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс-шараға «Тарих және педагогика» факультеті деканының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Әкімбаев Ахметжан Әбдіқадырұлы, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының магистр оқытушысы Ерланқызы Арайлым және ТП-25-3к, ТП-26-5к, ТП-26-22к (IP), ТП-26-20к (IP), ТП-26-13к1, ТП-26-13к2, ТП-26-13р, ТП-24-5к2 топтарының студенттері қатысты. Кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, студенттерге діни ақпаратты дұрыс саралау, күмәнді діни ағымдардың ықпалынан сақтану және ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.
Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.