Кафедра меңгерушісі
Карбозова Гульнара Күмисбековна
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен - жай: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, 160012, Т. Тәжібаев көшесі, 2, №8 ғимарат, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Филология факультеті, «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасы.
Телефон: 8 (7252) 36-71-93
►Элективті пәндер каталогы 2019-2020 оқу жылы
►Элективті пәндер каталогы 2020-2021 оқу жылы
►Элективті пәндер каталогы 2021-2022 оқу жылы
Жалпы мәлімет, кафедра тарихы
1999 жылы ағылшын филологиясы кафедрасының орнына «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының негізі қаланды. 1999 жылы мен 2012 жылы аралығында Абылай хан атындағы оқу әдістеме орталығының мүшесі, ҚР оқу ісінің үздігі, аға оқытушы Г.А. Телғазиева кафедра меңгерушісі болды. Германия және Испания білім беру орталығымен Қазақстандағы АҚШ-тың бейбітшілік корпусымен Г. Телғазиеваның басшылығымен тығыз байланыста болды.
2012 жылдан бастап кафедраны салыстырмалы-тарихи тіл білімі саласының маманы – ф.ғ.к., доцент Г.К. Карбозова басқарады. 2010 жылы Кембридж университетінің RCEAL ғылыми орталығында (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми іс-тәжірибеден өткен.
Осы уақытқа дейін 10000-нан аса түлектер «Шет тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі», «Шетел филологиясы» мамандығының бакалавры дәрежесіне ие болып еліміздің барлық аймақтарында білім ордаларында, ірі өндіріс компанияларында еңбек етуде.
«Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы
Кафедра келесі мамандарды дайындайды:
6B01730 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» Білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі – 4 жыл
6B02320 – «Аударма ісі» Білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі – 4 жыл
6B02330 – «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі – 4 жыл
7М023300 – «Цифрлық лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» Білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі – 2 жыл
«Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының 2019-2020 оқу жылына арналған студенттер туралы мәлімет
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедраның мемелкеттік бюджеттік ғылыми – зерттеу жұмысының тақырыбы «Innovative potential of using active and interactive methods of teaching students’ creativity development in the context of quality management system of foreign language teachers training».
Білім беру мен ғылымды интеграциялау мақсатында 2018-2020 жылдарға ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру аясында AP05132482 «Үштілдік білім беру аясында шет тілін оқытуда студенттердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыру» жобасы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Кафедра оқытушыларының ғылыми еңбектерінің нәтижелері Отандық, алыс-жақын шетелдік ғылыми баспалармен қатар Скопус базасына енетін журналдарда жариялануда.
Кафедраның оқытушылары ҚР және жақын шетел (Өзбекстан, Қырғыз, Ресей және т.б.) мемлекеттеріндегі өткізілетін халықаралық конференцияларында белсенді қатысады. Қазақстан мен Ресейдің және Испания, Польша, Латвия, Қытай мемлекеттерінің іргелі оқу орындарымен ынтымақтастықта оқу-ғылыми жұмыстарды жүргізуде. Болашақ бағдарламасының стипендиясының иегері ретінде кафедра оқытушылары Ұлыбритания, Швейцария мемлекеттерінде біліктілігін жоғарылатып отырады және Өрлеу орталығында алған тәжірибелерін оқу үрдісінде ұтымды пайдаланады.
Кафедрада студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстары «Жас ғалым», «Academic writing», «Art of debating», «Wir sprechen Deutsch», «Han hue jia», «» сынды үйірмелерден бастау алып ғылыми жұмыстар мен олимпиада жеңістеріне ұласып жатады. Студенттердің ғылыми жұмыстары мемлекеттік бюджет тақырып пен шет тілін оқытудың заманауи технологиясы, тіл білімі, салыстырмалы-тарихи және салыстырмалы типология саласымен ұласып жатады.
Кафедраның тәрбие жұмыстары
Тәрбиелік іс- шаралар Азаматтық патриоттық және құқықтық, рухани адамгершілік, кәсіби және еңбек бағытында тәрбие және діни толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты бағытында жүргізіледі.
