Жаңалықтар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
Қыркүйек айының 11–12 күндері Өзбекстан Республикасының Абдулла Қодирий атындағы Жиззақ мемлекеттік педагогикалық университетінде «Білім берудегі жасанды интеллект және цифрландыру: заманауи педагогикалық мәселелер мен шешімдер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференция жұмысына Өзбекстан, Қазақстан, Малайзия, Ресей, Әзербайжан және басқа да елдердің жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының ғалымдары, профессор-оқытушылары қатысты.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен Абдулла Қодирий атындағы Жиззақ мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды.
Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы да жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің 6В03130 – «Психология» және 6В03131 – «Әлеуметтік саладағы психолог-кеңесшілерді даярлау» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттері Жиззақ қаласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда. Конференция жұмысына М.Әуезов атындағы зерттеу университеті, Жалпы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Төлешова Ақерке Әбдіманапқызы қатысып, «Цифрлық білім беру ортасында студенттердің оқу мотивациясын қалыптастыру: жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Баяндама барысында білім беруді цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану, студенттердің оқу мотивациясын арттыру және заманауи педагогикалық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.
Конференция аясындағы пікір алмасулар мен ғылыми талқылаулар тәжірибе алмасуға, академиялық байланыстарды кеңейтуге, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.