Ғылым мен білімге қосқан үлес: Жалпы педагогика және психология кафедрасының ғалымдары марапатталды

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жалпы педагогика және психология кафедрасының ғалымдары мереке қарсаңында білім мен ғылым саласын дамытуға қосқан үлестері үшін жоғары марапаттарға ие болды.
     Кафедраның педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гульсим Жанабергеновна Лекерова Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің Алғысымен марапатталды. Ведомство басшысы бұл марапатты ғалымның отандық білім мен ғылымды дамытудағы абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін табыстап, кәсіби қызметіне табыс тіледі.
     Сондай-ақ, Ұстаздар күніне орай кафедраның педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гулдана Адемовна Нуридиноваға «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы атынан Алғыс хат табысталды. Партия филиалы төрағасының орынбасары Е. Байқонысов педагогтің білім берудегі адал еңбегін, кәсіби шеберлігі мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан айрықша үлесін жоғары бағалады.
     Кафедра ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды! Ғалымдарға зор денсаулық, отбасылық амандық және ғылыми-педагогикалық қызметте жаңа шыңдар мен толағай табыстар тілейді. Білім мен ғылым жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістігі қуанышқа бөлей берсін!
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.