Кафедраның тәрбие жұмыстары
Тәрбиелік іс- шаралар Азаматтық патриоттық және құқықтық , рухани адамгершілік кәсіби және еңбек бағытында тәрбие және діни толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты бағытында жүргізіледі.
Кафедра студенттері түрлі іс-шаралар барысында
Іс-тәжірибе салалары
Студенттердің іс-тәжірибесі, оқу және диплом алды тәжірибесі Шымкент қаласындағы лицей-гимназияларда және аударма бюролары мен фирмаларда өтеді. Кафедраның көптеген бітірүшілері осы мекемелерде өз қызметтерін көрсетеді.
Кафедра студенттері іс-тәжірибе барысында
Халықаралық байланыстары
Кафедра Қазақстандағы АҚШ Елшілігі және Британдық Кеңеспен (Ұлыбритания) тығыз байланыста . Сондай-ақ кафедра оқытушылары Болашақ бағдарламасы бойынша шет елдерде Швейцария, Ұлыбританияның іргелі университеттерінде кәсіби біліктіліктерін арттыруда.
Кафедрада профессор-оқытушылар ұтқырлығы жүйелі түрде орындалуда. 2016-2017 оқу жылында Калифорния университетінің профессоры, PhD Нэйсон Карр Фулбрайт бағдарламасы аясында кәсіби пәндерден, Пиза университетінің (Италия) профессоры Мирко Тавозанис ағылшын әдебиеті курсынан дәріс оқыды. Эрасмус + К107 бағдарламасы бойынша кафедра меңгерушісі Карбозова Г.К. Кадис (Испания) университетінде 2016 жылы дәріс оқыды.
Қазіргі таңда Синцзян қаржы және экономика университетінің магистрі Луань Синьжун қытай тілінен, АҚШ елшілігінің “English Fellow” бағдарламасы аясында магистр Ави Тепфер ағылшын тілінен сабақ жүргізеді.
Кафедра оқытушылары проф. Нэйсон Карр және Бейсембаева А.Д. Назарбаев интеллектуалды мектебінде
Магистр Луань Синьжун өз студенттерін қытай көркем жазуына баулуда
Магистр Ави Тепфер студенттерімен практикалық сабақ барысында
1999 жылы Түркияның 21 азаматтары біздің университеттің шетел тілдері мұғалімі мамандығы бойынша дипломдарын алып шықты. Олардың көпшілігіне Қазақстан екінші Отан болып қалды және біздің жоғарғы оқу орнымызда алған білімдерінің арқасында кейбір азаматтар АҚШ-та магистратурада оқуларын жалғастыруда. Қазіргі уақытта да Қытай, Пакистан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан азаматтары біздің студенттеріміз болып табылады.
Сонымен қатар кафедра студенттері университетіміздің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Испания, Латвия, Польша, АҚШ және т.б елдердің алдыңғы қатарлы университеттерінде оқуларын шетелде жалғастырады.
Кафедра студенттерінің сыртқы академиялық ұтқырлығы
Оқыту жаңа технологияларын қолдану арқылы халықаралық стандарт және ағылшын, неміс/испан тілдеріне активтік және интерактивтік әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша жүргізіледі. Германия, Испания, Ұлыбритания профессорлары мен оқытушылары студенттердің тілдік компетенциясын арттыру мақсатында университеттің арнайы шақырумен кафедрада жұмыс істейді.
Соңғы бірнеше жыл аралығында біздің студенттеріміз Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындары арасында өтетін облыстық «Полиглот» конкурсына белсенді түрде қатысып, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінен білімділіктері үшін сыйлы орындарға ие болды.
Республикалық “Spelling Bee” сайысының жеңімпазы Тастанбек Серікболсын
"Spelling bee"
Талапкерге анықтама
6B01730 «Шетел тілі: екі шетел тілі» Білім беру бағдарламасының квалификациялық мінездемесі
Бітіруші білімді (педагогикалық), экспериментті-зерттеушілік, ұйымды-әкімшілік, қоғамдық-педагогикалық, оқу-тәрбиелік, оқу-технологиялық іс-әрекеттерге дайын болуға тиісті.
