Жаңалықтар
ҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және жастарды университеттік ортаға белсенді тарту мақсатында «Ұйымдар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Тарих және педагогика» факультеті “Жалпы тарих және музей ісі “ кафедрасының ТП-26-5к, ТП-26-22к, ТП-26-14к және ТП-26-6р топтарының студенттері топ тәлімгері, магистр, оқытушы Ерланқызы Арайлымның жетекшілігімен қатысты.
Жәрмеңке барысында студенттер университет жанындағы жастар ұйымдарының қызметімен танысып, білім беру, шығармашылық, пікірсайыс, медиа және басқа да бағыттар бойынша ұйымдардың жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында студенттер өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес ұйымдарды таңдап, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға бағыт-бағдар алды. «Ұйымдар жәрмеңкесі» – студенттердің бастамаларын қолдауға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және университеттің жастар саясаты аясында жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған маңызды іс-шара.