ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – ӘР АДАМНЫҢ АДАЛ ӘРЕКЕТІ МЕН ШЫНАЙЫ СӨЗІНЕН БАСТАЛАДЫ

«Кітапханадағы бір күн» жобасы аясында іс-шаралар легі жалғасуда. Асма Қалыбекова атындағы ғылыми оқу залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» кітабы негізінде «Оқушы және студент жастардың идеялық-саяси тәрбиесінің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
     Іс-шара «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Ақкенже Усенованың бастамасымен ұйымдастырылды.
     Жиында Президент еңбегінде көтерілген әділеттілік, адалдық, жауапкершілік және азаматтық ұстаным құндылықтарының жастар тәрбиесіндегі маңызы талқыланды. Оқытушылар мен студенттер жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру, адалдық қағидаттарын қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды.
     Семинар кітапта көтерілген идеялар мен студент жастардың көзқарасын тоғыстырып, әділетті қоғам мен адал азамат қалыптастыру мәселелерін талқылауға арналған мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.