Халықаралық-стандарттық талаптарға сай білім бакалавры фундаментальды және мамандандырылған дайындықтың жоғарғы деңгейін игеруі және шеттілдік қарым-қатынасқа халықаралық деңгейде қабілетті және дайын болуы керек.
Білім беру бағдарламасының аймағы. Бакалавр өзінің мамандандырылған іс-әрекетін шеттілдік білім аймағында, шетел тілінің құралдарымен жеке тұлғаның дамуы қамтамасыз етілетін жерлерде іске асырады. Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің обьектілері. Бітіруші-бакалаврлардың мамандық іс-әрекетінің обьектілері болып үзіліссіз және жалғасқан шеттілдік оқу орындары саналады:
Аталған Білім беру бағдарламасының бакалаврының мамандық іс-әрекетінің пәндері болып табылады:
6В02320 «Аударма ісі» Білім беру бағдарламасының квалификациялық мінездемесі
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің аймағы. 6В02320 «Аударма ісі» Білім беру бағдарламасының бітіруші бакалавры келесі аймақтарда жұмыс істеуге дайындалады: мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынас; әкімшілік-басқару аймағы; халықаралық қатынас аймағы; өнім ісі; баспасөз ақпарат құралдары; ақпараттық-идеологиялық аймақ; ақпараттық - аналитикалық аймақ; білім және ғылым аймағы; қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік; және тағы да басқа аймақтарда.
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің обьектілері. Бітірушілердің Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің обьектілері болып мыналар саналады: мәдениет саласы, халықаралық ұйымдар, ақпараттық-идеологиялық қызметтер, түрлі ақпараттық - аналитикалық қызметтер, өкілеттілік және әкімшілік, министрлік, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мекемелері және ұйымдары, туризм бойынша агенства, өнім шығару, аударма ісі бойынша бюро.
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің пәндері алынған фундаментальды және мамандандырылған дайындықпен сәйкес келуімен байланысты келесілер болып табылады: жазбаша және ауызша аударма және ақпараттарды референттеу, әртүрлі жанрлы мәтіндер, соның ішінде, көркем мәтіндер, аудармаға кіріспенің теориялық сұрақтары, филология, іскерлік корреспонденцияның құрылуы, кеңес – білім жұмыстары, аударма облысындағы инновациялық технологиялар.
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің түрлері. 6В02320 «Аударма ісі» Білім беру бағдарламасының бакалавры мамандық іс-әрекетінің келесі түрлерін жүзеге асыра алады: аударма (әртүрлі жанрлы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, сөйлесулердің, халықаралық кездесулердің және конференциялардың ауызша аудармалары); ұйымдық, шығару-басқарушылық, шығармашылық (шетел тілінен ана тіліне және ана тілінен шетел тіліне әдеби шығармалардың көркем аудармасы), ақпараттық – аналитикалық, өнімдік, ғылыми-зерттеушілік, БАҚ-тағы іс-әрекет.
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің функциялары. 6В02320 «Аударма ісі» мамандығының бітірушісі функциональдық міндеттемелерді орындауға дайын болуы керек: тіларалық қарым-қатынаста көмек көрсету, жазбаша және ауызша аудармаларды жүзеге асыру, шеттілдік мәтіндерді құрастыру және референттеу және тағы басқалары.
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің бағыттары. Қазақстан Республикасының жоғарғы мамандандырылған білімді аударма ісі 2004 жылы Индустрия және Сауда Министрлігінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының Классификаторына сәйкес келеді.
