Жаңалықтар
Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбиелік іс-шара өтті
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбиелік-танымдық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел мақсаты – жастарға аға буынның өмірлік тәжірибесі мен даналығын дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Кездесу барысында
М. Әуезов атындағы ОҚЗУ басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы қарттарды Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Сондай-ақ жастарға үлкендерді құрметтеп, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін бағалаудың маңыздылығын атап өтті. "Қазақстан тарихы" кафедрасының доценті, т.ғ.к. Алиев Уткур және доцент, т.ғ.к. Карибаев Сарсебай Өскенұлы студенттермен ашық пікір алмасып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, білім, мамандық, тәрбие және өмір жолына қатысты құнды кеңестер алды.
Шара соңында студенттер қарттарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, естелік фотоға түсті.