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің мазмұны. Аудармашы-референт республиканың басқа мемлекеттермен ішкі саяси, ішкі экононмикалық, ғылыми-мәдениет байланыстарын іске асыратын мемлекеттік ұйымдарда, ғылыми-техникалық әдебиеттерді аударумен қамтамасыз ету мақсатымен әртүрлі экононмикалық аймақтарда мамандандырылған жазбаша аударманы жүзеге асыруға тиісті. Гид-референт халықаралық туризм жүйесінде ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асыруы қажет. Аудармашы-лингвист екі жақты ауызша жіне жазбаша аударманы, көркем және техникалық аударманы, агенствалардағы, ақпараттық-идеологиялық, ақпараттық - аналитикалық қызметтердегі әртүрлі жанрлы шеттілдік мәтіндерді, қысқарту мен жөндеуді, лингвистік-аудармашылық білім бойынша сұрақтарға кеңес беруді жүзеге асыруы керек. Аудармашы-синхронист халықаралық конференция кезіндегі ресми сөйлеулерді аударуды жүзеге асыруға міндетті. Көркем аударма бойынша аудармашы көркем аударма аймағындағы тәжірибелік іс-әрекетті жүзеге асыруға тиісті.
6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасының квалификациялық мінездемесі
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің аймағы. Бакалавр-филолог өзінің мамандандырылған іс-әрекетін келесі бағытта жүзеге асырады: филологиялық білім аймағында орта профильді, гуманитарлық бағыттағы орта білімнен кейінгі мамандандырылған оқу орындарында шетел тілі және әдебиетінің мұғалімі ретінде жұмыс атқара алады. Бакалавр-филолог сонымен бірге кіші дәрежедегі филолог-зерттеуші ретінде ғылыми орындарда да қызмет атқара алады.
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің обьектілері. Бітіруші-бакалаврлардың Білім беру бағдарламасының қ іс-әрекетінің обьектілері болып келесілер саналады:
6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасын бітірушілердің мамандық іс-әрекетінің пәндері:
Орта дәрежедегі оқу орындарында (оның ішінде арнайы оқу орындары да) шет тілін (практика және теория) және оқытылатын тіл елдерінің әдебиетін оқыту, ғылыми-зерттеу және жоғарғы оқу орындарына ғылыми тақырыптарды нұсқау, газет, журналдар редакцияларындағы, радио және телекөрсетілімдегі, басылымдағы және басқа да қызығушылық танытқан орындардағы әдеби жұмыскердің немесе аудармашының міндеттерін орындау.
Мамандық іс-әрекетінің түрлері. 6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасын бітірушілер мамандық іс-әрекетінің келесі түрлерін жүзеге асыра алады:
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің функциялары. 6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасының бакалаврлары филологиялық білім аймағында орта профильді, гуманитарлық бағыттағы орта білімнен кейінгі мамандандырылған оқу орындарында шетел тілі және әдебиетінің мұғалімі ретінде, сонымен бірге кіші дәрежедегі филолог-зерттеуші ретінде ғылыми орындарда қызмет атқаруға дайындалады.
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің типтік тапсырмалары. 6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасының бакалавры шет тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті лингвистік-дидактикалық мәселелерін шешуге, шет тілі және әдебиеті бойынша оқу процесін жоспарлауға, әдістемелік тапсырмаларды шығармашылық шешуге, инновациялық технологияларды оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістері ретінде қабылдауға, әдебиет және тіл білімі саласында филологиялық зерттеу жүргізуге дайын болуы қажет.
Білім беру бағдарламасының іс-әрекетінің бағыттары. 6В02330 «Шетел филологиясы» Білім беру бағдарламасының мамандандырылған іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары мыналар: ведомтвалық бағынушылықтарынан, ұйымдастырушылық-құқықтық және оқытудың формаларынан тәуелсіз гуманитарлық бағыттағы орташа профильді, мамандандырылған және орта білімнен кейін мамандандырылған оқу орындарындағы оқу-педагогикалық жұмыстар. Филология бакалавры сонымен қатар ғылыми орындарда филолог-зерттеуші ретінде қызмет атқара алады, мәдениет орындарындағы филология облысындағы білім мен қабілетті қолданумен байланысты практикалық іс-әрекеттерді іске асыра алады және БАҚ пен қоғамдық-гуманитарлық іс-әрекеттердің басқа да облыстарында жұмыс істей алады.
"Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі" кафедрасыЖаңалықтар
|
Кафедра меңгерушісі Суюбердиева Айман Әбдіразаққызы Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы |
Мекен-жайы: ҚР, Шымкент қаласы, 160000 Т. Тәжібаев көшесі 2 (№8 оқу ғимараты)
М. Әуезов атындағы ОҚУ, Филология факультеті
«Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасы
Телефон: -
E-mail: Кафедра бойынша жауапты модератор: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Жалпы мәліметтер:
«Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасы М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғылыми кеңесінің №3/359 13.08.2001ж. шешімі негізінде құрылған. Кафедра педагогикалық және гуманитарлық мамандықтағы күндізгі, сырттай және кешкі оқу түрі студенттеріне ағылшын және неміс тілдерінің практикалық курсын оқытуды қамтамасыз етеді.
2001-2012 ж.ж.п.ғ.к.,аға оқытушы Елчиева С.Н. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
2012-2013 ж.ж.ф.ғ.к., доцент Шойманова М.Б. кафедра меңгерушісі болып 1 жыл басқарды.
2013-2015ж.ж. aралығында кафедраны ф.ғ.к., доцент Шохахов Ибадулла Саргулақұлы басқарды.
2016-2017ж.ж. аралығында кафедра меңгерушісі қызметін магистр, аға оқытушы Емкулова З.А. басқарды.
2017 ж. бастап кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., аға оқытушы Суюбердиева А.А. басқарып келеді.
Шетел тілін үйренудің негізі мектеп қабырғасында қаланса, университетте болашақ мамандарға шетел тілінен кәсіптік бағдар беріледі. Осыдан келіп оқытылатын тілдік материалдарды іріктеу және оның негізгі білім беру кешенін ұйымдастыру болып табылады. Бағдарлама қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы жағдайға байланысты туындайтын шетел тілін білудің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, жалпы және коммуникативтік біліктілікті арттыруға қажетті тілдік формаларды білуге, іскерлік, танымдық тұрғыда қарауға негізделген. Кафедрада жыл сайын гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған ғылыми конференциялар өтеді. Кафедра оқытушылары университет студенттері үшін шетел оқу залдарымен бірлесіп «Discussion hour» және «Lingua» үйірмесін жүргізеді. Бұл шетел тілін меңгеруді мақсат еткен студенттерге көп пайдасын тигізуде.
Профессор-оқытушылар құрамы:
Кафедраның профессорлық оқытушы құрамы – 35
Ғылым кандидаты – 4,
PhD - 2,
Магистр – 17,
Аға оқытушы – 14,
Оқытушы – 12 жұмыс атқаруда.
Барлық кафедра профессор-оқытушылар құрамы сабақтарын екі тілде өткізеді, барлық оқытушылардың базалық білімі бар.
Кафедра ұжымы шетелдің жоғары оқу орындарымен үздіксіз тәжірибе алмасып, халықаралық «Болашақ», DAAD, UGRAD, ACCELS, MUSKIE, JFDP, FULLBRIGHT бағдарламаларына белсенді түрде қатысып келеді. Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің RCEAL орталығында ғылыми тағылымдамадан өтіп, «British Council» орталығымен ұйымдастырылатын семинарларға белсенді қатысады.
Сондай-ақ кафедра ұжымы халықаралық Macmillan оқу-әдістемелік орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Соңғы үш жылда біліктілікті жоғарылату курсынан өткен оқытушылар саны – 17.
Кафедра оқытушылары ҚРБҒМ жарияланған конкурсына "Тілдік емес топтарда шетел тілін оқытуда студенттердің танымдық біліктілігін арттырудың педагогикалық шарттары" тақырыбында ғылыми жобаны ұсынды. Кафедра ПОҚ жыл сайын республикалық, алыс-жақын шет елдерде өтетін түрлі халықаралық ғылыми конферецияларға белсенді қатысып тұрады.
![]() |
Кафедра меңгерушісі Тұрабаева Ләззат Қалықұлқызы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мекен-жайы: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, №5 ғимарат (Д). М.Әуезов атындағы ОҚУ, Филология факультеті, "Журналистика және қазақ тілі" кафедрасы, 411 кабинет. Телефон: (8 7252) 300254 Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
►Білім беру бағдарламасы 6B03220-"Журналистика" 2022-2023 оқу жылы
►Элективті пәндер катологы 6B03220-"Журналистика" 2022-2023 оқу жылы
Жалпы мәлімет
Кафедрада 14 оқытушы жұмыс істейді. Олардың ішінде: 5 филология ғылымдарының кандидаты, 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, 6 доцент, 3 аға оқытушы, 5 оқытушы. Ғылыми дәрежесінің көрсеткіші 42,85%-ды құрайды.
Сонымен қатар өндірістен қамтылған білікті журналист мамандар қызмет атқарады, атап айтар болсақ, Олжабаев Сабырбек Дәніқұлұлы «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының Бұқарамен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Беркінбаев Еділбай Түймебайұлы HAN-TV телеарнасының бас редакторы, Артықбаева Гүлсанат Қалмырзақызы ONTUSTIK TV / Оңтүстік телеарнасының журналисі. Өндірістен қамтылған ОПҚ үлесі -21,42%.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология, Журналистика факультеттерімен және облыстық Тілдерді дамыту басқармасымен, қалалық қазақ тілін оқыту орталығымен бірлесе жұмыс істейді.
Кафедра келесі мамандарды дайындайды:
6В03220- "Журналистика" Білім беру бағдарламасы
Оқу мерзімі – 4 жыл
Біліктілік және қызметтер тізімі
Осы ББ бойынша бітірген түлекке «6В03220 – Журналистика» бакалавры дәрежесі тағайындалады.
«6В03220 – Журналистика» мамандығы бойынша бакалаврлар (ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және жобалық ұйымдарда) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан журналист, редактор, радио және тележүргізуші, корреспондент, репортер, көпшілікпен байланыс бойынша маман, ақпараттық талдаушы, әралуан салалар мен меншік түрі коммуникациялары мен медиа саласындағы маман қызметтерін атқара алады.
«6В03220 – Журналистика» ББ кәсіби қызмет саласы БАҚ, интернет-ресурстар, ақпараттық қызметтер мен басқармалар, көпшілік қызметтері, коммуникация бөлімдері, шектес ақпараттық-коммуниактивтік салалар (PR қызметтер мен басқармалар, баспахана, жарнама агенттігі және т.б.) болып табылады.
«6В03220 – Журналистика» ББ мамандығы түлектерінің кәсіби қызмет нысандары көпшілік қатысым құралдары, отандық және шет елдік электронды және басылымдық БАҚ, ақпараттық агенттіктер мен жаңалықтар қызметі, баспаханалар мен полиграфиялық кешендер, қоғамдық ұйымдардың көпшілік қызметтері, қоғаммен байланыс бойынша құрылымдар мен бөлімшелер, жарнама агенттіктері, желілік ақпараттық құрылымдар болып табылады.
«6В03220 – Журналистика» ББ бакалаврының кәсіби қызмет пәні ақпараттар, ақпараттарды жинақтау, қайта өңдеу мен таратуға бағытталған кәсіби қызмет, адамзаттың өзекті мәселелерін қоғамға жеткізу, тану, қарастыру, әралуан қоғамдық жайттарға құзыретті түсінік бере білу және талдау, ақпараттарды басқару, ақпараттық серіктестікті реттестіру, жарнамалық материалдарды жасау болып табылады.
«6В03220 – Журналистика» мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедрада Мемлекеттік бюджеттік ғылыми – зерттеу жұмысының тақырыптары бойынша және Білім беру мен ғылымды интеграциялау мақсатында ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру аясында бірнеше зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Кафедра оқытушыларының ғылыми еңбектерінің нәтижелері Отандық, алыс-жақын шетелдік ғылыми басылымдармен қатар, Скопус базасына енетін журналдарда жариялануда.
Кафедра оқытушылары ҚР және жақын шетел мемлекеттерінде өткізілетін халықаралық конференцияларға, республикалық, облыстық байқаулар мен семинарларға белсенді қатысып, халықаралық, университеттің, облыстық, аймақтық ғылыми конференцияларда баяндамалар оқиды. Кафедра оқытушылары Өрлеу орталығында, т.б. біліктілігін жоғарылату орталықтарынан алған тәжірибелерін оқу үрдісінде ұтымды пайдаланады.
Кафедра оқытушылары студенттердің, мектептердегі жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасайды. Кафедрада студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстары «Жас таланттар» үйірмесінен бастау алып, ғылыми жұмыстар мен олимпиада жеңістеріне ұласып жатады. Студенттердің ғылыми жұмыстары мемлекеттік бюджет тақырыптары мен журналистика, қазақ тілін оқытудың заманауи технологиясы, тіл білімі, салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі саласындағы зерттеулерді қамтиды.
Кафедраның тәрбие жұмыстары
Тәрбиелік іс- шаралар Азаматтық, патриоттық және құқықтық, рухани адамгершілік, кәсіби және еңбек бағытында, тәрбие және діни толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану бағытында жүргізіледі. Кафедраның ПОҚ-ы университет, облыс көлемінде ірі ғылыми, әдістемелік, тәжірибелік және тәрбиелік іс-шараларды жиі ұйымдастырып отырады. Кафедра байқауларға, қалалық және облыстық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысып келеді.
Іс-тәжірибе салалары
6В03220- журналистика білім беру бағдарламасы бойынша ғылым, білім беру және жоғары білікті мамандар даярлау саласында өзара тиімді іскерлік ынтымақтастықты құру негізінде меморандум жасалды. Мекемелермен бірлесе отырып кәсіби білім мен шығармашылықты ұштастыра отырып, білім алушылардың өндірістік практикадан өтуі қарастырылған. Кәсіби практика бойынша келесі өндіріс орындары: «Егемен Қазақстан» республикалық газеті, «Айқын-Литер» республикалық газеті, «Хабар» агенттігі, «Түркістан» медиа холдингі, «Оңтүстік Қазақстан» газеті, «Южный Казахстан» газеті, РТРК «Онтүстік» телеарнасы, Отырар телеарнасы, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттері және «HAN-TV», «Айғақ» телеарналарымен келісімшарт жасалған.
Журналистика білім беру бағдарламасы студенттері академиялық ұтқырлық негізінде келісімге сәйкес ҚР ЖОО-ға бір семестр көлемінде білімін жалғастыра алады. Бұл тек білім беру мақсатында, білім алушылардың кәсіби білім деңгейін көтеру, іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.
Студенттеріміздің басқа оқу орындарында білімдерін көрсете отырып, университетіміздің беделін арттыра алады. Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге қолдау көрсету. Академиялық алмасу бағдарламасы аясында 6В03220-Журналистика білім беру бағдарламасының ІІІ курс студенттері Леспаева А., Жолдабек Қ. 2022-2023 оқу жылының 6 семестрін С.Демирел атындағы университетінде білімін жалғастырмақ.
«Журналистика және қазақ тілі» кафедрасының оқытушылары мектеп бітіруші түлектермен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жыл бойы жүргізіп отырады. Мамандық таңдауда бітіруші түлектерге дұрыс бағыт беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, біліктілікті көтеру, мамандарды даярлау, ғылыми еңбектерді жарыққа шығару үшін ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология, Журналистика факультеттерімен және облыстық Тілдерді дамыту басқармасымен, қалалық қазақ тілін оқыту Орталығымен бірлесе жұмыс істейді.
Халықаралық байланыстары
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Филология факультетінің «Журналистика және қазақ тілі» кафедрасы шет мемлекеттердегі жоғары оқу орындарымен, ондағы ғалымдармен тығыз байланыс жүргізеді. Өзбекстан мемлекетінің Ташкент халықаралық заң университетінің ғалымдарының, Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы Кастамону университетінің PhD профессоры Хажи Ахмет Шимшектің біздің университетіміздің студенттеріне онлайн лекция жүргізуі жоспарлануда.
Талапкерге анықтама
«6В03220 – Журналистика» ББ мақсаты университеттің миссиясына сәйкес және білімі үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін, кәсіпкерлік дағдыларды игерген, үш тілді еркін меңгерген, тұжырымдамалық, аналитикалық және логикалық ойлауға қабілетті, кәсіби қызметке шығармашылықпен қарайтын, ұлттық және интернационалдық ұжымда жұмыс істеуге қабілетті, өмір бойы оқу стратегиясын қолдайтын еліміздің зияткерлік элитасын дайындауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасы ҚР Ұлттық біліктілік шеңберінің 6 деңгейімен, Дублин дескрипторларымен, Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің біліктілік шеңберінің 1 циклімен, (A Framework for Qualification of the European Higher Education Area), сонымен қатар өмір бойы білім алу үшін Еуропалық біліктілік шеңберінің 6 деңгейімен (The European Qualification Framework for Lifelong Learning) үйлесімділікте.
«6В03220 – Журналистика» ББ бірегейлігі заманауи ньюсрум жағдайларында жұмыс жасауға даяр, интернетте жұмыс істеу және ақпаратты шұғыл түрде бере білу дағдыларын игерген мультимедиалық журналист маманды даярлауда анықталады. Медиаиндустрия үшін маман даярлауда тәжірибелік құрамдас бөлікке, пәнаралық білім беруге, рахио хабар, теледидар, жарнама және қоғаммен байланыс сияқты әралуан салаларды үйлестіруге назар аударылады. Медиаиндустрияның қарқынды дамуының әлемдік беталыстарын ескере отырып, ОҚУ мамандарды редакторлық және журналистік бағытта даярлауға ғана көңіл аударып қоймайды, түлек құзыретіне ақпараттарды жинақтау әдістерін игеру, оны тексеру және талдау, әралуан жанрларда масс-медиа үшін материал даярлау қабілеттілігі (авторлық қызмет); медиамәтіндерді талдау, бағалау және түзету, оларды әртүрлі типтегі БАҚ-та қабылданған нормалармен, стандарттармен сәйкестікке келтіру шеберлігі; БАҚ тұжырымдамаларын әзірлеу, талдау және түзету (жобалық-талдамалық қызмет) қабілеттілігі де кіреді. Университет студенттердің шығармашылық қызметінің сапасын қамтамасыз етеді, оқыту, ғылыми зерттеу жүргізу, шығармашылық пен қызмет көрсету арқылы білім береді. Осылайша, білім бағдарламасын іске асыру университет миссиясымен сәйкестікте жүзеге асырылады және инновациялық технологияларды қолданумен тығыз сәйкестіктегі «6В03220 – Журналистика» ББ ерекшелігін толығымен анықтайды.
ББ Болон процесінің принциптерін, студенттерді орталықтандыра оқыту, қол жетімділікті қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы оқыту нәтижелеріне жетуді мақсат тұтады.
ББ бойынша оқыту нәтижелеріне келесідей оқу іс-шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізіледі:
- аудиториялық сабақтар: дәрістер, семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар – инновациялық оқыту технологияларын, ғылым, технологиялар мен ақпараттық жүйелердің жаңа жетістіктерін қолдану арқылы жүргізіледі;
- сабақтан тыс сабақтар: білім алушының өзіндік жұмысы, оның ішінде оқытушының басшылығымен, жеке кеңес беру сабақтары;
- кәсіптік практиканы жүргізу, выполнение курстық және диплом жұмыстарын (жобаларын) орындау.
«6В03220 – Журналистика» мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31.10.2018ж. №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары білімнен кейінгі ББ іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген.
9 бет. Барлығы: 68
Это демонстрационная версия модуля
Скачать полную версию модуля можно на сайте Joomla School